1.Кенесары қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің отаршылдыққа қарсы бастапқы сипаты өзгере бастады. 2.Тоқмаққа жақын Майтөбе (Кеклік Сеңгір)деген жерде Кенесарының қырғыздармен соңғы шайқасы. Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсаңында жауынгерлерімен Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Кенесары өлді.
Қозғалыстың тарихи маңызы: үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған XIX ғ ең ірі көтеріліс. Ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қазақ даласының Митридаты»деп атады. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді » деп жазды. Кенесарының қазасы туралы Нысанбай Жаманқұловақынның «Наурызбай-Қаншайым» дастанында баяндалады.
VІI. ХІХ ғ 50 жж қазақ шаруаларының азаттық күресі. А. Жанқожаның Хиуа мен Қоқанға (1830-50 жж) және Ресейге (1856-57 жж) қарсы күресі. Бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Хиуаға қарсы көтерілістің себебі:Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтерілісшілердің ошағы: Жаңақала ауданы.