9-11 сынып Құрастырған: Рамазанова С. К


-жаттығу Төмендегі мәтіннен қатаң,ұяң,үнді дыбыстарды теріп жазыңдар



бет3/11
Дата04.05.2023
өлшемі129,38 Kb.
#89785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-жаттығу Төмендегі мәтіннен қатаң,ұяң,үнді дыбыстарды теріп жазыңдар
Алғашқы күні Әлия окопта жатып,жаудың алдын байқады,тіпті бір ойпатта олардың көшпелі асханасы тұрғанын көрді. Себебі түс кезінде сол ойпатқа бір-бірлеп термоспен,котелокпен келушілер көбейе бастады. Сол жерді снарядпен соққылау керек деп,артта тұрған батареяға хабар берді.Көп ұзамай біздің зеңбірек жау асханасын тас-талқан қылды.
Бұл күні Әлия айналаның бәрін есіне сақтап,шартты белгілермен кейбіреуін картаға түсіріп алды,көрінген жау болса да,атпады. «Бұл жолы бара тұр,ертең,бүрсігүні кездесіп қалармыз»,-деді.


9 жаттығу Мәтінді буынға бөліп жазыңдар,буын түрлерін анықтаңдар
Түрік тұқымдас Қыпшақтар Оңтүстік-Шығыс Еуропаға осы күнгі Қазақстан жерінің солтүстік-батыс өңірінен кеген-ді.Оныншы ғасырда Еділ бойына жеткен.Он бірінші ғасырдың орта шенінде Днепр өзеніне барып тоқтаған.Ғасырлар бойы әдеттенген тәсілдері бойынша шабатын жауына жоқ жерден тиіп,заматта ғайып болып,үнемі ат үстінен түспей үйренген көшпелі елдің жігіттері шынында соғысқа әбден үйренген,ұзақ жорықтарға шығып жүрген нағыз жау жүрек жауынгерлер еді.Жасынан садақ атып,арқан тастап баулынған қыпшақ тайпалары ұшып бара жатқан құсты көздемей атып түсіретін шетінен мерген болатын.


10-жаттығу Көшіріп жазыңдар, сөздер мен сөз тіркестеріндегі үндескен дыбыстардың астын сызып,ықпал түрін ажыратыңдар
Ұшқышсың,көшке,торы қасқа ат,жаңа дала,бүгін,құндыз,күлдіргі,күңгірт,бұрын,бөлшек,төртеу,жай қалмау,Жүніспек,бір күнгі,Маржанкүл,басшы,Күмісжан,қағазсыз,қағазша,көк ала,қара ала, бара кел, бара алсаң, жұлдызша.


11- жаттығу
Қарамен жазылған сөздерден ілгерінді ықпал заңын көрсетіңдер.
Қыз ұшса-қияға,ұл ұшса-ұяға. Жүнісбек жазғы таңғы ұйқыдан әрі тез,әрі сергек оянады. Бүгін орталық клубта үлкен концерт бол ады. Жастардың өмірге деген көзқарасы күннен-күнге кеңейе түсуде.


12 –жаттығу
Берілген сөйлемдерге фонетикалық трансскрипция жасаңыз. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал ету ерекшеліктерін түсіндіріңіздер.
Ащы мен түщыны татқан білер,Жақын мен алысты жортқан білер.Менің адаспауым бақсылық емес.Осыны ұққан сайын,барлық кәрілерді жанындай жақсы көре бастады.Анда-санда күле қарап, жалт етіп қарағанда,әлдеқандай көп шұғылалы,мол сәуле төккендей болдды. Сопақша біткен сұлу жүзінде жұқалақ,әсем қызылы бар.Үлкен қара үйдің іші ертедегі байлықтың қазіргі күндегі жұтаң кедейліктің жайын айтып тұр.Жалғыз көз шүңет емес,томпақша. Тесіле,сыздана қарайды.Кірпігін де сирек қағады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет