Тоғызақ селосы «Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тоғызақ орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова С.К.
«Грамматикалық жаттығулар жинағы» әдістемелік құралына
Пікір Рамазанова С.К. «Грамматикалық жаттығулар жинағы» еңбегінде фонетика,лексика,морфология,синтаксис тарауларына берілетін жаттығу жұмыстарын түрлендіріп жұргізген. Ұсынылған еңбекте әр тараудың мазмұнына сәйкес жаттығу жұмыстары жинақталған.
Жинақтағы жаттығулар 9-11 сынып оқушыларына ҰБТ,ОЖСБ-ға дайындау үшін көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың құндылығы фонетика тарауынан бастап синтаксис және пунктуация бойынша жеке тапсырмалар, жаттығулар берілген. Осы әдістемелік оқушылардың білім сапасын көтеруге өзіндік көмегін тигізеді.
Жинақты қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне өз сабақтарында әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.
«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Тоғызақ орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,
жоғары санатты ұстаз, қазақ тілі мұғалімдерінің ӘБ жетекшісі Хасанова С.М
Түсінік хат Жинақтағы жаттығулар 9-11 сынып оқушыларына ҰБТ,ОЖСБ-ға дайындау үшін көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың құндылығы фонетика тарауынан бастап синтаксис және пунктуация бойынша жеке тапсырмалар, жаттығулар берілген. Осы әдістемелік оқушылардың білім сапасын көтеруге өзіндік көмегін тигізеді.
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды жаттайды, ал жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады.
Жаттығуларды орындау үшін төмендегі талаптар қойылады:
Белгілі бір жаттығу орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.
Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды.