№9 (1349) 1 наурыз 2017 жыл, сәрсенбі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық мұражайында «Болашақ энергиясының арғы тегі – шырағдандар шеруі» атты көрме өтуде. 100 КҮН Қалды



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата27.03.2017
өлшемі5,6 Mb.
#10439
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Д.АБДИРАМАНОВА,      

«Тараз қаласы әкімдігінің ветеринариялық

қызметі»  ШЖҚ КМК-нің мал дәрігері.                                                       

ТАБИҒИ ГАЗ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Тұрмыстық газ тұтынушылары және коммуналды-тұрмыстық 

газ тұтынушылары «Қазақстан Республикасының өнеркәсіп 

қауіпсіздігі» Заңына сәйкес газ қондырғыларының техникалық 

және оны қауіпсіз пайдалану мақсатында, газ тасымалдаушы 

немесе  аттестациядан  өткен  тәуелсіз  мамандандырылған 

мекемелерімен шартқа отыруға міндетті. 

Ескертеміз!

Үйді жылыту үшін жылыту газ құралдарын пайдаланғанда, 

қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Газ құралдарын қосар ал-

дында желдеткіш каналының  және  түтін  құбырларының тартуының 

дұрыстығын тексеріңіздер. Мұржаның ауа тарту күші дұрыс болу 

үшін жылыту құралдарын қолдану кезінде шибер және мұржа басына 

бөгде заттарды қоюға болмайды, қатаң түрде тыйым салынады. Ал 

ауа тарту күші дұрыс болмаған жағдайда және оттегінің жетіспеушілігі 

жерінен көмірқышқыл (СО) газының пайда болуы, газдың толық жану-

ына себепші болатыны белгілі. Көмірқышқыл газы түссіз, иіссіз, улы 

зат, ауадан жеңіл болғандықтан жай көтеріледі  және адам өзінің уланып 

жатқанын байқамауы мүмкін. Тартуы нашар немесе мүлдем тартуы 

жоқ  жылыту газ құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Бөлме 

ішінде газдың иісі пайда болса, тез арада газ құралдарының шүмектерін 

жауып, терезелерді және желдеткіштерді қосып, бөлмені желдетіп, 

«104» телефонына қоңырау шалып, апаттық газ қызметін шақырыңыз.   

Жылыту газ құралдарын қауіпсіз пайдалану мақсатында оларға дер 

кезінде техникалық қызмет жүргізілмеген болса, сондай-ақ түтін және 

желдеткіш каналдарының күйі тексерілмеген болса, жарылыс, өрт, 

көмірқышқыл газымен улану секілді орны толмас қайғылы оқиғаға 

алып келуі мүмкін. 

 Тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жүйелерін 

техникалық  пайдалану ережелеріне сәйкес пәтердің, тұрғын 

жайлардың арендаға және жалға алушы жеке меншік иелері мына-

ларды қамтамасыз етуі тиіс: 

- түтін және желдеткіш каналдарымен қоса жалғайтын келте 

құбырлар (патрубкаларды), мұржаның ернеуінің күйін уақытылы 

тексеруді;

- желдеткіш және түтін каналдары жылыту маусымының алдында 

маусымдық жұмыс істейтін газ құралдары мен аппараттарының 

мұржалары жылыту маусымының алдында кезеңді тексеруден өтуі 

тиіс; 


- кірпіш, асбест цемент, ыстыққа шыдамды бетоннан жасалған ар-

найы блоктардың мұржалары 12 айда бір реттен кем емес жиіліктегі 

кезеңді тексеруден өтуі тиіс.

 Табиғи газды тұтынушылар жылыту маусымының аралығында 

түтін  және  желдету  каналдарының  барлық  түрлерін  тазалап, 

тексерулері және газ құралдарына техникалық қызмет жасатулары тиіс.



Жамбыл өндірістік филиалы

Тұмауға қарсымыз!

Жылдың  күз-қыс  мезгілі  басталы-

сымен,  жіті  респираторлы  жұқпалар 

мен  тұмаудың  маусымдық  көтерілуі 

байқалады.  Тұмау  ең  кең  таралған  ви-

русты аурулардың бірі болып саналады. 

Мысалы, жыл сайын біздің қаламызда  

жіті респираторлы вирусты жұқпалармен 

20 мыңнан астам, тұмаумен 100-ден астам 

адам ауырады. Біз тұмауға жеңіл-желпі 

қараймыз, артынан болатын асқынуларды 

ескермейміз,  теледидардан  жарнама-

лайтын  рецептісіз  сатылатын  дәрі-

дәрмектермен өздігінен ем жүргіземіз. 

Алайда тұмау вирусы өте қауіпті және 

оның еміне қалай болса, солай қарау өте 

ауыр  асқынуларға  алып  келуі  мүмкін. 

Тұмау вирусына шалдығу өте оңай, себебі 

ол ауалы-тамшылы жолмен таралады және 

науқас болған, жылы, ауасы нашар алмаса-

тын бөлмелерде ұзақ сақталады. Әсіресе, 

тұмауды иммунитеті әлсіреген адамдар 

жеңіл жұқтырады – жүкті әйелдер, бала-

лар, қарттар. Тұмаудың алғашқы белгілері 

барлығына мәлім – әлсіздік, қалтырау, 

дене  қызуының  38-39  градусқа  дейін 

көтерілуі, бұлшық ет пен буындардың 

сырқырауы.  Бастың  қатты  ауру  сезімі, 

көздің ауруы, әсіресе жарыққа, көзден жас 

ағу секілді белгілер жиі байқалады. Кез 

келген дәрігер мақұлдайтын жайт: тұмау 

мен оның асқынуларын емдегеннен гөрі, 

аурудың алдын алу әлдеқайда жеңіл. Және 

алдымен  ағзаның  қорғаныш  күштерін 

жоғарылату  қажет,  яғни  иммунитетті 

күшейту қажет. Ағзаның вирусқа қарсы 

тұру  қабілетін  күшейту  үшін  бірқатар 

шаралар  кешенінің  талаптарын  орын-

дау  керек:  рационалды  тамақтану  мен 

полидәрумендерді қабылдаудан бастап, 

денені шынықтырумен аяқтау. 

Алдын  алудың  тиімді  шараларының 

бірі екпе болып табылады. Біздің елімізде 

тіркелген вакциналар қауіпсіз, жеңіл та-

сымалданады және қолдануда ыңғайлы. 

Жамбыл  облысында  жыл  сайын  індет 

алды маусымда (қазан-қараша) облыстық 

бюджет есебінен халықтың қорғалмаған 

топтарын тұмауға қарсы егу жүргізіледі 

(балалар үйлері, мектепке дейінгі бала-

лар мекемелері, мектеп-интернаттардың 

балалары,  қарттар  мен  мүгедектер 

үйлерінің қамқорындағылар мен жүкті 

әйелдер). Қалған контингенттің екпені 

аумақтық емханаларда өз есебінен алу-

ына  болады.  Тұмау  маусымы  кезінде 

мынадай қарапайым, алайда өте тиімді 

қорғану  шараларын  ұмытпаған  жөн: 

қолды жиі-жиі сабындап жуу (әсіресе, 

қоғамдық көлікте жүргеннен кейін) және 

әрбір 2-3 сағат сайын ауыстыра отырып, 

бір реттік бетперделерді қолдану. Егер 

сіз  суықтап  ауырып  қалсаңыз,  жөтел 

этикетін сақтаңыз – ауыз бен мұрынды 

бет орамалымен жабыңыз. Тағамға ли-

мон,  бал,  сарымсақ,  пиязды  тұтынып, 

ұсатылған сарымсақ пен пияздың булары-

мен дем алу да пайдалы. Жалпы алғанда, 

денсаулығыңызға  жіті  көңіл  аударып, 

алдын алу шараларын ұмытпау қажет. 



Дүйсенкүл АБДРАМАНОВА,

Тараз қалалық тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау басқармасының 

эпидемиологиялық қадағалау 

бөлімінің бас маманы.            

Хабарлама

2015  жылғы  2  желтоқсанда  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері 

бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңы күшіне енді.

Осыған орай «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының (бұдан 

әрі – Заң) 41-бабы 5-тармақпен толықтырылды. Яғни коммерциялық емес 

ұйымдар (бұдан әрі – КЕҰ), сонымен қатар шетелдiк және халықаралық 

ұйымдар, жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде уәкілетті органға өз 

қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің 

құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы 

мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Коммерциялық емес ұйымдардың мәліметтерді ұсыну тәртібі «Үкіметтік 

емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар 

туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы 

№ 51 бұйрығымен реттеледі. 

Жоғарыда  аталған  Қағидалар  мен  оған  әзірленген  Әдістемелік 

ұсынымдармен  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет  және  спорт 

министрлігінің ресми сайтында (mks.gov.kz) танысуға болады («Заңнама» 

бөлімі, «Министрдің бұйрықтары» бөлімшесі, «ҮЕҰ» бағаны).

Осы  ретте,  уәкілетті  органға  КЕҰ-ның,  сонымен  қатар  шетелдiк 

және халықаралық КЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған 

бөлiмшелерi) мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы, сол сияқты анық 

емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы әкімшілік жауапкершілікті, 

оның ішінде үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруды қарастырады 

(Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 

489-1 бабы).

  Толық  ақпаратты  «Тараз  қаласы  әкімдігінің  ішкі  саясат  бөлімі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің байланыс телефоны 45-30-83 немесе 

Тараз қаласы, Төле би даңғылы №48 үй мекенжайы бойынша алуға болады.


ДЕМАЛЫС

24

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Тұрмыс-салт жырларынан бастау 

алып, ақындардың талантын шыңдай 

түскен бұл өнер жарысы Тараз қаласы 

әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар 

ресурстық орталығы» мекемесі және 

Жамбыл атындағы облыстық «Рухани-

ят» орталығының ұйымдастыруымен 

жалғасын тапты. 

Ақындардың  суырыпсалмалық 

қасиетін бағалау үшін қала әкімдігі 

ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық 

орталығының  директоры  Елдос 

Төлендиев қазыларға төраға болып 

сайланды. Сонымен қатар киелі сөз 

өнерін өміріне серік еткен айтыскер-

лер Ахметжан Өзбеков, Есет Досалы, 

Бақытжан Әкімбаев және де жас ақын 

Арайлы Жақсылық қазылар алқасына 

мүшелік етті. 

Додаға  қатысушы  6  жұп,  Тараз 

қаласынан  қатысқан  Дидар  Апба-

сов, Ернұр Бейсенов, Медеу Мырза-

таев,  Орынбасар  Бақытұлы,  Дидар 

Темірқұлов, Байзақ ауданынан Дидар 

Басықараев, Дархан Әбдіманатұлы, 

Жамбыл ауданынан Бақнұр Нұрман, 

Мойынқұм  ауданынан  Динара  

Әбуқайырова, Шу ауданынан Әділет 

Медетқұл, Меркі ауданынан Мейіржан 

Жекебаевтар жас та болса өрісі биік, 

айтыс алаңында өнер көрсетіп жүрген 

өрелі өрендер екенін көрсетті. 

Сайыс алаңына шыққан алғашқы 

жұп Динара Қуанышқызы мен Медеу 

Мырзатаев әпке мен інінің арасындағы 

сыйластықты  көрсете  білді.  Айтыс 

барысында  Динара  інісіне  жылы 

лебізін арнап, ізгі ілтипатын білдірсе, 

Медеудің заманауи әрі ойнақы «Гүл 

әпше» әнінің қайырмасын нақышына 

келтіре орындап, «Гүл әпшем-ау, Гүл 

әпше,  Ты  красавица  вообще»  деп 

Шабытты айт!   Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек.



Назарбаев Нобель 

сыйлығына 

ұсынылды

 

„

Швейцариядағы Базель 



бейбітшілік кеңсесі ғылыми-

зерттеу орталығының 

директоры Алин Варе 

Қазақстан Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев пен 

қазақстандық антиядролық 

қозғалыс белсендісі Кәріпбек 

Күйіковті бейбітшілік 

саласындағы Нобель 

сыйлығына ұсынды.

Алин  Варенің  «Facebook» 

парақшасында  хабарлауынша,  ол 

Назарбаев пен «Атом» жобасының 

Құрметті елшісі Күйіковті олардың 

ядролық қаруды жоюдағы қызметі 

үшін  ұсынған.  Кандидаттарды 

ұсыну мәлімдемесінде Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Қазақстан Президенті 

ретінде ядролық қарусыздану сала-

сында, оның ішінде Семей ядролық 

полигонын жабуда бірнеше маңызды 

бастамалар  көтергені  айтылады. 

«Кәріпбек  Күйіков  басқаратын 

«Атом»  жобасы  әлемді  ядролық 

қарудың  адам  мен  табиғатқа 

тигізетін  апатты  салдары  туралы 

баяндап, ядролық қарусыздану иде-

ясын ұсынады. Ядролық сынақтар 

құрбандарының  екінші  толқын 

ұрпағы Кәріпбектің туғаннан қолы 

жоқ» – делінген мәлімдемеде. 

Назарбаев бұған дейін ядролық 

қарусыздану саласындағы қызметі 

үшін Нобель сыйлығына бірнеше рет 

ұсынылғанымен, сыйлық берілмеген.



Материалдар әлеуметтік желіден алынды.

 

„

Қалалық мәдениет үйінде жыр алыбы 



Жамбыл Жабаевтың туғанына 171 жыл 

толуына орай «Жүз жыл жырлаған жүрек» 

атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

ЖАС ЖАМБЫЛДАР 

АЙТЫСҚА ШЫҚТЫ

  

әндете жөнелгені көрерменнің көңілін 

серпілтіп  тастады.  Сондай-ақ  сөз                                                              

сайысына қатысушылардың ойы орам-

ды  сөз  тіркестері  көптеп  кездесті. 

Ернұр Бейсенұлының «Таудай жігіт 

бол десе біреу маған, Жамбылдай ақын 

бол  деп  естіледі...»,  «Жамбыл-жыр 

фашистерді жайпап жатты, Атқан оқ 

боп майданның даласында...» деген 

сөздері көпшіліктің көңілінен шықты. 

Ал Дархан Әбдіманатұлы қыздарын 

қытайлықтарға ұзатқан қазақ отба-

сыларына: «Первыйға қыздарыңды 

алып  алып,  Второйға  жеп  отырса 

жиеніңді...» деп бүгінгі күннің өзекті 

мәселесін қозғап,  талай қаракөзге ой 

салып өтті.

Ақындар арасында әлі де кәмелет 

жасына жете қоймаған Орынбасар 

Бақытұлы, Әділет Медетқұл, Бақнұр 

Нұрман  есімді  жасөспірімдер  таң 

шығындай  мөлдір  де  балғын  сөз 

тіркестерімен сүйсінтті. Жеткіншектер 

бір-біріне әлеуметтік желіде әлемге 

әйгілі қатерлі ойын «Көк китке» ал-

данып қалмауын алға тартып, ащы 

шындықтың бетін тырнауға талпынды.  

Жас  ақындар  айтысы  Жамбыл 

өңірінде  күн  санап  өрісі  кеңейіп, 

арғымақтың  тұяғын  басар  арда 

азаматтардың  бой  көрсетіп  келе 

жатқанын  аңғартып  қана  қоймай, 

домбыраның  құлағында  ой-

нап,  шешендіктің  майын  тамы-

зар  жеткіншектердің  жетіліп  келе 

жатқанын дәлелдеп те тастады. Жыр 

сайысының барысында алты жұптың 

өнерінен кейін Дархан Әбдіманатұлы 

мен Нұрлыбек Құрманов жұп болып 

қайта айтысты. 

Қазылар  алқасының  шешімімен 

бас жүлде Нұрлыбек Құрмановтың 

қанжығасына  байланса,  1-орын 

биігінен Дархан Әбдіманатұлы көрінді. 

2-орын Дидар Апбасовқа бұйырса, 

3-ші орынға  Дидар Басықараев лайық 

деп танылды.



Ендi мұғалімдер 

үй-үйді 

араламайды 

 

„

Елiмiздiң ұстаздарына 



өзiнiң тiкелей мiндеттерiнен 

басқа жұмыстарды iстеуге 

тыйым салынады. Бұл туралы 

ҚР Бiлiм және ғылым министрi 

Ерлан Сағадиев ведомствоның 

кеңейтілген алқа отырысында 

айтты.

«Ұстаздарды  өзiнiң  қызметiнен 

басқа шаруаларға мiндеттеуге тыйым 

салынады. Бұл – үлкен жұмыс. Соған 

қарамастан, бұл iстi қолға алдық. 

Бiз мұғалiмдер өзіне мiндеттелген 

жерлердi  аралап,  талдау  жасап, 

түрлi  карточкалар  мен  жол  жүру 

билеттерiн тарататынынан хабардар-

мыз. Жұмысты ұстаздарды үй-үйді 

аралатып, статистикалық мәлiметтер 

жинауға  тыйым  салудан  бастай-

мыз», – дедi Е.Сағадиев. Сондықтан 

оның айтуынша, министрлік басқа 

органдармен бiрлесiп, ұстаз еңбегiн 

осы мақсатта пайдалануға тыйым 

салатын бiрқатар бұйрық пен қаулы 

шығармақ.

Айта  кетейік,  ол  жиында  ми-

нистр  БҒМ  Қаржы  министрлiгi 

және Бас прокуратурамен бiрлесiп, 

мұғалiмдердi  қағазбастылықтан 



құтқаратынын  да  мәлімдеген  бо-

латын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет