Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «атом» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек



жүктеу 3.84 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі3.84 Mb.
  1   2   3   4

№16 (10267)

...Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен 

«АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек 

Күйіков Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл бастаманы 

Швей ца риядағы  Базель  қаласында  орналасқан  ғылыми-

зерттеу институтының директоры Алин Варе көтеріп 

отыр.

“Биыл мен ядролық қаруды жоюдағы ерен еңбегі үшін 

Кәріпбек Күйіковті және ҚР Президенті Назарбаевты 

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсындым”, - 

деп жазды ол.

 

(Ресми ақпарат көздерінен). 

Кәсіпкерлікке- ріс кең! 

·

·



Аймақ  жаңалықтары

БИЫЛ  ОБЛЫСТА  78,4  МЫҢ 

ГЕКТАРҒА  КҮРІШ  ЕГІЛЕДІ

Облыста көктемгі дала және егін егу жұ мыс тарына әзірлік 

басталып кетті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 

мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылы өңірде 168,7 мың 

гектарға егiс егу межеленіп отыр. 

Оның ішінде, дәндi дақылдар 84,5 мың, майлы  дақылдар 7,4 

мың, малдың азықтық дақылдары 60,1 мың, картоп, көкөнiс, 

бақша 16,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің 

көлемі 78,4 мың гектар. Үстіміздегі жылдың егісіне облыс 

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өткен жылдың күз 

айларынан дайындалып, 3 144 гектар күздік бидай егіліп, қазіргі 

уақытта егіс жағдайы жақсы деп бағаланып отыр. Сонымен 

қатар, биылғы жылдың егісіне 48,8 мың гектар сүдігер көтерілді.  

Тұқым дайындау жұмысына тоқталсақ, үстіміздегі жылдың 

егісіне 612 тонна күздік бидай тұқымы дайындалып, егілді. 

Көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 146,5 

тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 223,5 тонна жоңышқа  және 

күріштің  23 355 тонна тұқымдары құйылған. Дайындалған 23 

355 тонна күріш тұқымының - 3 700 тоннасы «Маржан», 5 269 

тоннасы - «Янтарь», 11 401 тоннасы - «Лидер», 205 тоннасы - 

«Анаит», 445 тоннасы - «КазЕр-6», 600 тоннасы - «Новатор», 

1505 тоннасы - «Фаворит», 225 тоннасы - «Айсәуле», 5 тоннасы 

- «КазНИИР-5» сорттары дайындалып жатыр.

КӘСІПКЕРЛЕР  ПАЛАТАСЫМЕН 

ӘРІПТЕСТІК  ОРНАТАДЫ

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген  «Қа-

зақ 

стан-Корея ынтымақтастыққа ықпал ету орталығы» АҚ 



ди рек торы  Ву  Джонг  Хи  ханым  Кәсіпкерлер  палатасында 

болып, саланың жұмысымен танысты. Сапар барысында 

бір қатар  келісімдерге  қол  жеткізілді.  Алдымен,  палатадағы 

«Орда өнімдері» көрмесімен танысқан қонақтар Жаңақорған 

ауданындағы аяқ киім тігумен айналысатын жас кәсіпкер 

Оразай Жандостың кәсібіне қызығушылық танытты. Себебі, 

Кореяда аяқ киімдердің құны анағұрлым қымбат екен. Мұнан 

кейін, Ву ханым бастаған делегаттарға Өңірлік даму картасына 

енген жобалар таныстырылды. 

Айта кету керек, 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық 

кәсіпкерлер палатасы өңірлердегі кәсіпкерліктің дамуына 

зерттеу жүргізіп, арнайы карта әзірлеуді қолға алған болатын. 

Аталмыш база еліміздің кәсіпкерлік климатымен толықтай 

танысуға мүмкіндік беретін құралға айнала алды. Яғни, кар-

та дан  әр  аймақтың  саладағы  басым  бағыттарын,  болашақта 

ин вес тиция  құюға  болатын  салаларды  көруге  болады.  Бұл 

еліміздегі және шетелдік инвесторларды тартуға айтарлықтай 

септігін тигізеді деп күтілуде. Өңірлерді дамыту картасына Қы-

зылорда облысынан жалпы құны 80 млрд. теңгеден астам қар-

жы ны құрайтын  11 жоба енгізілді. Картаға енгізілетін жоба-

лар ды таңдау барысында нарықта сұранысқа иелігі, бәсекеге 

қабілеттілігі, облыстың экономикасы мен кәсіпкерлік саласын 

дамытуға қосатын үлесі ескерілді. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

қыз мет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қар-

сы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бой-

ын ша  департаментінің  басшысы,  Әдеп  жөнін де гі 

кеңес төрағасы А.Мұхимов аудандағы мем ле кет-

тік қызметшілермен кездесті. Кездесуді аудан 

әкімі М.Оразбаев жүргізді. Елбасының «Қа зақ-

стан ның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсе ке ге 

қа білеттілік»  атты  халыққа  арнаған  Жол дауын  да 

көрсетілген  еліміздің  даму  бола ша ғын  ай қын дай-

тын  бес басым бағыттың бірі, яғни бе сін ші ба сым-

дық-институционалдық  өзгеріс тер ге,  қауіп сіздік-

ке және сыбайлас жемқорлықпен кү ре се оты рып, 

да мы ған  30  елдің  қатарына  қосы лу дың  нақты  жол-

да рын атап көрсетті. 

Абзал Мұхимов Мемлекет басшысы бекіт кен 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, «Б» 

ко рпусының  әкімшілік  мемлекеттік  қызмет ші ле-

рінің аттестаттаудан өткізіліп жатқанын, оның ал-

ғаш қы  қорытындыларымен  бөлісті.  Ол  еліміздің 

да мыған 30 елдің қатарына кіруі үшін мемлекетті 

кәсібилендірудің, әсіресе, кәсіби аппарат құруда 

мемлекеттік қызметшілер мансабының, оның бі-

лік тілігі мен жинақтаған тәжірибесі негізінде құ ры-

луы ның маңызын жан-жақты әңгімеледі. Мем ле-

кет тік қызметшінің кәсіби әрі белсенді ұстанымы, 

жұмысты тиімді ұйымдастыра білу дағдысы, әдеп-

тілік жөніндегі көзқарасы, заман талабына сай 

сұраныстарға жауап беруі сынды қызметтермен 

бағаланатынын да айтып өтті. Сондай-ақ, Елбасы 

Жарлығымен құрылған Әдеп жөніндегі кеңестің 

өткен жылы атқарған жұмыстарын ортаға салып, 

10 отырысында 51 мәселе қаралып, 18 мемлекеттік 

қызметшінің лауазымынан босатылғанын айтты. 

Сондай-ақ, көрсетілген мемлекеттік қызмет бой-

ын ша  жүргізілген  сауалнама  нәтижелерімен  бө-

ліс ті. Кадрлар резервін дайындауда, білікті маман-

дар ды  меритократия  жолымен  өсіріп,  тәрбиелеуге 

ба сым дық беріліп отырғанына тоқталды. 

Одан  әрі  А.Мұхимов  мемлекеттік  қыз мет ші ле-

рін кешенді аттестаттау бірнеше деңгейде өткі зі-

ле тінін, оның бірінші деңгейдегісі жоғарғы, екін-

ші деңгейдегі облыстық, ал үшінші деңгейдегі 

ат тес таттау  аудандық,  қалалық  аттестаттау  ко-

мис сия лары  құрылып,  аймақ  бойынша  2716  мем-

ле кет тік  қызметшінің  өтетінін  айтты.  Әр  са ла -

дан ко миссия құрамына кіретін өкілдерді атап, 

ко миссия  жұмысының  ашықтығын  қам та  ма сыз 

етуді  көздейтінін  ортаға  салды.  Қоры тын  ды -

сында, аттестаттау комиссиясының қа 

был 


даған 

шешімі мемлекеттік қызметшіні жо ғары тұрған 

мемлекеттік әкімшілік лауазымға та 

ғайын 


дауға, 

лауазымын төмендетуге немесе оны жұ мыс тан 

шығаруға негіз болатыны жөнінде тү сін дірді. Со-

ны мен,  кешенді  аттестаттау  арқылы  мем лекет-

тік қызметте білікті, білімді, бәсекеге қабі лет ті 

кадрларды қалыптастырып, өз кезегінде бұл кәсі-

би лен дірілген  мемлекеттік  аппарат  құруға  басты 

негіз болатынын ортаға салды. 

Кездесу барысында Арал аудандық аумақ тық 

инспекция басшысы А.Әбішев, Арал аудандық 

Әділет  бас қар ма сының  басшысы  З.Айтжанова 

мемлекеттік  қыз мет шіге  қатысты  бірнеше  са-

уал дар  қойды.  Аудан  әкімі  М.Оразбаев  жыл 

өткен сайын мемлекеттік қызметшіге қойылып 

отырған талаптың күшейіп отырғанын, ауданның 

мемлекеттік қызметшілері де аттестаттаудан сәтті 

өтетіндіктеріне сенім біл дірді. 

Қ. ЕРЖІГІТҚЫЗЫ.

Үстіміздегі жылғы қаңтар айында 

Мем лекет басшысының халыққа арнаған 

«Қа зақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жа-

һан дық  бәсекеге  қабілеттілік»  ат ты 

Жол дауын бүгінгі таңда барша қа зақ-

стан дықтар  болашаққа  жасалған  бағ-

дар 


шам деп біледі. Ұлт Көшбасшысы 

осы нау  стратегиялық  маңызға  ие  құ-

жат та егемен ел атанғаннан бергі та быс-

тарымыз бен жетістіктерімізді ба 

ғам-

дап, «Нұрлы жол» экономикалық сая-



са ты ның  және  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарының нәтижелерін бұқаралық 

ақпарат құралдары арқылы жұртшылық 

назарына ұсынды. 

Иә, Жолдаудың тағы бір ерекшелігі, 

білім саласына басымдық берілуі еді. 

Нақтырақ тоқталсақ, ел Президенті: 

«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рө-

лі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз–бі-

лім беруді экономикалық өсудің жа-

ңа мо 

делінің орталық буынына ай-



нал ды ру. 

Оқыту 


бағдарламаларын 

сыни ойлау қабілетін және өз беті мен 

іздену дағдыларын дамытуға ба 

ғыт-


тау  қажет.  Сонымен  бірге,  IT-бі лім ді, 

қаржылық сауаттылықты қалып тас ты-

ру ға,    ұлтжандылықты  дамытуға  ба са 

кө ңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мек теп-

тері арасындағы білім беру сапасының 

ал шақ ты ғын  азайту  қажет.  Атап  айтқан-

да, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу 

мәселесі бойынша ұсыныстар әзір лен-

сін.

Қазақ тілінің басымдығы сақталады. 



Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бө лі-

неді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын 

тілі–жаңа технология, жаңа индустрия, 

жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90 

пайыз ақпарат ағылшын тілінде жа рия-

ланады. Әрбір екі жыл сайын олар дың 

көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағыл-

шын тілін меңгермей, Қазақстан жал пы 

ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 

жылдан бастап 10-11 сыныптарда кей-

бір пәндерді ағылшын тілінде оқы та тын 

боламыз»-деген сөзі барша қазақ стан-

дықтардың кемел келешекке деген сені-

мін маздатты.

Өркениет көшіне ілескен Қазақстан 

дамудың даңғыл жолына түсті. Ұстаздар 

мен шәкірттер үшін заманауи үлгідегі 

білім ұялары жарыса бой көтерді. Оны 

ау да нымыздан  да  оңай  аңғарамыз.  Ен-

ді гі  міндет-үш  тұғырлы  тіл  саясатын 

жүйе лі  жүргізіп,  болашақ  иелерінің  жа-

ңа технология, жаңа индустрия тілі са-

налған  ағылшын  тілін  жетік  мең ге руі не 

барлық жағдай жасау. Жолдауда нақты 

айтылғандай, 2019 жылдан бастап 10-

11 сыныптарда кейбір пәндерді ке зең-

кезеңімен ағылшын тілінде оқыту бас та-

масы құптарлық.  Бұл-уақыт тала бы. 



Айгүл ҚАЛҚАМАНОВА,

№248 орта мектеп 

директорының орынбасары.

Жиын

·

·



УА ЫТПЕН   НДЕСКЕН  ЖОЛДАУ

ЫНТЫМАҒЫ  ЖАРАСҚАН ЕЛ

Қазақ-татулық пен бірлікті, береке мен ынтымақты ту еткен аса 

қонақжай халық. Қашан да дастарқанынан нан, шаңырағынан той-

думан арылмаған ақ көңіл жұртымды жаныма жақын тартатыным 

да сондықтан. Мен орыс ұлтының өкілі болсам да, қазақ елінің 

халқын өз қандастарымдай көремін. Қай жерде болмасын, қазақ 

халқының қонақжайлылық әдебін көріп өскендіктен, мен өзімді 

осы елдің бір баласындай сезінемін. Орыс болсам да мен қазақтың 

ортасында өстім. Ұлтымның басқа екеніне қарамастан, мен осы 

кезге дейін өз басымнан өткен қандай да бір шеттетушілікті 

көргенім жоқ. Өзім араласатын ортаның баршасы мені өз 

қандасындай көрді. Не көрсек те, басымыздан не өткерсек те, бірге 

болған қазақ халқының даладай дархан пейіліне разымын. Еліміздің 

күнтізбесіне соңғы жылдары тағы бір даталы күн қосылғанын 

білеміз. Ол 1 наурыз-еліміз бойынша алғыс айту күні. Мен осы 

ретте, досына құшағын айқара ашатын ақ жарқын елімнің бізге 

жасаған қамқорлығы мен көмегіне шексіз алғысымды білдіремін. 

Қайда жүрсем де қазақтай мейірбан, қамқор халықтың  ортасында 

өскенімді мақтан етемін. «Бақ, қайда барасың»,-десе, -татулық пен 

береке орнаған, ынтымағы жарасқан елге барамын»,-депті. Бұл 

ретте, мен туған Отаным Қазақстанды бақ пен береке орнаған елге 

теңеймін.

Елімізге ортақ аталмыш мереке қарсаңына орай мен барша 

қазақ халқы мен бізге тілеулес аралдықтарға мызғымас татулық 

пен айрандай ұйыған ауызбіршілік тілеймін. Ертеңге деген сенімі 

еселеніп келе жатқан еліміздің егемендігі мәңгілік, айбыны асқақ 

болсын. Қашан да тыныштық пен татулықты ту еткен зайырлы 

мемлекет ретінде елімнің одан әрі өсіп-өркендеуіне тілекшімін. 



Юрий  УТКИН,

қала тұрғыны. 



ҚАЗАҚ  ХАЛҚЫНА  БАС  ИЕМІН

2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының 

Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 

құрылған күні 1 наурызды қазақ халқына Алғыс айту күні деп 

жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 

жылдың 1 наурызынан бастап тұңғыш рет Алғыс айту күні мереке 

ретінде кең көлемде атап өтіліп келеді. 

Алғыс айту күні-ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, 

өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің 

орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім 

саясатының салтанатты күні. Бұл күн-тағдыр тәлкегімен Қазақстан 

жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған 

өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен 

қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Бүгінгі таңда жүрегі 

жомарт, пейілі дархан қазақ халқының жақсылығын сезінген 

жандардың қатары қасиетті Арал топырағында да баршылық. 

Мен ынтымағы жарасқан Қазақстанда, оның ішінде теңізі 

телегей болған қасиетті Арал қаласында тұрып, еңбек етіп 

жатырмын. Өзге ұлтты өзегінен теппейтін қазақ халқы, ұлтым 

бөлек болса да өгейсіткен емес. Орыс тілінде білім алып, ұстаздық 

жолды жалғастырып келемін. Ұстаз болу оңай іс емес. Бір-бір 

үйдің еркесін қалыптасқан тәртіпке көндіріп, мектеп өміріне 

үйретіп, білім алуға, адами қасиеттерге баулу ұстаздан көп еңбекті, 

төзімділік пен шыдамдылықты қажет ететіні даусыз. Бүгінде 

Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектепте Қазақстанның жас 

ұландарына дәріс беріп келемін. 

Егемендігіне 25 жыл толған Қазақ елі қашаннан да бауырмал 

халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген жандардың 

бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қиын кезеңдердің 

өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған 

қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 

136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр 

кешіп жатыр. 

Ұлы Абайдың: «Азаматтың бәрін сүй, бауырым...» деп айтқан 

өсиетін, кемеңгер, ойшыл Пифагордың «Жердің жемісін жылына 

бір көрсек, достың жемісін күнде көреміз» деген даналық сөзін 

басшылыққа алған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Көп ұлтты 

болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз» деп көрегенділік 

білдірді. 

Ұлтым молдаван болса да, жүрегім қазақ деп соғады. Мен 

Қазақстан азаматы екендігімді мақтан етемін. 

Виктор ЧУМАШ,

№13 орта мектептің мұғалімі.

·

·

1  наурыз – Алғыс  айту  күні



Брифингте Халықаралық көрмелер бюросының 

(ХКБ) бас хатшысы Висенте Лосерталес, Қытай Ха-

лық Рес публикасының секциялар комиссары Ван 

Цзи ньч жень,  Литва Республикасы  секциялар ко-

мис  сары  Ромас  Янкуас,  ЭКСПО-2017 комиссары 

Ра  пиль  Жошыбаев  пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» 

АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шор-

ма нов көрмеге дайындық жұмыстары туралы ақпар 

берді.  

Онда Висенте Лосерталес кешеден бері ЭКСПО 

көр месі өтетін жерде болып, құрылыс жұмыстарымен 

танысқанын, қазір көптеген елдер павильондарын 

ашу ға  белсене  әрекет  етіп  жатқанын  айтты.  Сонымен 

бірге, ол көрменің аумағында шетелдік қонақтарға 

арналып салынған пәтерлердің құрылысына бағасын 

беріп, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы көрмеге 

қа тысушыларды баспанамен қамтамасыз етуде жақ-

сы жұмыс істегенін атап өтті. 

Кездесуде Ербол Шорманов Халықаралық көр-

ме лер бюросының өкілінің сөзіне қосыла келіп, бұл 

жерде 1 374 пәтердің салынғанын, онда ұлттық сек-

ция 


лар комиссарлары, олардың отбасылары мен 

бас қа да шетелдіктердің орналасатынын айтты. Ал, 

кешегі жиын туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» 

АҚ басқарма төрағасының орынбасары оның тиіс-

ті деңгейде өткенін, шетелдік комиссарлардың елі-

міз дің көрмеге дайындығына жоғары баға бергенін 

жеткізді. Сондай-ақ, ол жиында көрме кезінде бо-

ла шақ  энергиясы  саласы  бойынша  ең  үздік  атанған 

ин но ва циялық  жобаға  20  000  еуро  көлемінде  сыйақы 

та ғайын дау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. 

-Жиында көрмеге қатысты барлық мәселені тал-

қы ладық.  Қазір  ЭКСПО-ға  115  ел  мен  18  халықаралық 

ұйым қатысуға ниет білдіріп отыр. Кешегі басқосуда 

біз солардың бірімен ынтымақтастық туралы ме-

мо ран думға  қол  қойдық.  2020  жылы  Дубай  қала сы 

кезекті ЭКСПО көрмесін өткізеді. Осыған бай ла-

нысты біз Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдерімен 

өзара тәжірибе бөлісу туралы мәселені талқыладық,-

деді ол.

Орталық  коммуникациялар  қызметінде  «ЭКСПО-2017» халықаралық  көрмесіне  

қатысушылардың  ІІІ  жиналысының қорытындысына  арналған  баспасөз  мәслихаты өтті.

Шағын және орта бизнес-ел экономикасының негізгі қоз-

ғалт қыш күші. Содан да болар, Мемлекет басшысының қам-

қорлығын сезінген сексеуілдік кәсіпкерлер жыл өткен сайын 

қанатын кеңге жайып келеді. 

Уақыт талабына сай халыққа қызмет көрсету орталықтары 

көбейіп,  ауқымды жобалар қолға алынуда. Кез келген істі жан-

дан дыру мақсатындағы бағдарламалар аясында көптеген жұ-

мыстар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі-«Альмира» сауық-

тыру кешені талапқа сай бой көтерді. Елбасымыздың спорттың 

бұқаралылығын арттыру туралы тапсырмасына үн қосқан осын-

дай кәсіпкеріміз бар. Мұнда барлық жағдай жасалған. Бильярд 

ойыны, өзге де жаттығулар жасауға мүмкіншілік мол. 

Кенттегі мал сою пунктінің жұмысы да талапқа сай. Мемлекет 

басшысының кәсіпкерлікті қолдау туралы тапсырмасы кентте 

белсенді орындалуда. Қаншама адам тұрақты жұмыспен қам-

тыл ды. Кентте өткен жылдың өзінде екі нысан ел игілігіне бе-

рілді. Соның бірі, Жамбыл көшесінің бойынан көлемі 37х24 

шаршы метр «Назарша» тойханасы салынып, пайдалануға бе-

рілді. Сонымен қатар, өткен жылы Бейбітшілік көшесі бойынан 

«Мың майда» сауда дүкені ашылып, халыққа қызмет жасауда. 

Сондай-ақ, кенттің жаңа мөлтек ауданынан 160 орындық «Ал ма-

Рай» және темір жолдың арғы бетінен салынған «Жәния» бала-

бақшалары да кент тұрғындарының көңілінен шығуда. Мұн-

дағы оқыту, тәрбие жұмыстары заман талабына сай негізделген. 

Мұның бәрі ел болашағы бүлдіршіндерге барынша жағдай жа-

сал ғандығының белгісі емес пе?! 

«Алма-Рай» жеке балабақшасына 27 адам, «Жәния» бала-

бақ шасына 21 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Осынау игі 

іске кент тұрғындарының ризашылығы шексіз. Сондай-ақ, кент 

бойынша кәсіпкерлер саны 2015 жылы 320 кәсіпкер болса, қа-

зіргі таңда олардың саны 340-қа жетіп отыр. 



Нұрсәуле ЖАНҒАЗИЕВА,

жеке кәсіпкер.

Сексеуіл кенті.

Биыл қар өткен жылдармен салыс тыр-

ғанда әлдеқайда көп мөлшерде жауды. Тіп-

ті, маңызы бар автомобиль жолдарында 

қа ты нас  қиынға  соқты.  Атап  айтсақ,  «Қа-

мыс тыбас-Аманөткел» 

бағытындағы 

70 


ша қы рым  жолдағы  жолаушылар  көлі гі нің 

жү руіне  кедергі  келтіргенін  де  жұрт шы-

лық тан естіген едік. Осы орайда, біз аудан 

әкімдігі аппаратының жұмылдыру дайын-

дығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің 

бас шы сы  Шерхан  Есжановпен  хабарласып, 

ауылдардағы орын алған ахуалдың жай-

жапсарын сұрадық. 

-Бұл жөнінде аманөткелдіктер тара-

пы 


нан аудандық «Толқын» газетінде хат 

та жарияланған екен. Аудан әкімі Мұхтар 

Оразбаев көп тілегін ескерусіз қалдырмады. 

Сыр беткейіндегі жұртшылықты жол қиын-

шы лы ғынан құтқару үшін арнайы тех ни ка-

лар бөлінді. Қазіргі таңда аталмыш ауылдар 

мен аудан орталығы аралығындағы жол 

қа ты насы  ретке  келтірілді,-деп  бұл  қар 

зардабының алдын алу жұмыстарының нә-

ти жесі  екеніне  тоқ тал ды.

Иә, жайма-шуақ көктем мезгілінің 

жа қын дағанын 

аңғартқандай, 

сірескен 

қардың көбесі сөгілді. Күн тез жылынуына 

байланысты, айнала толы еріген қар суы 

лезде төңірекке жайылып, лайсаң көшелер 

көліктердің де, жаяу жүргіншілердің де жү-

ріп-тұруы на  қиындық  туғызды.  Мәселеге 

сергек қараған аудан әкімінің ті ке лей тап-

сырмасымен  «Арал  тынысы»  жа уап кер-

шілігі шектеулі серіктестігі шұ 

ғыл іске 

кірісті. Нақтырақ тоқталсақ, мен 

ші 

гін-


дегі техникалар жұмылдырылып, Абай, 

Бақтыбай батыр, М.Өтемісұлы, І.Жан 

сү-

гіров көшелері бойындағы жиналған ағын-



ды су тазартылды. Мұндай жұмыс әлі де 

жалғасын табады.   



А.ЖАЙШЫЛЫҚ.

АУ ЫМДЫ  ЖОБАЛАР 

ОЛ А  АЛЫНУДА

·

·



Шұғыл  іс

2

Байырғы ата кәсібімен қайта қа-

уыш 

 

қан ағайынға деген ерекше іл-



ти  паты болар, Елбасы балық өсіріп 

жат  қан Қосжар питомнигіне ат басын 

ті ре ген  болатын.  Сол  жылдан  бастап, 

Арал өңіріндегі су айдындарынан ба -

лық аулау көлемі жылдағыға қа ра  ған-

да өсе түсті. Елбасының елге кел уі, 

ра сын да да аралдықтарға құт бол ды. 

«Кіші  Аралды  ұлы  теңізден  бө ліп  ал ып, 

жағалауды қалаға дейін жет 

кі 


зуі 

міз 


керек.  Ол  үшін  САРАТС  жо ба сы ның 

бірінші кезеңін бастап ке туі міз қажет» 

деп кесіп айтқан еді. Осы 

дан бас-


тап айтылған шаруаны орындау жо-

лында қыруар жұмыс жа салып, жоба 

осылай жүзеге асты. Бұл-бір жа 

ғы. 


Алдына шыққан қаншама қиын дық-

қа қарамастан, алған бетінен қайт па-

ған дығы  Президенттің  қайсарлығын 

көрсетті. Соның нәтижесінде, қа-

зір қаладан 18-ақ шақырымдай ға на 

жерде Кіші Арал теңізі пайда бол-

ды.  Алып  жобаның  бірінші  ке зе ңі 

бойынша «Көкарал» бөгеті тұр 

ғы-

зы лып,  «Ақлақ»  су  тоспасының  аяқ-



та луына  байланысты  көлдер  жүй-

е 

сін қалыптастыру, суландыру, су 



реттегіштерін орнату, реттеу жұ мыс-

тарын атқаруға қол жетті. Сыр да рия 

өзенінің арнасы реттеліп, «Қа ра өзек», 

«Әйтек»  тоспалары  қайта  жаң ғыр тыл-

ды. Соның нәтижесінде, бүгінде жан-

жақтағы көлдерге су келуде. «Ақ лақ-

тың» келешегі зор. Қазіргі кезде сонда 

су электр стансасын салу көзделуде. 

Кі ші  Арал  суға  толып,  суының  тұз ды-

лы ғы  азайды.  Оның  байырғы  кәсіп-

тік маңызы оралды. Сөйтіп, теңізде 

ба лық тардың  өсіп-өнуіне  қолайлы 

жағдай туды. Осылайша, 1990 жыл-

да ры балықтың тек қана екі-ақ түрі, 

яғ ни  камбала  глосса  мен  балтық  май-

ша бағы  ғана  қалған.  Бүгінде  теңіздің 

ін жу-маржаны  қайта  оралып,  қазір 

ба лық тың 22 түрі бар. Осы күні Арал 

ау да нында  балықты  өсіру  мен  аулау 

ісі ғана емес, сол өнімді өңдеу ісі де 

жүйе лі  жолға  қойылған.  Кезінде  ау-

дан экономикасының негізгі ті 

ре 

гі 


болған  өңдеуші  өнеркәсіп  са ла ла-

рын қайта қалпына келтіріп, им порт 

алмастыратын және бәсекеге лай ық 

өнімдерін өндіруге жарамды жа 

ңа 

бағытты қалыптастыру мақ 



са 

тын-


да «Балық шаруашылығын да 

мы-


ту» консорциумы құрылып, жұ 

мыс 


жасауда. Сонымен қатар, за 

ма 


науи 

тұрғыда  салынған  балық  өң  дей тін 

7 зауыт жұмыс істейді. 1990 жыл-

дары жылына 3000 тон 

на 

ға жу 


ық 

балық ауланса, қазір 8000 тон  надан 

астам  балық  ау ла нып,  3000  тон наға 

жуық  балық  өң де лу  де.  Балық  ша руа-

шы лығының  ар қа   сын да  маусымдық 

жұ мыстың  өзі не  3,5  мың нан  астам 

адам  жұ мыс   пен  қам тылып  отыр.

Ау   дан  әкі мі  Мұх тар  Оразбаев  ау дан-

ның  қа зір гі  кез дегі  даму  барысына 

жан-жақ ты  тоқ  тал  ды.

-Арал – өндірісті аудан. Ақ ал ты-

ны ғасырға жуық уақыттан бері ел 

кәдесіне жарап келе жатқан «Арал тұз» 

акционерлік қоғамы қазу, оны өң деп 

тұтынушыларға жеткізу жұ мыс тары 

мен  жер  қойнауын  пай да ла ну  үшін 

берілген Үкіметтің лицен 

зия 


сына 

және келісімшартына сай қар қын ды 

жұмыс істеуде. Бүгінде ком 

би 


натта 

1000-нан аса адам тұрақты жұ 

мыс 

істейді. Жаңадан қосылған екі цех та 



60 жаңа жұмыс орны ашылды. Ак цио-

нер лік  қоғам  республикадағы  тұз  қазу 

мен өңдеу бойынша ең ірі кәсіпорын 

болып саналады. Комбинат алдағы 

уа қыт та  Сауд  Арабиясы,  Жапония, 

Қы тай елдерімен байланыс орнатуды 

жос пар лап отыр. Өткен жылдың шілде 

айын да компания ас және техникалық 

тұз өндіретін екінші испан зауытын 

пайдалануға берді. Соның арқасында 

ай сайын шығаратын өнімді 25 000 тон-

наға дейін өсіру жоспарланып отыр. 

Жаңа зауытқа 200-ден астам адам 

жұмысқа алынбақшы. Жобаның нә-

ти жесінде,  ас  тұзының  ұсақтығы  нөл-

дік, тегістелген өндірісі 7 есеге өспек. 

Өнімдерінің ауқымын кеңейтіп, өн-

ді ріс тік  желісінде  сумен  жабдықтау 

үшін тұз түйіршіктері қолданылады. 

Сон дай-ақ  жылына  200  мың  тонна 

өнім шығарады деп жоспарланып 

отыр ған  кальцийлендірілген  сода  за-

уы ты  «Аралтұз»  акционерлік  қоға мы-

ның өндірісті әртараптандыру бас-

та масы  аясында  салынбақ.  Ка ль ций-

лендірілген сода – өндірістің барлық 

са ласында  кеңінен  қолданылатын,  күн 

сайын маңызы артып келеді. Қазір ел 

нарығы бұл өнімді 100 пайыз сырттан 

алып отыр. Бүгінде жобаның технико-

экономикалық негіздемесін әзірлеу 

аяқталды. Жоба бастамашылары оны 

жүзеге асыру үшін Қазақстан Даму 

банкінен инвестиция тартумен ай на-

лысуда,-дей келе, сөзін былайша са-

бақ тады: 

-Жол – қашан да тіршіліктің кү ре-

та мыры.  Жалпы  ұзындығы  1200  ша қы-

рымнан асатын «Бейнеу–Сексеуіл–

Жез қазған»  темір  жолы  бірнеше 

өңір мен бүкіл республиканың тір-

ші лігіне  жан  бітіріп,  ондаған  жыл 

-

дарға алға жетеледі. Темір жол 



дың 

2012 жылы Индустриалдық фо 

рум 

барысында Елбасымыз Н.На 



зар-

баевтың телекөпір арқылы «Бей-

неу–Сексеуіл–Жезқазған» темір 

жо лы ның  құрылысын  бастауға  рұқ-

сат бергені барша аралдықтарды 

қуант қан еді. Бүгінде темір жол біз-

дің ауданымыздың үстімен жүріп, 

бір не ше  станса,  бекеттер  бой  кө тер-

ді.  Кезінде  құм  басқан  маң  да ла ға 

тірлік бітіру мүмкін еместей кө рін-

гені де рас. Бірақ қолдау болып, қол-

ға алса бітпейтін іс болмайды екен. 

Темір жолмен алғашқы жүк пой ыз-

дары жолға шықты. Станса ма ңын-

дағы ауыл тұрғындарының дүр 

сіл-


де ген  тепловоз  дауысынан  оянып, 

жа 


ңа 

ша бір тіршілікке де төселді. 

Жүз де ген  аралдықтар  темір  жол  құ-

ры лысына  қатысып,  жергілікті  аза-

мат тар жұмыспен қамтылды. Өт кен 

жылы, Ұлыстың ұлы күні қар са ңын-

да жолаушылар пойызы да жүре 

бастады. №617 жолаушылар пойы зы-

нан «Абай» стансасына алғаш түс кен 

жолаушылардың қуанышында шек 

болмады. Сондай-ақ елге елді жал ға-

ған, ауданымыздың оңтүстігі мен сол-

түс тігін  түгел  басып  өтетін,  аудан  көле-

мін дегі ұзындығы 213 шақырымды құ-

рай тын  күре  жол–«Батыс  Еу ро па–

Батыс Қытай» халықаралық тран зит-

тік көлік дәлізінің құрылысы да сәтті 

жүргізілді. Қазір оның бойынан біраз 

нысандар ашылып, жергілікті халық-

ты жұмыспен қамтып отыр, – деді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

стра тегиялық  жоспарын  жүзеге  асы-

ра отырып, жыл сайын Қазақстан өз 

да муында  жаңа  сатыға  көтеріліп  келе 

жатқанын толық сеніммен айтуға 

болады. Мемлекет басшысының тап-

сыр ма сымен  жүзеге  асырылып  отыр-

ған «Бейнеу-Бозой-Шым кент» жо ба-

сы  Арал  қаласының  тұр ғын да ры  на  өте 

ыңғайлы,  экологиялық  тұр  ғы  дан  таза 

әрі  өте  үнемді  отын  пай  да лану  мүм-

кін дігін  берді.  Аудан  әкі мі  ат қа рылып 

жатқан ауқымды жұ 

мыс 


тар туралы 

әңгімесін одан әрі былай жалғады: 

-Өң деуші  өнеркәсіп  саласы  өткен 

жыл дың қорытындысымен 1998 жыл-

мен салыстырған 

да 15 есеге артты. 

Сон  дай-ақ,  азық-түлік  өнімдері  өн ді рі-

сінде, балық өнеркәсібінде, бетон жә-

не пластмасса өнім дерінде, тұз жә не 

кварц топырағы өндірісінде де ай тар-

лық тай өсімге қол жеткізілді.

Аудан экономикасын қуаттандыра 

түсуде аграрлық сектордың алатын 

орны ерекше. Ауыл шаруашылығы са-

ла сында өндірілген өнім көлемі 1998 

жы лы  200,0  миллион  теңгені  құраса, 

2015 жылдың қорытындысымен бұл 

көрсеткіш 4533,00 миллион тең 

ге 

ге 


жетіп, 22,7 есеге артып отыр. Ха лық-

тың басты тіршілік көзі – мал ша-

руа шылығы  саласында  малдың  гено-

фо нын сақтай отырып, мал ба сы мен 

одан алынатын өнімдердің елеу 

лі 


өсуі көңілге қуаныш ұялатады. Бар-

лық мал басы түрінен өсім жоғары 

көр сет кішті  көрсетуде.  Жыл  санап 

егін шаруашылығына да аса мән 

бері ліп келеді. Өткен жылы 253 гек-

тар жерге егін егіл ді. Сонымен қоса 

Ақбай  алқабында   500  гек  тар  жерге 

мал азығындық дақылдар өсіру жос-

пар ланып,  тиісті  дайындық  ша ра лары 

жасалуда. Елбасымыз айт қандай, тәу-

ел сіздігіміздің  жеті  қазы на сы ның  бі-

рі-индустриялық-ин но вациялық  эко-

но ми ка.  Яғни,  же рі міз дің  байлығы 

ха лыққа тиесілі. Қуан тар лық жағдай, 

ауданға инвестиция тар 

ту, тау-кен 

өндірісін дамыту бағы тын  да ауқым-

ды  шаралар  атқа рыл ға лы  тұр.  «Арал-

мұнайгаз»  ЖШС-і  Арал  қа ла сының 

оңтүстік-шығыс бетін 

де, Аман 

өт 


кел, 

Мергенсай ауылдық округ 

те 

рін 


де 

мұнай барлау жұмыстарына кірісуде. 

Зерттеу,  барлау  жұ мыс та ры ның  қо-

ры тындысымен  мұнайдың  бол жам-

ды қоры анықталып жатса, еліміз дің 

мұнай-газ секторын дамытуда Арал-

дың да өзіндік орны болары анық. 

Ауданға тартылған инвестиция кө-

ле мі 200,0 есеге дейін артты. Аудан 

бюд же тінің  толығуына  қомақты  үлес 

қо сатын шағын кәсіпкерлік те қар-

қынды дамып келеді. Шағын және 

орта бизнесті дамыту саласы бойын-

ша жоспарланған жұмыстарды іске 

асы 

ру 


да 7 балық зауыты ашылды. 

Тоқ тап тұрған өндіріс орындары іс ке 

қосыла бастады. Осы мақсатта ау дан 

орталығындағы  ұн  шы ғаратын  эле ва-

тор ға инвестор тартылып, эле ва  тор-

дың қуаттылығы тәулігіне 120 тонна 

ұн шығаруға мүмкіндік алды. Қазіргі 

таңда «РАННАР» жеке шаруашылық 

серіктестігі «Аралым» ұнын және 

мал азығындық жемін саты 

лымға 

шығаруда, – деп жұмыс уақытының 



тығыздығын, тоғыз жолдың торабы 

Сексеуіл кен тіне жол жүруі керектігін 

айтты. Аудан бас шысының іскерлігіне 

іштей риза болып қалдық. 2015-

2019 жылдарға арналған Үде 

ме 


лі 

индустриялық-инновациялық даму 

бағ дар ламасы аясында өңірлік ин дус-

трияландыру картасына ауданнан 4 

жоба кіріп отыр. Арал қаласында 10 

гектар жерді индустриялық аймақ 

құру жұмыстары бойынша «Берекет» 

шаруа қожалығының «Ет және ет 

өнім дерін  өндіру,  тұшпара  цехын 

салу», «Аралым» ЖШС-нің «Ди вер-

сификацияланған көпсалалы ауыл-

ша руашылық  кешені»,  «Жаңа  Арал» 

ЖШС-нің «Тері және жүнді алғашқы 

өңдеу жобаларын іске асыруға беру 

жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 

рес публикалық 

индустрияландыру 

кар   та сына  ауданнан  «Арал  Сода» 

ЖШС-нің «Кальцийлендірілген со да 

өн  діру» жобасы ұсынылып отыр. Ау-

дан да  1991  жылдан  бастап,  экономика 

саласында 10050 жаңа жұмыс орыны 

ашылды. Нәтижесінде, өткен жылғы 

көрсеткіш бойынша жұмыссыздық 

дең гейі  0,1  пайызға  төмендеген.  2002 

жы лы аудандағы орташа жалақы кө-

ле мі 13683 теңгені құраса, 2015 жылы 

бұл көрсеткіш 86066 теңгеге жетті.

Өткенімізге құрметпен қарай 

оты рып,  өскенімізді  көрсеттік.  Ау да-

ны мызда  «Жалаңтөс  баһадүр»,  «Ақ-

тан батыр және Жалаңтөс ба 

тыр», 

«Жетес би», «Қыз Жібек пен Тө-



ле ген»  ескерткіштері  тарихи  шын-

дыққа негізделініп салынды. «Тағ зым» 

алаңы,  Ұлы  Отан  соғысы  құр бан да-

рына және «құрыш қазақ» атан 

ған 

ақын З.Шүкіровке ескерткіш мо 



ну-

мент орнатылды. Сондай-ақ Қа 

зақ-

станның халық жазушысы, ХХ ға-



сыр дағы қазақ әдебиетіне елеулі үлес 

қос қан 


суреткер 

Ә.Нұрпейісовтің 

Әде биет  үйі  аралдықтардың  рухани 

ор да сына  айналды.  Әдебиет  үйінің  ал-

ды на жазушының «Соңғы парыз» ро-

ма нындағы  кейіпкерлеріне  арналған 

ес керт кіш қойылды. Сонымен бірге, 

өткен ғасырда, 1921 жылы В.Ленин-

нің Поволжье жағалауындағы аш-

тық қа ұшыраған 8 миллион халыққа 

кө мек беруін сұраған Үндеу хатына 

бай ла нысты 

аралдықтардың 

14 


вагон балық жіберіп, нәубеттің бе тін 

қайтарғаны белгілі. Сол кезде балық-

шы лардың 

басы-қасында 

болып, 

ұйым дастыру  жұмыстарын  жүргізген 



Арал Совдепінің председателі Т.Ме-

дет баевқа қаладағы орталық алаңнан 

бюст қойылды. Бұл-келешек ұрпаққа 

үлгі-өнеге.

Бүгінгі таңда ең өзекті мәселелер-

дің бірі-тұрғындарды баспанамен қам-

тамасыз ету. Өңірде «Қолжетімді тұр-

ғын үй-2020» бағдарламасы негізінде 

2010-2014 жылдар аралығында 62 

арен  далық тұрғын үй салынып, ел игі-

лі гіне  берілді.  Сексеуіл  кентінде  әкім-

шілік ғимараты, Арал қаласында ком-

муналдық тұрғын үй пайдалануға бе-

ріл ді.  «Қазақстан  Республикасының 

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын 

үй-коммуналдық шаруашылығын мо-

дер низациялау» бағдарламасы аясын-

да 2014 жылы Арал қаласындағы 10 

көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөн деу-

ден өтсе, өткен жылы 8 тұрғын үйге 

күр делі  жөндеу  жұмыстары  жүр гі зіл-

ді.


Жол инфрақұрылымын дамытуда 

2014 жылы Арал қаласындағы жал-

пы ұзындығы 11,45 шақырым 13 көше 

жөндеуден өткізілді. Сон дай-ақ «Са-

мара-Шымкент-Сек се уіл»,  «Са ма ра-

Шым  кент-Қамыстыбас»,  «Аман өткел-

Бө ген», 

«Самара-Шымкент-Жақсы-

қы лыш-Тоқабай-Абай» 

авто көлік 

жол  дары және Сексеуіл, Жақ сы қы-

лыш, Қамыстыбас, Шижаға ел ді  ме-

кен 

 

 



дерінің ішкі жолдары жөнделді. 

Ел ба сы ның  тікелей  қолдауымен  ау дан 

ор талығы толығымен орта лықтан ды-

рылған ауыз су жүйесіне қо сыл ды. 

Сондай-ақ 14 елді мекенге таза ауыз 

су жүр гізіліп, соңғы 5 жылда 8 ел-

ді мекен «Арал-Сарыбұлақ» топтық 

су құбырына қосылды. Алда аудан 

көлеміндегі елді мекендерді 100 пайыз 

таза ауыз сумен қамтамасыз ету мін-

деті тұр. Ел болашағы жастардың қо-

лында деп жатамыз. Осыны ескере 

отырып, ауылдарды дамыту шаралары 

аясында соңғы 5 жылда ауылдық ме-

кендерге әлеуметтік салада жұмыс 

іс теуге барған 114 маманға көтерме 

жәрдемақы төленіп, 51 маманға тұр-

ғын үй сатып алуға несие берілді.

Ау дандағы  Сексеуіл,  Қамыстыбас, 

Ши жаға сынды тіректі елді мекендерді 

да мыту, қоршаған ортаны қорғау ша-

ралары республикалық және об лыс-

тық бюджеттерден қаралған қар жы 

көлемінде іске асырылды. Қол жет-

кізген жетістіктердің ішінде елі 

міз-


дің әлеуметтік-экономикалық жағ-

дайы жақсаруының басты айғағы-

бюд же ттің  кіріс  бөлігінің  артуы. 

Ау дан бюджетінің кірісі 1996 жылы 

560,0 миллион теңгені құраса, өткен 

жылдың қорытындысы бойынша бұл 

көрсеткіш 8376 миллион теңгеге жет-

ті. Сөз реті келгенде айта кетуіміз ке-

рек, осынау қыруар шаруаны жү зе ге 

асыру барысында облыс әкімі Қы рым-

бек Елеуұлы Көшербаевтың да қос қан 

үлесі зор, еңбегі ерен. Өйткені, түй-

ткілді мәселелерді шешуге тікелей өзі 

араласып отырды. Оның да нәтижесін 

халық көріп отыр.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет