9-11 сынып Құрастырған: Рамазанова С. К


-жаттығу Қалай? Қайтіп? Сұрауларына жауап болатын пысықтауыш мүшесі бар 5 мысал ойлап айтыңдар



бет10/11
Дата04.05.2023
өлшемі129,38 Kb.
#89785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-жаттығу
Қалай? Қайтіп? Сұрауларына жауап болатын пысықтауыш мүшесі бар 5 мысал ойлап айтыңдар.
Ол пысықтауыштар:
а) көсемшеден, ә) есімшеден, б) септік жалғаулы есімдерден, в) –дай, дей жұрнағы жалғанған сөз тізбектерінен және еліктеуіш сөздерден болсын.
9-жаттығу
Берілген сөйлемдерді жай сөйлем түрлеріне ажыратып, синтаксистік талдау жасаңдар.
Оқытушы келе жатыр. 2. Айнала жым-жырт. 3. Қыздың не сұрағалы отырғанын сезгендей, жүрегім су ете қалды. 4. Бар дәлелімен тайға басқандай етіп көрсетіп отырған бұл кемшіліктерді еріксіз мойындауға тура келеді. 5. Аудитория сілтідей тынып қалған еді. 6. Мен оқып болдым. 7. Біз бұған ішек-сілеміз қата күліп жатырмыз. 8. Екеуінен де маған үзбей келіп тұратын үшкіл хаттар пышақ кескендей тыйылып қалды.
Тапсырма. Сөйлемдерден тұрақты сөз тіркестерін тауып мағынасын түсіндір, сол сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құра.


10-жаттығу
-Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық, морфологиялық талдау жаса. Берілген сөйлемдерді жай сөйлем түрлеріне ажыратып, синтаксистік талдау жасаңдар.
Мұнда шешемнің айтқан бірсыпыра сөздері жазылған. Шешем бастауыш мектепте мұғалімдік қызмет атқарған, сауатты кісі болатын. Оқыған кітаптарының ақ бетіне өз ойларын жазып, тастай салатын. Менің он жасыма дейін біз ауылда тұрдық. Одан соң Риддер деген қалаға көшіп барып, әкем жұмысшы болды. Былтыр ауылға барғанда (әкемнің інісі ауылда тұрады) апам оқыған кітаптардың беттерін бір- бірлеп ақтарып отырып, оның өз қолымен жазған жазуларын мына дәптерге көшіріп алған едім.
11-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Жай сөйлемдерді бір бөлек, құрмалас сөйлемдерді бір бөлек жаз. Құрмалас сөйлемдерді жасалу жолына және түрлеріне қарай ажырат.
Оны мен де сездім. 2. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті. 3. Шошып тұрмын, алайда ілгері қарай ұмтыла бердім. 4. Меңтайдың алдында жатқан сиясауытты көргенде осы оқиға есіме түсті. 5. Ол қорқып кетті, сондықтан артқа қарай шегіншектеді. 6. Ми айналып жерге түсердей ыстық. 7. Жігіттің қызды жақсы көруінің себептері көп, бірақ оның бәрін ауыз шіркін айтып жеткізе ала ма? 8. Біз кейде қызықты әңгімелер айтып күлеміз, кейде соғыста мерт болған достарымызды ойлап жылаймыз. 9. Басқа қыздар мырс ете қалды. 10. Хатымды бүктедім де, тез почташыға бердім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет