Тәуелсіздікті ұрпаққа насихаттау ісі өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деп ойлайсыз ба?



жүктеу 12.36 Mb.
Pdf просмотр
бет1/24
Дата24.03.2017
өлшемі12.36 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет 

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

ОЙ-КӨКПАР



Тәуелсіздікті ұрпаққа насихаттау ісі өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деп ойлайсыз ба?

№219 (1130) 

14 желтоқсан, сенбі

2013 жыл


Мансұр ХАМИТ (фото)

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, 

саяси ғылымдар докторы, 

профессор:

ЖОҚ

-бетте

3

Тәуелсіздік – Құдайдың халыққа берген бақыты, баға жетпес 



сыйы десек артық айтпаймыз. Тәуелсіздік аспаннан түспейді, 

жанқиярлық ерліктермен, табанды күрестермен, үлкен 

құрбандықтармен келеді. Азаттықтың буыны өсіп-өнді, 

есейді, үлкен өмірге қанат қақты, дегенмен күнделікті 

өмірде Тәуелсіздікті жете бағаламай, көңілге кірбің 

түсірер жайттарға куә болатынымыз жасырын емес. 

Толағай асуларға жеткізген Тәуелсіздіктің 22 жылдық 

белесінде «осы Тәуелсіздіктің қадіріне жете алып 

жүрміз бе», «Егемендікті ұрпаққа насихаттау ісі өз 

деңгейіне жүргізіліп жатыр ма?» деген өзекті 

сауал көмейімізге тығылады. Санадағы 

осындай дуалистік сұрақ төңірегінде әртүрлі 

пікір бар, әркімнің өз уәжі жоқ емес. Ендеше 

сарапшыларды сөйлетсек... 

ДАТ!

Тәуелсіздікті 

мәңгілік қылатын – 

тек қазақ халқының 

өз бірлігі ғана

бетте

6

ПАЙЫМДАМА



Бәлкім, бүгінгі заман талабы, бүгінгі жас 

тың 


сұранысы болған соң шоулатып жатқан шығармыз. 

Тіпті өз әншілеріміз де концерттік мереке думанын 

қыздыруға жетпейді дей ме, қандай да бір мерекелік 

кештеріміз шетелдік әншісіз өтпейді. Бы лайғы кездері 

келіп, қазақстандық әнші лерді он орап алатын бағаға 

билет сатып, жеке концерт қойып кететіндері өз 

алдына. Ал мерекелік шоуларға шақырылатын «жұл-

дыздардың» «орып кететін» ақшасын анау-мынау 

қазақ ауызбен айтуға қорқа мыз тіпті. Өң түгіл, түсімізде 

көрмеген сома. Орта есеппен алғанда, ресейліктер 

мен шетелдік әншілерге 30 мыңнан бастап 5 млн АҚШ 

долларына дейін төленеді екен. Онымен қоймай, 

құдды солар бір тегін келгендей алдына түсіп 

жорғалап, жал пақшешейленіп, қайта-қайта «спаси-

бо лап» «өлеміз». Ал қазақтың қай әншісіне өз елімізде 

осынша құрмет көрсетіп отыр мыз? 

Осы тұста «біз өзімізді-өзіміз неге өгей сі теміз, неге 

басқалар қазақ әншісіне дәл біз шетелдіктерге 

қарағандай қарамай ды?» деген сұраққа жауап іздеп 

көрдім. Рас қой, құр мақтағаны болмаса, қай мем лекет 

қай қазақты осындай сомаға шақы рыпты? Шымбайға 

батса да шындық! 

Содан ойлана келе қарасақ, қазақ 

стан 


дық 

өнерпаздар арасында әлемді мо йындатқандары тым 

аз екен. Олар және елде емес, сол шетелге біржола 

қызмет етіп кеткен. Біз секілді бір рет шақырып алып, 

бәлен ақшаны қалтаға салып жібе ретін шетел ақымақ 

емес өйткені. Олай болса, неге бізге сол шетелдік 

«қымбат» ән шілердің деңгейіне ұмтылмасқа? Бәл кім, 

біздің мемлекет төрт-бес әншіге өзі продюсер болып, 

соларды әлемдік аренаға көтеруі керек шығар? Қалай 

ойлайсыздар? Онымыздан бірдеңе шыға ма? Және де 

ол төрт-бесеуге кім лайық? Имидж үшін де пай далы 

бұл істі қайтсек жүргізе аламыз? Қа зақ менсінбей 

жүрген дәстүрлі әншілер мен ұлт-аспаптар ансамблін 

қалай шетелге шығара аламыз? Осы тақылеттес сауал-

дар ды әлеуметтің талқысына салып кеп жіберіп едік:

Тәуелсіздікті тойлаудың 

ұлттық үлгісін 

табуымыз керек

Алдымызда Тәуелсіздік мейрамы 

келе жатыр. Жалпы, қандай да бір 

мереке келе жатқаннан көңіл құрғыр 

төменшіктей бастайды. Неге? Себебі 

сондай кештерде сахна нағыз қазақ 

әншілерінікі емес, орысбайлау, 

«гламурный» әншілердің еркіне 

тиетінінен. Бірінші рет емес, 

Тәуелсіздігімізге 22 жыл болды, содан 

бері болып келе жатқан ахуал – қазақы 

қара домбыра концерттің 

шымылдығын ашып береді, бітті! Ары 

қарай жарқ-жұрқ, желп-желп, селтең-

селтең шоу басталады да кетеді. 

Жалпы, біз қазір Тәуелсіздікті қалай 

тойлап жүрміз? 

Жабайхан ӘБДІЛДИН:

– Тәуелсіздік деген ең үлкен бақы-

ты 

мызды, байлығымызды, бүгінгі 



азат болмысымызды ұрпаққа наси-

хат тау ісі өз деңгейінде, бүкіл респуб-

ли калық ауқымда жүргізіліп жатыр 

деп нық сеніммен айта аламын. Тә-

уел сіздікті насихаттау жағы кемшін 

де 


ген пессимистік көзқарастарды 

қол да маймын. Себебі, алысқа бар-

май-ақ отандық бұқаралық ақпарат 

құрал дарын алып қарасаңыз, Тәуел-

сіз дікті, жасқанудан ада азат сананы 

сіңіру дегі үлесі орасан зор. «Балапан» 

тел еарнасы уыздай бүлдіршіндерге 

асқақ рухты, отаншылдық қасиеттерге 

толы телеөнімдерді насихаттаса, 

«Мә дениет» телеарнасының ұлтқа қа-

жет ті төл дүниелері тәуелсіздіктің ке-

ре гесін нығайтып келеді. 

– Бүгінде тәуелсіздікті ұрпаққа 

насихаттау ісі жеткіліксіз. Қарапайым 

ғана мысал келтірейін. Желтоқсан 

айында қала көшелерінде халықты 

тәуелсіздік мерекесімен құттықтау 

емес, жаңа жылмен құттықтау қаптап 

тұрады. Ал Тәуелсіздік күні Жаңа жыл 

мерекесінен әлдеқайда ерте екені 

белгілі. Бұл бізге мәртебесі зор мем-

лекеттік мейрамды насихаттаудың әлі 

де жеткіліксіз болып отырғанын көр-

сетеді. Айта берсе, ондай әттеген-

айлар жетіп артылады. 

Тәуелсіздікті қазіргі ұрпаққа құр ғақ 

насихатпен түсіндіру қиын. Азат тық-

тың бағасын түсіндіру үшін ғылым, 

білім, өнер, мәдениет, спорт – бәрі өте 

сапалы әрі оқырманын, көрерме нін, 

жанкүйерін баурап алатын үздік шы-

ғарма деңгейіне көтерілуі керек. 



ИƏ

Динара АҚБОЛАТ, 

Әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-дың саясаттану 

кафедрасының доценті міндетін 

атқарушы, «Болашақ» 

бағдарламасының түлегі:

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 

22 жылдығына орай ел алдындағы 

ерен еңбегі үшін көптеген азаматтар 

мемлекеттік наградалар мен 

сыйлықтарға ие болды. Солардың 

ішінде 30 адам кеше өз марапаттарын 

ел Президентінің қолынан алды. 

Ақорданың салтанат залында 

«Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері» атағын, ғылым мен 

техника саласындағы Мемлекеттік 

сыйлықты, сондай-ақ «Бейбітшілік 

пен прогресс» сыйлығын алғаш рет 

тапсырған Н.Назарбаев: «Сіздер арқылы 

мен бұл марапатты оған лайық барлық 

азаматтарға тапсырғандай боламын», - 

деп өз алғысын білдірді. 

«Қазақта «еңбегіне қарай 

құрметі» деген қанатты сөз бар. 

Мемлекеттік сыйлықтың берілуі 

– Тәуелсіздіктің арқасы. Бұл дәс-

түр терең сезімге түсіретіні анық. 

Мемлекеттік сыйлық мемлекеттің 

өсіп-өркендеуіне өз үлесін жан 

аямай қосып жүрген азаматтарға 

бе ріледі. Оны жеке азаматтың 

емес, тұтас еліміздің табысы деп 

са нау қажет», – деп өз сөзін бас-

таған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ-

стан ның Тұңғыш Президентінің 

«Бей бітшілік пен прогресс» атты 

сый 


лығын алғашқы иегерге 

табыс тады. Ол – белгілі қоғам 

қайраткері, ақын Олжас Сүлей-

менов. Мемлекет басшысы атап 

көрсеткендей, Олжас Омар ұлы 

еліміздің мәдени-рухани да-

муына, халықаралық ынты мақ-

тастыққа зор үлес қосып, шет ел-

дерде Қазақстандағы ұлтара лық 

келісімнің үлгісі жайлы үнемі 

айтып жүреді. Ал, ең бастысы, 

Олжас Сүлейменов тің жетекші-

лігімен жүзеге асқан «Невада-

Семей» қозғалысы ядролық 

полигонды жабу ісіне маңызды 

үлес қосты. Биыл Олжас Сүлей-

менов 77 жасқа келеді. Соған 

қара мастан, ұлт ақыны өз қыз-

метін ары қарай жалғастыруға 

мүдделі. Мұндай мүдделілікке 

ке шегі президенттік сыйлық та 

әсер еткен болуы керек. «Бұл 

сыйлық тың атауында («Бейбіт-

шілік пен прогресс» – авт.) үлкен 

жұмыс, тіпті ауқымды бағдарла-

ма жатыр. Сондықтан мен оны 

ары қарай жал ғастыратын шы-

ғар мын, Құдай қаласа», – дейді 

О.Сүлей менов. Ғылым мен тех-

ника сала сын дағы сыйлық алды-

мен  диф  ферен циал дық  тең-

деулердің бастапқы шекаралық 

есептер те 

ориясы үшін Мате-

матика  және  ма тема ти калық 

модельдеу  ин с ти тутының  бас 

директоры, ака демик Тыныс бек 

Кәлменовке тапсырылды.



Жалғасы 2-бетте 

Жалғасы 2-бетте 

Жалғасы 7-бетте 

БЕЗБЕН


ҚАЗАҚ ҚАЛАЙ БОДАН БОЛДЫ? 

Кеңестік қатаң стереотиптерден айырылу 

үшін не істемек керек? Біріншіден, Қазақ «қалай 

бодан болды?» деген сұраққа дұрыс жауап тауып 

алғанымыз жөн. Қазақ ешқашан да сана лы түрде 

бостандығынан бас тартқан емес. Мы са лы, ХҮІІІ 

ғасырдың алғашқы жартысында Жоң 

ғарлар 


шапқыншылығы салдарынан қазақ мемлекеті 

мен қазақ ұлты жер бетінен жойылып кетудің 

алдында тұрды. 1731 жылы Кіші жүз ханы 

Әбілқайыр мен Орта жүздің біраз руларын биле-

ген Сәмеке ханның  Ресей бодандығын қабыл дау 

актісіне қол қойды. Ол кездегі бо дан дық ұғымы 

вас салдық  қарым-қатынастың  еу ро азиялық 

нұсқасы болатын. Яғни, қазақ хан да ры Бодандық 

актісі арқылы Ресеймен әске ри-саяси одаққа 

бірігуді, елдің дербестігі мен тәуелсіздігін сақтап 

қалуды көздеді. Бірақ бұған дейін Қазан, 

Астрахан, Қырым хан дық тарын күйретіп, Ноғай-

лы мен Сібір жұртын тоз-тоз қылған Ресей импе-

рия сы қазақтарға аяу шы лық жасаған жоқ. Бұл 

саясат Кеңестер Одағы тұсында да жалғасып, 

қазақ ұлты отарлау езгісінің табанында тапталды. 



ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛАЙ АЛДЫҚ?

Екіншіден, «біз Тәуелсіздікке қалай қол жет-

кіз дік?». 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қа-

зақ  стан ресми түрде мемлекеттік Тәуелсіздігін 

жариялады. Бұл кезде Кеңестік Одаққа мүше 

елдердің көбі дербес ел атанып қойған болатын. 

Осы бір дерекке қарап, кейбір азаматтарымыз 

«біз Одақтан ең соңынан бөлініп шықтық» деп, 

тәуел сіздікке амалымыз жоқтықтан қол соз ған-

дай етіп әңгімелейді. 



Соңғы 22 жыл бедерінде қазақ халқы 

Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, күллі 

әлемге өзінің тегі мен тектілігін танытты. 

Ғаламшардағы бар адамзат көк аспанда 

қалықтап ұшқан қыран мен күлім қаққан 

Күнді көрсе, қазақты есіне алатын болды. 

Бұған еліміздің күн санап, саяси өрлеуі, 

экономикасының қарыштап дамуы, әлсін-әлсін 

спорттық бәсекелерде топ жаруы Азат елдің 

тәуелсіздігін сәт сайын мойындатып келеді. 

Кешегі азаттық жолында күрескен Сырым 

Датұлы, Есет Көтібарұлы, Исатай Тайманұлы, 

Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Жоламан 

Тіленшіұлы, Кенесары Қасымұлылардың 

армандағаны осы емес пе еді? Десек те, 300 

жыл бойы тегеурінді жүргізілген отарлық 

саясаттың идеологиясы біздің санамызға 

сіңгені соншалық, әлі күнге рухани тұрғыда 

тәуелсіз ойлануға, отарлық һәм кеңестік 

стереотиптерден толықтай айырылуға 

мүмкіндік бермей келеді... 

Арман АСҚАР

Қанат БІРЛІКҰЛЫ

Мерекеде ең үздік 

қазақстандықтардың мерейі өсті

Тәуелсіздіктің 22 жылында қасаң кеңестік 

стереотиптерден толық арыла алдық па? 

№219 (1130) 

14.12.2013 жыл, 

сенбі


2

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



Басы 1-бетте

 Қазақ қай кезде болсын «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды» 

аңсайды. Сол аңсаған заманға жету үшін бабаларымыз қолға найза алды. 

Ғұламаларымыз Алашорданың идеясымен ағартушылық жол арқылы күресті. 

Енді, міне, Елбасының салиқалы саясатының арқасында сол бозторғайдың өзі 

алаңсыз «қой үстіне ұя салатын» дәуірге де жеттік. Осы күніміз мәңгіліктерге 

жол бастау үшін біз Тәуелсіздіктің қадірін арттырғанымыз жөн. Ол үшін қазақ 

қалауымен бодан болмағанын, Тәуелсіздікке мың сан шейіттердің қанымен 

ғана қол жеткізгенін айта беруіміз, айта беруіміз керек...

ТҮЙІН

ТҰҒЫР


ШАР

А

Қазақ хандығы дәуірі қанша кезеңге бөлінеді?



Мұнай-газ саласы ел бюджеті үшін маңызды екені белгілі. Ал Тәуелсіздікке қол 

жеткізгеннен кейін алғашқы жылдары қанша тонна мұнай өндірілді?

Сайран ДӘУІТОВ

Тәуелсіздік жылдары мұнай-газ саласы елде 

жүргізілген әлеуметтік-экономикалық рефор-

маларды қолдаудың бірден-бір факторы болғаны 

айқын. Бүгінде ЖІӨ-нің төрттен бір бөлігі және 

мемлекеттік бюджетке түсетін табыстың жартысы-

нан астамы осы саланың үлесінде. Жиырма жыл-

дың ішінде мұнай өндірісі үш есе артты. Салыстыру 

үшін айтсақ, 1992 жылы 25,8 млн тонна «қара 

алтын» өндірілсе, 2012 жылы 80 млн тоннаны 

құрады. Сондай-ақ газ өндіру көлемі бес есеге 

өсіп, жылына 40 млрд текше метрге жетті. Тәуел-

сіздік жылдары мұнай-газ саласына 60 млрд 

доллар инвестиция тартылса, оның 20 миллионы 

соңғы бес жылда құйылған. 

Осы салада іске қосылған ең соңғы ірі жоба 

– Қашаған. Сонымен бірге ол соңғы 40 жылдың 

ішіндегі әлемдегі ең қымбат энергетикалық жоба 

саналады. Қашаған кен орнындағы геологиялық 

қор 4,8 млрд тонна деп бағаланған. 2015 жылы 

бұл кеніштегі мұнай өндіру көлемі жылына 13 млн 

тоннаны құрайды деп жоспарланған. Қашағанды 

дамыту кезеңдерін есепке алғанда, әрмен қарай 

мұнай өндіру көлемі жылына 51 млн тоннаға 

жеткізілмек.

Тәуелсіздік жылдары «қара алтын» өндірісі үш есе артты

Тайыр Ғатауов пен Сержан Кәуіков, таны-

мал киноәртіс Венера Нығматулина, «Мю-

зикола» дуэтының солисі Карина 

Абдул лина, «Қарақат» мектеп студиясы-

ның бас директоры Қарақат Әбілдина, 

«Ас тана балет» хореографиялық ұжымы-

ның бас балетмейстері Алила Әлішева, 

сон дай-ақ «Елбасы жолы» киноэпопеия-

сында Н.Назарбаевтың рөлін сомдаған 

Нұрлан Әлімжанов ие болды. Жас әртіс 

оның бүгінгі марапатына соңғы ойнаған 

рөлі де өз септігін тигізді деп ойлайды. 

Ақордада өткен салтанатты марапаттау 

рәсімін қорытындылаған Президент: «Мен 

қазір лауреаттардың тек бір тобына ғана 

награда тапсырдым, ал бүкіл еліміз 

бойынша жоғары атаққа лайықты басқа да 

азаматтар менің атымнан марапатта латын 

болады. Сіздермен бірге барлығын еңбек 

етіп алған мемлекеттік наградала 

рымен 

МАРАПАТ


Мерекеде ең үздік 

қазақстандықтардың мерейі өсті

Медицина саласы бойынша жоғары 

технологиялық ем әдістерін енгізген Рес-

пуб ликалық нейрохирургия ғылыми орта-

лығының ұжымы үздік деп танылды. Оның 

ішінде басқарма төрағасы Серік Ақшолақ-

ов, сондай-ақ бөлім меңгерушілері – Тал-

ғат Керімбаев, Ербол Махамбетов, Айса 

Нұрпейісов, Марат Рабандияров және 

Нұржан Рыскелдиевтер бар. 



Серік АҚШОЛАҚОВ, Республикалық 

нейрохирургия ғылыми орталығының 

басқарма төрағасы, профессор: 

– Осыдан бес жыл бұрын Рес пуб-

ликалық нейрохирургия ғылыми орта-

лығының алдына биік мақсат-мін-

деттер қойылған болатын. Бүгінде оны 

әлем таниды. Себебі онда дүниежүзінің 

40-тан астам технологиясы негізінде 

ота жасалып, осы уақытқа дейін Орта 

Азия бойынша жасалмаған операция-

ларды тәжірибеге енгіздік. Биыл біз 

ме дицина саласындағы халықаралық 

ал тын стандартқа ие болдық. 

«Парасат» ұлттық ғылыми-технология-

лық холдингіне қарасты география инсти-

тутының ұжымы – директор Ахметқал 

Медеу, профессор Фарида Ақиянова, 

зерт хана жетекшісі Виктор Благовещен-

ский, бас менеджер Игорь Малковский, 

бас ғылыми қызметкер Эмиль Нұрмам-

бетов, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ 

ұлт тық педагогикалық университеті Геог-

ра фия және экология ғылыми-әдістеме лік 

орта лығының басшысы Әлия Бейсенова 

мен «Қазтеңізгеофизика» компаниясының 

кеңесшісі Мирғали Қонаев Президенттің 

қолынан сыйлық алды. Олардың арқа-

сында еліміздің ұлттық атласы жасалды. 

Алдағы уақытта оның 3D форматындағы 

үлгісін жасау жоспарланып отырғанға да 

ұқсайды. Ал Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері құрметті атағына Темірбек 

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер 

академиясының профессоры Смағұл 

Елубаев, «Жұлдыз» журналының бас 

редак 


торы Ұлықбек Есдәулет, Қазақ 

ұлттық өнер университетінің доценті Сем-

бек Жұмағалив, Ақмола облыстық 

филармониясы Кенжебек Күмісбеков 

атындағы халық аспаптар оркестрінің 

дирижері Дәурен Ғылымов, Мемлекеттік 

кино құжаттар және дыбыс жазбалары 

мұрағатының директоры Алла Сейітова, 

ҚР Президентінің телерадиокешені компа-

ниясының бас директоры Ерлан Бекқожин, 

Қазақ 

стан дизайнерлер одағының 



президенті Тимур Сүлейменов, Құддыс 

Қожамияров атындағы республикалық 

ұйғыр музыкалық комедия театрының 

драма тобының жетекшісі Ялкуньжан 

Шамиев, «Астана Опера» мемлекеттік 

опера және балет театрының әртістері – 

және сыйлықтарымен құттықтай мын. Бүгінгі 

күні ел алдындағы қызметі мен қажырлы 

еңбегі үшін бүкіл республика бойынша бір 

жарым мыңнан астам қазақ стандық орден-

дермен және медальдармен марапатталды. 

Қазақстанның Тәуелсіз діктің 22 жылы ішінде 

қол жеткізген бар 

лық табыстары мен 

жетістіктері барша қазақстандықтардың 

қызметіне негіз деледі, өйткені әркім өзінің 

жұмыс бөлі гінде республиканы дамытуға 

бір түйір болса да үлесін қосты. Біздегі ішкі 

тұрақ тылық, төзімділік, түсініктік пен достық 

елі 


мізді дамыту үшін жаhандық және 

мызғымайтын мәнге ие. Сондықтан біз ең 

үздік деген қазақстандықтардың еңбегін 

бағаладық деп ойлаймын. Сіздер Отаны-

мыз дың – Қазақстан Республикасының даң-

қын шығара отырып, басқаларға үлгі 

көрсетесіздер деп сенемін», – деді 

Н.Назарбаев. 

БЕЗБЕН

Яғни, олардың ойынша, біз өз 



ер кімізбен бодан болып, ерік сіз дік-

тен тәуелсіздік алған сияқтымыз. 

Тіпті Тәуелсіздік алғанымызға 22 

жыл болса да, осы бір қасаң тү сі-

нік тен, қасаң стереотиптен арыла алмай 

келеміз. Біздің бабаларымыз бодандыққа 

еріксіздіктен мойынұсынды. Егер де сол 

қадамға бармаса, қазіргі Қазақ ұлты бол-

мас еді... Біз тәуелсіздікті жариялау үшін 

кеңестік идеологияның шаңырағын шай-

қалтқан, қазақ тарихындағы елдің рухын 

көтерер қасиетті күнді күттік. Яғни осы-

лайша тәуелсіздік пен азаттық жолындағы 

ұлт-азаттық көтерілістердің арасына ру ха-

ни байланыс орнады. Егер де бұлай бол-

ма ғанда, азаттық жолындағы Желтоқсан 

көтерілісі мен Тәуелсіздік ұғымын бір ар-

наға тоғыстыру мүмкін емес еді...



ЕСКІ ТҮСІНІК ПЕН ЖАҢА

КӨЗҚАРАС ШАЙҚАСЫ

Біздің тарихшылар мен саясаткерлер 

халыққа ең басты осы екі саяси оқиғаның 

жілігін шағып түсіндіріп беруі керек еді. 

Сонда ғана отарлаушы елдің билігі аштық 

арқылы қазақтың тең жарымын қырып, 

босаған даланы «тың игеру» деген сыл тау-

мен басып алуға ұмтылғанын аңғарар 

едік. Бірақ, амал не, бұл мәселеде кешенді 

түрде алға жылжи алмай отырмыз. Десек 

те, осы 22 жыл ішінде кеңестік жүйені 

көрмеген қарлығаштарымыз өсіп жетілді, 

жаңа құндылықтар пайда болды. Мойын-

дауымыз керек, ол құндылықтар әлі күнге 

кеңестік ескілікті көксейтін аға буынның 

көзқарасымен қайшы келіп жатады. Бұл 

қай шылық салдарынан қазіргі қоғамы-

мыз  да екі дүниетаным, екі өмір сүру үр дісі 

пайда болды. Орыстілді, қазақ тіл ді дү-

ниетаным қалыптасып, екі әлем болып 

өмір сүріп жатырмыз. Орыстілді қоғам ның 

басым көпшілігі қоғамға ке ңестік кезеңнің 

психологиясымен,  ке ңес тік  ке зең нің  ой-

топшылауымен,  ке ңес тік  мен та литетпен, 

кеңестік  көз  қарас пен  қа рай ды.  Ол  көз қа-

рас тағы  аза маттар  де мок ратиялық,  ұлттық 

мем  лекет құруы мыз қажеттігін әлі де бол-

са түсіне алып отырған жоқ тәрізді. 



СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ? 

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:

– Кеңестік кезеңде 70 жыл бойы қа-

таң әкімшіл-әміршіл жүйеде өмір сүр-

дік. Осындай жүйені көрген ел аз жыл-

дың ішінде 180 

0

С өзгеріп кетті деу ге 

келмейтін шығар. Десе де, «елу жыл да 

ел жаңа» дейміз ғой. Мемлекеттік та-

рих үшін азғантай уақыт болып са нала-

тын 22 жыл ішінде жаңа Тәуелсіз мем-

ле кет құра алдық. Мұның өзі – ке ңес тік 

стереотиптерден арыла баста 

ға 

ны-

мыздың көрінісі. Мысалы, бұрынғы ке-

ңес тік жүйемен қазіргі жүйені мүл дем 

салыс тыруға келмейді. Біз то лы ғымен 

жаңа мемлекетті, жаңа мем 

ле 

кеттік 

құнды лықтарды қалыптастыра алдық. 

Нарықтық қоғамға көшкеннен кейін 

«үкімет өлтір 

мейді» деген қасаң 

қағидадан арылдық. Кеңестік кезең 

халықты бір шыбықпен ай дап, бәрі бір 

ауызды, яғни Мәскеуді бағып оты ра-

тын. Қазір ашық қоғам орнап, әр адам 

өз ой-пікірін ашық білдіре алатын бол-

ды, яғни демократиялық құн дылық тар-

дың орнығуы бізге сөз бостандығын 

алып келді. Азаматтар еркін сайлауға 

қатыса, сай 

лана алады. Кез келген 

кәсіппен айна лысу ға мүмкіндік бе ріл-

ген. Осының бәрі бізде кеңестік қасаң 

стереотиптердің жоқтың қасы немесе 

мүлдем аз қалғанын, біздің ел ол 

стереотиптерден толығымен айырыла 

бастағанын көрсетеді.

Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Менің ойымша, баланы 18 жастан бас тап әскерге беріп, оның обалына қалып
pdf -> Әзірейіл емес едік…
pdf -> Заңдармен қорғалатынын білуі керек
pdf -> Дат! 6-б етте Раушан айтжанова
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Айтөбел-дат! 6-б етте Кеңес аухадиев
pdf -> Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала
pdf -> Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ
pdf -> «Қазгидромет» қызметі толық тай тегін болуы керек. Ауа райы өз


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет