9-10 практикалық сабақтар тақырыбы


ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ əдебиетіндегі Ахмет Байтұрсынов дəстүрі



бет4/14
Дата17.10.2023
өлшемі71,16 Kb.
#116916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
19 ғасыр 204 (копия) (копия)

ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ əдебиетіндегі Ахмет Байтұрсынов дəстүрі.

Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамы үшін атқарған қызметі қазақ халқына рухани жаңа идея берді. Сондықтан да ол зиялылық, тұлғалық, көшбасшылық қасиеттері мол пассионарлық тұлға.


Пассионарлық тұлғалар ғана ұлттық элита бола алады. Ұлттық элита дегеніміз зерек ақыл- ойымен, ұтымды іс-әрекетімен, интеллектуалдық көшбасшылығымен халқының алға қарай дамуына көп еңбек сіңірген, оның өркениетіне белгілі үлес қосқан, ұлтқа үлгілі қабілетті тұлғалар, ұлтының өсуіне елеулі үлес қосқан адам. Шәкәрім қажы айтқандай «ең жақсы адам». Ахмет Байтұрсынұлы осындай қазақтың ұлттық элитасының бірегейі болғандығын дәлелдейтін дерек оның ағартушылық қызметі. Сонымен қатар ХХ ғасырдың басында бүкіл Азия елдерінде метрополия мен езілген халықтардың арасындағы қарама–қайшылықтардың ерекше шиеленісуі ұлт–азаттық қозғалысын күшейтті. Азаттық күресуге ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Тарихта бұл уақыт «Азияның оянуы» деп аталды. Кеңестік дәуірде Алаш зиялылары туралы зерттеуге тыйым салынды. Жаңа заман Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Алаш зиялылары, соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының да елінің болашақ тағдыры мен ұлттық мүддесі жолында күрескен тұлға ретінде зерттеліп, бірнеше еңбектер жарыққа шықты. Атап айтсақ, Р. Нұрғалиев «Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол»; «Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары» (бес томдық) 1989 ж.; Қ. Көшербаев, Е. Арын, Е. Дүйсенбай «Адамдық диқаншысы»; К. Нүрпейісов «Алаштың күрескер ұлы»; С. Қирабаев «Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері»; Н. Бейсенбекова «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі — ұлттық мүдде және Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық идеология» және т.б. көптеген арнаулы зерттеулер, мақалалар жазылды.
XVIII—ХІХ ғасырдағы қазақ халқы отаршылдыққа қарсы қолына қару алып күресті. ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясының — отарлау жүйесі күшейді. Сонымен қатар метрополияда ұлттық-либералдық, демократиялық қозғалыс өрістеді. Отаршылдық саясат Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын тежеді. Осындай жағдайда қазақ даласындағы азаттық қозғалыс жаңа сипатқа ие болды. Бұл кезеңдегі азаттық үшін күрес — оқу– білім, рухани ояну арқылы ұлттың өз құқығын қорғауымен сипатталып, азаттық пен демократиялық– ағартушылық идеялар негізгі ұстанымға айналды. Азаттық қозғалыстың жаңа кезеңінде ұлтының болашағын ойлаған қазақ зиялылары тарих сахнасына шықты. Олар күрестің бейбіт жолын таңдап, отаршылдықтан құтылу үшін күресті. Қазақ зиялылары оқу–білімді, ағартушылықты бостандыққа жеткізетін жол деп таныды. Солардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылықты ұлт–азаттық қозғалыстың қайнар көзі деп санады. Қазақ ұлт–азаттық қозғалысының бірден–бір көсемі Әлихан Бөкейхан болды. Ол қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысты еуропалық демократиялық, конституциялық, парламенттік күрес жолына бағыттады. Ал, Ахмет Байтұрсынұлы ұлт-азаттық қозғалысына гуманистік, ұлттық сипат беріп, жаңа демократиялық күрес жолын негіздеді. Себебі оны қазақ қоғамындағы надандық, қараңғылық, кертартпалық, ұлттың рухани ұйқыдан оянбауы, құлдық санадан шыға алмауы, таланған жері толғандырды. Сондықтан ол өзінің іс-әрекетін қазақ азаттық қозғалысының осындай кемшіліктермен күресуге бағыттады. А. Байтұрсынұлы белсенді қатысқан ХХ ғасырдың басындағы оқиғалар хроникасын қарастыруға болады. Оқиғаларды түсіну және оларды бағалау үшін ретроспективті әдіс қолданылды, ол ХХ ғасырдың басындағы оқиғалар мен құбылыстарды қазіргі заманғы түсіну мен қабылдау тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Өткен ғасырдың басындағы қазақ қоғамының рухани көшбасшысы ретінде А. Байтұрсынұлының тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік берген өмірбаяндық әдісті орталық деп атауға болады. Оның еңбектері мен сөйлеген сөздері негізінде мақалада пайдаланылған дереккөздерді құрайды, олармен жұмыс жасау кезінде талдау, синтездеу, түсіндіру әдістері қолданылды. Түсіндіру әдісі автордың құжаттарды жасау кезінде болған жағдайды, құжаттың жоспарын және жоспарды жүзеге асыру әдісін жақсы түсінуге мүмкіндік жасайды. Талдау әдісі әрбір нақты дереккөздегі ақпараттың нақты тарихи шындыққа сәйкестігін анықтауға мүмкіндік берді. Синтез әдісін қолдану Ахмет Байтұрсынұлы белсенді қатысқан ХХ ғасырдың басындағы оқиғаларды қайта жаңарту және оның осы оқиғалардағы рөлі мен орнын анықтауға көмектесті. Ахмет Байтұрсынұлының тұлға, көшбасшы, рухани көсем ретіндегі өмір жолы туралы алғашқы зерттеулер 1923 жылы оның 50 жасқа толуына байланысты жазылды. Сондай еңбектің бірі Мұхтар Әуезовтің «Ақаңның елу жылдық тойы» атты мақаласы «Ақ жол» журналында жарияланды. Осы мақаласында А.Байтұрсынұлын оқыған азамат, алғашқы шыққан көсем, «Қазақ» газетінің негізін салушы, мектеп ашып қазақ балаларын оқытқан ұстаз, қазақ жастарының тәрбиешісі болып атқарған қызметі, игі істері өзіне орнатылған мәңгілік ескерткіш деп баға бере келе былай дейді: «... Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран — «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қанжылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақта тарих ұмытпайтын істер болатын...», – деген пікірі Ахмет Байтұрсынұлының тарихтағы рөлін жоғары бағалаған алғашқы еңбек болып табылады Совноркомның төрағасы болып тұрған кезде Сәкен Сейфуллин 1923 жылы 28 қаңтарда Орынбордың Свердлов атындағы театр үйінде Ахмет Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойына арналған жиналыста «... Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады... Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқыбасқан қалың қазақтың ұлт-намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған заманында жалғыз-ақ Ахмет еді», – деп [4; 29], оның ағартушы, ұстаздық, әдебиетші қызметіне үлкен баға беріп, «А. Байтұрсынұлындай ұлт жанашырларын көзі тірісінде бағалай білуіміз керек» деген қорытынды жасайды. Осы мақаласын 1923 жылы 30 қаңтар күні «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған. Сондықтан Сәкен Сейфуллинді ахметтанудың негізін салушылардың бірі деп санаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлының тарихи тұлғасы туралы академик, тарихшы Манаш Қозыбаев былай деген: «Қазақ халқы «олжалы жерде үлестен», «ордалы жерде орыннан», «жоралы жерде жолынан» қалмауын ойлаған, «ұлттық құтқару майданының» сардары, ХХ ғасырдағы ұлттық ренессансының бастауы Ахмет Байтұрсынов планетарлық ойшылдар қатарынан орын алары даусыз»



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет