8–сынып. Қазақ-жоңғар соғыстары


Жоңғар шапқыншылығы. Басқарған-Галдан-Церен



бет3/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,92 Mb.
#13150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Жоңғар шапқыншылығы. Басқарған-Галдан-Церен.

2. Абылайдың хандығы (1711-81 жж). Абылай шығыстың жеті тілін білді. 20 кұй шығарды. 1771 ж Абылай Түркістанда қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Жетісуда Әділ мен Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым, Ертіс өңірінде Сұлтанбет, Шығыс Қазақстанда Әбілпейіз. Абылай егін шаруашылығын дамытуын қолдады. Абылайдың мирасқоры Уәли болды.

Жеке мемлекеттермен қатынастар.

Тарихи мәліметтер.

Қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қатынастары.

Абылай 15 жасынан жоңғарларға қарсы күреске ат салысты. 1741-43 жж Абылай жоңғар тұтқынында болды. 1745 ж Қалдан – Церен өлімінен кейін жоңғар тағына Лама Доржы отырды. Сол таққа дәмелілердің бірі - Әмірсана Абылайдан пана табу үшін Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 ж жоңғарлардың Орта жүзге басып кіруіне себепші болды. 1755 ж көктемде Әмірсана жаңа қонтайшы Дабашыны жеңу және өз елінде билеуші болу мақсатында Цин әскерін бастап, Жоңғарияға басып кірді. Жоңғар-Қытай соғысы басталды. 1755 ж жазына қарай Жоңғария жаулап алынды. 1755 ж шілдеде жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды. 1755 ж шекара мәселелерін реттеу үшін Қытай Абылайға арнайы елшілік жіберді. Алайда Абылай Қытайдың Жоңғарияны басып алғанын мойындағысы келмеді. Керісінше ол Әмірсананы қолдауын тоқтатпады. Әмірсананың қалмақтардың ханы болу тілегі Қытайдың қарсылығын туғызды. Әмірсана екінші рет Абылайдың иелігіне қашты. Жауап ретінде Фу Дэ және Чжао Хой басқарған Цин әскері 1756 ж наурызда Қазақстан шекарасына дейін жетті. 1757 ж маусымда қытай әскері Қазақстан шекарасына басып кірді. Әмірсана отбасымен Тобольскіге аттандырылды. Абылайға көмекке Кіші жүз сұлтаны Ералы келді. Тарбағатай тауының солтүстік сілемдерінде 1757 ж жазында қазақтар мен қытай әскері арасында соңғы ірі шайқас болды. Екі ел арасында келіссөздер басталды. 1757-60 жж қазақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың билігін мойындады. Нәтижесінде 1767 ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле бойындағы жайылымдарды қазақтардың пайдалануына берді. Сөйтіп, XVIII ғ 20-30 жж жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтардағы жайылым жерлер дипломатиялық жолмен қайтарылды. Ал Жоңғария 1758 ж толық талқандалып, дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды. 1 млн қалмақ қырғынға ұшырады. 1761 ж Жоңғария жерінде Қытайдың жаңа империялық әкімшілік бірлестігі – Шыңжан (жаңа шекара) құрылды. 1771 ж Абылай қалмақтарға қарсы «Шанды жорыққа» қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет