№9 (1349) 1 наурыз 2017 жыл, сәрсенбі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық мұражайында «Болашақ энергиясының арғы тегі – шырағдандар шеруі» атты көрме өтуде. 100 КҮН Қалды



жүктеу 5.6 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата27.03.2017
өлшемі5.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

www.z-taraz.kz

 №9 (1349) 1 наурыз

 

2017 жыл, сәрсенбі



«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық мұражайында 

«Болашақ энергиясының арғы тегі – шырағдандар шеруі» атты көрме 

өтуде. 

100 КҮН ҚАЛДЫ

 

„



1 наурыз – 

еліміздегі билеуші 

партия «Нұр Отан» 

партиясының 

құрылған күні. 

Елбасы Н.Назарбаев 

жетекшілік ететін 

«Нұр Отан» партиясы 

қазақстандық 

көшбасшы партия 

ғана емес, әлемдік 

деңгейде де бағыт-

бағдары айқын 

және даму барысы 

дараланған биіктігімен 

бағалы ұйым. 

Мемлекет басшысы 

өзінің дәстүрлі 

Жолдауларында «Нұр 

Отан» партиясына 

басымдық беріп, қоғам 

тынысындағы қайбір 

мәселе болмасын 

партияның араласуына 

жол ашып келеді. 

Бүгінде шаһарда 

осынау партияның 

16141 мүшесі бар. 

Қаламызда ықпалды 

партияның қолға алған 

7 жобасы аясында 

ауқымды жұмыстар 

жалғасын табуда. Ел 

сеніміне ие болған 

партия әлі талай 

жобаларды қолға 

алады.

 

„



Бүгін – Алғыс айту күні. Бұл мереке елімізде осымен екінші рет аталып өтуде. Қазақ халқы қай 

дәуірде болмасын өзінің кеңпейілділігімен, қонақжайлығымен танылған. Ғасырдан-ғасырға жалғасқан 

алтын көпір көпке үлгі болып отыр. 

 

8-9 бет

 

5-бет

Құрметті Тараз қаласының 

тұрғындары және қала 

қонақтары, 1 наурыз – Алғыс 

айту күніне орай Тараз қаласы, 

Жамбыл даңғылы, 18 «А» 

мекенжайындағы коммуналдық 

базарда жеңілдетілген 

бағамен ауыл шаруашылығы 

жәрмеңкесі өтеді.  

ҚҰРМЕТТІ ТАРАЗДЫҚТАР!

1 наурыздан бастап қала аумағында 

көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық 

тазалықтың екі айлығы басталады. Елімізде 

өткелі отырған «ЭКСПО–2017» халықаралық 

көрмесі қарсаңында елдік шараға баршамыз бір 

кісідей атсалысайық! 

ХАБАРЛАНДЫРУ!



ҚАЗАҚ ОСЫ, 

ҚҰШАҒЫ КЕҢ БАУЫРҒА!

ҚАЛА-ҚАРБАЛАС

2

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349),  1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Алдағы жоспар жүзеге асса, нәтижесі орасан зор 

болмақ. Бұл жөнінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев  

«Баласағұн» орталық концерт залында өткен  халық 

алдындағы есепті жиынында тарқатып айтып берді. 

Еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және 

өңір басшылығына қарасты басқарма басшыла-

ры, бейнебайланыс режимінде барлық аудандар 

қатысқан жиында негізгі сөзді тізгіндеген облыс бас-

шысы ұзатылған жылы ел аумағында белсенділікпен 

бағындырылған белестерді тілге тиек етті. Оның 

ішінде Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары 

мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, еліміздің бәсекеге 

қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енуі және БҰҰ 

Қауіпсіздік  Кеңесінің  екі  жылға  тұрақты  емес 

мүшесі болғаны бар. Және алдағы «ЭКСПО-2017» 

халықаралық көрмесінің маңыздылығы, Мемле-

кет  басшысының  Конституциялық  реформалар 

туралы Үндеуі, халыққа кезекті Жолдауы, елімізді 

дамыған отыз елдің қатарына қосатын Үшінші 

жаңғыру кезеңі де айтылды. Жолдауда жүктелген 

іргелі басымдықтарды іске асыруда  ел дамуына 

екпінді үлес қосып келе жатқан Жамбыл өңірінің 

де мүмкіндігі мол. Мәселен, өңір басшысының 

айтуынша, есепті кезеңде өндірістегі өндірілген 

өнім көлемі 2,4 пайызға өсіп, ауыл шаруашылығы 

өнімдері 8,1 пайызға, құрылыс саласының көлемі 

4,2 пайызға ұлғайған. Ал инвестиция көлемі 6,2 

пайызға артып, қазынаға құйылған қаржы 215 млрд 

теңгені құрап отыр. Өткен жылы өнеркәсіп өнімдері 

бойынша ел аумағында ең жоғарғы көрсеткішке 

ие болып, 339 млрд теңгені құраған.  Толайым 

табысқа қол жеткізген өндірістер қатарында об-

лыс орталығындағы Тараз қант зауытының өнім 

көлемі 55 пайызға, «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС 

тауары 6,6 есеге артқан. Бұған қоса, өткен жылы  

Индустрияландыру картасы арқылы жүзеге асқан 

10 жоба бүгінде 500 адамды жұмыспен қамтып 

отыр.  Биыл тағы жалпы құны 15 млрд теңгені 

құрайтын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.  

Бұл жобалар алдағы уақытта 1340 жаңа жұмыс 

орнын ашып, сыртқы сауда айналымының даму-

ына да елеулі үлес қосайын деп отыр. Олардың 

қатарында облыс орталығындағы «Тараз арматура 

зауыты», «Kisc» және «Alina Holding» жобаларының 

маңызы да ерекше аталып өтті. Сондай-ақ өңір 

өнеркәсібінің қарыштап дамуы «Тараз химиялық 

паркі»  экономикалық  аймағының  құрылуымен 

де  байланысты  болып  отыр.  Онда  16  жоғары 

технологиялық өндірістердің құрылысы жоспар-

ланыпты. Нақты уақытта аталмыш экономикалық 

аймаққа каустикалық сода, хлор, үшхлорлы фос-

фор, глифосат пестицид, метанол секілді күрделі 

химиялық өнімдер өндіруді жоспарлаған 5 қатысушы 

тіркеліпті.  Жобаның инвестициялық жалпы құны 

273 млрд теңгені құрайды. Мыңнан астам адамды 

жұмыспен қамтамасыз етуге қауқарлы. Қазіргі таңда 

инвесторлар мен қатысушыларды тарту жұмыстары 

қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек облыс басшы-

сы индустриялық-инновациялық және аграрлық 

ахуалға да жіті тоқталды. Кәрім Нәсбекұлы саладағы 

жұмыстың салмағын арттыру мақсатында шет мем-

лекеттермен жасалған меморандумдардың жүзеге 

асуын қадағалап, тиісті шаралар қабылдауды және 

Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне инвестиция тарту 

үшін іскерлік климат қалыптастыру жұмыстарын 

барынша күшейтуді тапсырды. Әкімнің айтуынша, 

биыл 325 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспар-

ланыпты. 

–  Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығын 

жаңғырту бағдарламасы облыстағы көп қабатты ескі 

тұрғын үйлердің жағдайын жақсартуға оң септігін 

тигізді.  Бағдарламаны  жүзеге  асыру  басталған 

уақытта  610 үй күрделі жөндеуді қажет етсе, бүгінге 

дейін 3 млрд теңге көлеміндегі қаржыға 218 үй 

жөндеуден өтті. Оның ішінде 172 үй республикалық 

бюджеттен бөлінген 2,5 млрд теңгеге жөнделсе, 

қайтарылған қаражат есебінен 497 млн теңгеге 46 

үй қайта жаңғыртылды. Қазіргі таңда жөндеуді 

қажет ететін кондоминиум нысандарының саны 

25 пайызға дейін төмендеді. Тараз қаласы мен 

аудан  әкімдері  қайтарылған  қаражат  есебінен 

тұрғын үйлерді жаңғырту жұмысын жалғастыруы 

 

„

Облыстық статистика департаментінің мәжіліс залында ҚР 



Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы 

Нұрболат Айдапкелов сала қызметкерлерімен кездесіп,  

Елбасының Жолдауын талқылады.

Жолдау басымдықтары – даму 

баспалдақтары

Арайлым ШАБДЕНОВА

Жиынды облыстық статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиев ашып, жүргізіп отырды. 

Департамент басшысы Конституциялық реформаның мәні туралы айтса, сөз алған ҚР ҰЭМ Статистика 

комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов Жолдау басымдықтарына тоқталды. 

– Биылғы Жолдау жаңа форматта ұсынылды. Еліміз үшін маңызды құжатты насихаттау бары-

сында атқарылып жатқан шаралар орасан зор. Әлемде қандай жағдайлар болып жатқандығы, жаңа 

тенденциялардың қолданылуы, экономиканың, қоғамның қалай өмір сүріп жатқандығы Жолдауда баян-

далады. Елбасы тек қана әлемнің талаптарын емес, Төртінші өнеркәсіптік революция мүмкіндіктерін де 

толығымен меңгерген, – деді Нұрболат Айдапкелов.

Сондай-ақ Нұрболат Серғалиұлы қажетті бизнес ортаны құру, макроэкономикалық тұрақтылық, ин-

новация, білім мен денсаулық саласындағы бірқатар өзгерістер мен адами капитал сапасын арттыруға  

қолдау қажеттілігі туралы да айтты. Жаңа технологияларды қолдану арқылы индустрияландыру мен 

халықаралық ынтымақтастық қажеттілігі де басқосуда сөз болды. Сонымен қатар жиында облыстық ста-

тистика департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тоққұлиев хабарлама жасады. Ерлан Әбдіқапарұлы 

былтырғы жылы атқарылған жұмыстарға жіті тоқталды. Және де ағымдағы жылға жоспарланған бірқатар 

міндеттерді айтты. Жиын соңында сала қызметкерлері де өз ойларын ортаға салып, Үндеуге үн қосты.

Өңір өркендеп келеді.   Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек.

 

„

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов шаһар тұрғындары мен 



заңды тұлғалардың өкілдерін жеке сұрақтарымен қабылдады. 

Сауалдарға жауап берді

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық фи-

лиалында өткен министрдің қабылдауына алғаш 

болып келген қала тұрғыны Мақсат Шурабеков ІІ 

топтағы мүгедек әпкесінің жағдайын айта келіпті. 

Оның туысы 2014 жылы дүкен сатып алған. Ал 

оны 2017 жылы қайта сатқан. «Сатқаннан кейін осы 

жылға салық төлеуге міндетті ме?» деген тұрғын 

мүгедектігі бар адамдарға қандай жеңілдіктердің 

қарастырылғандығын  сұрады.  Аталған  мәселе 

бойынша жауап берген министр ондай азаматтарға 

жеңілдіктердің бар екендігін айтып, тиісті орындарға 

құжаттар өткізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ 

қабылдау  барысында  «Комбинат  школьно-сту-

денческого питания» ЖШС-нің басшысы Ирина                   

Соколовская асханалардағы кассалық аппаратты 

қолданудың мүмкін емес екендігін тілге тиек етті.

–  Біз  мектептегі  балаларды  тамақтан-

дыратындықтан,  кассалық  аппаратты  қолдану 

тиімсіз. Себебі оқушылар тек 5 минуттық үзіліс 

кезінде ғана келеді. Ал біз осы аралықта легімен 

келген оларға қажеттісін беріп қана үлгереміз. Ал 

аппаратты қолданатын болсақ, уақыт жоғалтамыз. 

Сондықтан мектептегі асханалардан осы аппарат-

ты алып тастасақ жөн болар еді, – деп ұсынысын 

жеткізді. Оның айтуынша, асханаға жоғары сынып 

оқушыларының кезекшілігін қайта ұйымдастыру 

қажет екен. Мұның тәрбие жағынан мектепке де, 

оқушыға  да  беретін  көмегі  көп.  Өйткені  елдің 

тұтқасын ұстайтын болашақ азамат осы кезекшілік 

арқылы кішіге ізет көрсетіп, үлкенді құрметтеуді 

үйренеді. Комбинат басшысының уәжіне құлақ асқан 

Бақыт Тұрлыханұлы заң бойынша кассалық аппа-

рат барлық қоғамдық орындарда болуы керектігін 

айтып, оны қолданбау мүмкін емес екендігін тілге 

тиек етті. Сондай-ақ оның айтқан ұсынысын алдағы 

уақытта сала мамандарына жеткізетіндігіне уәде 

берді. 


Қабылдауға бұдан өзге де заң аясындағы сауалдар 

қойылып, министр тарапынан тұщымды жауаптар 

қайтарылды.   

ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІНІҢ 

ТЫҢ ЖОЛЫ

 

„

Есепті кезең өткенге баға, келешекке бағыт беретін салмақты сәт. Былтырғы жылы 



бағындырылған белестерден биылғы биіктікке қуатты қарқынмен қадам бастық. Халықтың 

оң бағасына ие болған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың жыл сайынғы есебінде Тараз қаласы 

бойынша атқарылған іргелі істер мен мақсатты жоспарлар айтылды.  

керек. Сондай-ақ биыл қаланы темір жолдың арғы 

бетіндегі аймақпен  байланыстыратын Айша бибі 

көшесінің соңындағы көпір құрылысын да жоспар-

лы аяқтауымыз қажет. Көлік инфрақұрылымын 

дамыту және автомобиль жолдарының сапасын 

арттыру – маңызды мәселенің бірі. Сондықтан да 

өткен жылы бұл саланы дамытуға 9,9 млрд теңге 

қаражат  бөлінді.  Нәтижесінде  15,2  шақырым 

автожол  жөнделіп,  496    шақырым  жол  орта 

жөндеумен қамтылды. Тараз қаласындағы Әйтеке би 

көшесіндегі 1,59 шақырым жол күрделі жөндеуден 

өтті. Соның нәтижесінде қанағаттанарлық және 

жақсы жағдайдағы автожолдардың үлесі 75 пайызға 

дейін  өсті.  Ағымдағы  жылы  бұл  көрсеткішті 

77 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда, – деді 

Кәрім Нәсбекұлы. Аймақ басшысы энергетика 

саласындағы жүйелі жұмыстарды да тілге тиек 

етті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыс 

орталығында 3,6 млрд теңгеге магистральды жылу 

желілерін жаңғырту бағытында жүзеге асырылған 3 

жобаны, «Бизнестің жол картасы» және «Жылу беру 

жүйелерін дамыту» бағдарламалары бойынша Тараз 

қаласы мен Байзақ ауданында жалпы құны 56,7 

млн теңгені құрап, іске қосылған екі қазандықты 

да атап өтті.  

Өңір басшысы өз сөзінде облыс орталығынан «Ба-

рысхан» және Сабалақов көшесіндегі жаңа «Бурыл» 

тұрғын алқаптары мен жобаланып отырған шағын 

аудандарды электр қуатымен қамтамасыз ететін 

станса салынатынын айтып өтті. Тараз шаһарының 

тазалығы, абаттандырылуы, жарықтандырылуы 

да аймақ басшысының назарынан тыс қалмады. 

Мәселен, өткен жылы 61,8 млн теңгеге қаланың 

сыртқы жарықтандыру жүйесіне техникалық қызмет 

көрсетіліпті. Бұдан бөлек, облыс тұрғындарын 

табиғи газбен қамту мәселесі де кеңінен айтылды. 

Есепті кезеңде өңірдің 178 елді мекеніндегі 668 

мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Бұл 

жалпы облыс тұрғындарының 55 пайызын  құрап 

отыр. Кәрім Нәсбекұлы маңызды мәлімдемесінде 

Елбасы  Жолдауындағы  агроөнеркәсіп  кешенін 

экономиканың  жаңа  драйверіне  айналдыру 

міндетіне  жан-жақты  тоқталып  өтті.  Өңірдегі 

білім,  денсаулық  салалары  да  назардан  тыс 

қалмады. Мәселен, бүгінде облыс мектептеріндегі 

мұғалімдердің 0,24 пайызы ғана ағылшын тілін 

білетін көрінеді. Осы орайда облыс әкімі білім және 

тіл басқармаларына, қала және аудан әкімдеріне 1 

сәуірге дейін мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету 

бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

–  Биылғы  ірі  қоғамдық  саяси  маңызы  бар 

оқиғалар қатарында ҚХА-ның  XXV сессиясы, 

Қазақстан  Қарулы  Күштері  мен  Мемлекеттік 

рәміздердің 25 жылдығы,  Қазақстанның іргетасы 

Алашорданың 100 жылдығы бар. Астана қаласында 

өтетін  «ЭКСПО-2017»  халықаралық  көрмесі 

аясында Жамбыл облысының мәдениет күндерін 

өткізу жоспарланған. Көрменің ашылуына орай, 

«Тараз-Астана» мәдени керуенін ұйымдастыруды 

жоспарлап отырмыз. Керуен құрамын 30 түйе, 

10 салт атты, 5 арба, 15 автокөлік, өнерпаздар, 

қолөнершілер мен ат спортының өкілдері қамтымақ. 

Бұл Жамбыл облысының «ЭКСПО-2017» көрмесіне 

тартуы болады, – деді облыс басшысы. 

Бұдан  әрі  есепті  жиын  жарыссөзге  ұласты. 

«Жаңару»  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

жалпыұлттық  қозғалысы»  ҚБ  облыстық 

филиалының директоры Қасымхан Төлендиев,  ҚР 

Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС директоры Ескендір 

Мұқашев және қала тұрғыны Айгүл Ерғалиқызы, 

Байзақ ауданынан келген Бану Жарасқызы, Шу 

қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш 

Қарғабаев, онлайн режимде байланысқа шыққан 

Мойынқұм аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы 

Болат  Сатыбалдиевтер  жыл  бойы  атқарылған 

ауқымды  жұмыстар  мен  алдағы  жоспарларға 

қатысты ойларын ортаға салып, облыс басшысының 

есебіне оң баға берді.  


//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //

ҚАЛА-ҚАРБАЛАС

3

ЕЛДІК ШАРАНЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ 

 

„

2017-2021 жылдар аралығы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірінші 



кезеңі болып белгіленіп отыр. Қалада бой көтеретін жаңа №14,15 ықшам аудандар да аталған 

бағдарламаның басты игілігі болмақ.

 

„

Қала әкімі 



аппаратының мәжіліс 

залында алтыншы 

шақырылған Тараз 

қалалық мәслихатының 

кезектен тыс он бесінші 

сессиясы өтті.

Бюджетке 

өзгерістер 

енгізілді

Арайлым БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

Жиынды  қалалық  мәслихат 

сессиясының  төрағасы  Жанар 

Бүркітбаева ашып, жүргізіп отырды. 

Күн тәртібінде жеті мәселе қаралды. 

Алдымен  қала  әкімдігінің  эконо-

мика  және  бюджеттік  жоспарлау 

бөлімінің басшысы Қайсар Сарытай 

қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 

23  желтоқсандағы  «2017-2019 

жылдарға  арналған  қалалық  бюд-

жет туралы» қалалық мәслихаттың 

№13-3 шешіміне өзгерістер енгізу 

туралы» шешімінің жобасы бойын-

ша баяндама жасады. 

–  Ағымдағы  жылы  облыстық 

мәслихаттың  сессиясында  Тараз 

қаласының  бюджетіне  жалпы  со-

масы 2 млрд 463 млн 111 мың теңге 

нысаналы  трансферттер  қаралды. 

Оның ішінде дамуға арналған ны-

саналы трансферттерге 1 млрд 629 

млн 300 мың теңге және нысаналы 

ағымдағы трансферттерге 833 млн 

811 мың теңге бөлінді.  Осылайша, 

қала бюджетінің  кірістері 40 млрд 

227 млн 393 мың теңгені құрайды, – 

деді бөлім басшысы. 

Сондай-ақ  Қайсар  Амантайұлы 

әрбір  нысанға  жеке  тоқталып, 

биылғы  жылы  атқарылатын 

жұмыстар легін атап өтті. Сессияда 

«Жер учаскесін мемлекет мұқтажы 

үшін және жер учаскесін мемлекет 

мұқтажы  үшін  алып  қоюға  бай-

ланысты  жылжымайтын  мүлікті 

сатып алу» туралы қала әкімдігінің 

жер  қатынастары  бөлімінің  бас-

шысы  Бақытжан  Сүгірбеков  ха-

барлама  жасап,  алдағы  жоспар-

лармен  бөлісті.  Сонымен  қатар 

сессияда қала әкімдігі жанындағы 

Діни бірлестіктермен байланыстар 

жөніндегі кеңестің құрамы бекітілді. 

Жалпы  күн  тәртібіне  шығарылған 

мәселелер  бойынша  баяндамалар 

тыңдалып,  бір  ауыздан  шешімдер 

қабылданды. 



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 

қала әкімінің орынбасары Мақсат Ахаев пен 

Тараз  қалалық  жер  қатынастары  бөлімінің 

басшысы Бақытжан Сүгірбеков жергілікті БАҚ 

өкілдерімен бас қосып, шаһардың көктемгі екі 

айлық тазалығы мен «Нұрлы жер» бағдарламасы 

бойынша атқарылатын жұмыстарды талқыға сал-

ды. Бірінші болып сөз алған Мақсат Кеңесханұлы 

2017 жылдың 1 наурыз айынан бастап 1 мамырға 

дейін Тараз қаласы аумағындағы көріктендіру, 

көгеріштендіру  және  санитарлық    тазалық 

жөніндегі жарияланған көктемгі екі айлық және 

бейберекет  қоқыс  тастағандарға  салынатын 

айыппұл көлемін айтып өтті. 

– Тараз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 

ақпандағы  №102  қаулысымен  қала  аумағын 

көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық 

тазалық жөніндегі қалалық штабының құрамы 

бекітілді. Сонымен қатар  қаланың орталық және 

магистральды көшелері мен саябақтар, шағын 

аудандар қаладағы мекемелерге, кәсіпорындарға 

және кәсіпкерлік нысандарға белгіленіп, қала 

әкімінің  орынбасарлары,  бөлім  басшылары, 

сектор  меңгерушілері  мен  бас  мамандары 

әрбір көшелердің тазалығына жауапты болып 

бекітілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық ту-

ралы кодексінің 204-бабы бойынша жергiлiктi 

атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда 

сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық 

есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 

және осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, 

әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 

ішінде  қайталап  жасалған  әрекет  он  айлық 

есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 

әкеп соғады. Ал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық 

туралы кодексінің 505-бабы бойынша  қалалар 

мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттанды-

ру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен 

елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін 

бұзу,  жасыл  екпелерін  жою  және  бүлдіру– 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20, 

шағын  кәсiпкерлiк  субъектiлерiне  немесе 

 

„

Қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, «Жаңару» 



сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 

Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, облыстық ішкі саясат 

басқармасының лекторы Қалбибі Жолдасова, «Галеника» ЖШС-і директоры Қатира Аққулиева 

Елбасының халыққа Үндеуі мен Жолдауын түсіндіру мақсатында әлеуметтік сала өкілдерімен 

кездесті. 

Тұрғын үй мәселесі маңызды 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Оған  қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік, 

сондай-ақ  мәдениет,  білім  және  денсаулық 

саласы мен арнайы оқу орындарының өкілдері 

қатысты. 

–  Елбасы  Жолдауындағы  тұрғын  үй 

бағдарламасы  бойынша  15  жылда  бір  жа-

рым  миллион  қазақстандық  отбасын  үймен 

қамтамасыз ету мәселесі алға қойылған. Қазіргі 

таңда жер алу кезегінде облыс орталығында 46 

мың адам тіркелген. Кезекте әрбір жанұядан 

8 адамға дейін тіркелгендері де бар. Мұндағы 

мақсат Үкімет тарапынан берілген үйді екі есе 

бағасына  сату  болса  керек.  Бұл  дұрыс  емес. 

Үкімет тарапынан салынған үй, бөлінген жер 

Тұрғын үй жинақ банкі арқылы кезекте тұрған 

азаматтарға беріледі. Баспанасыз жандарға үй 

ұсыну ең маңызды мәселе екені айдан анық. Осы 

бағдарлама  іске  асырылу  барысында  кезекке 

тіркелген 46 мың адамның жартысы қысқарады. 

Себебі  олардың  басында  пәтері,  үйі  немесе 

жері  болуы  мүмкін,  –  деді  жиынды  ашып, 

жүргізген қала әкімінің орынбасары Кенжебек 

Мамашбайұлы.

Жиында  сөз  алғандар  Жолдау  елдің 

әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыруға, 

әлемдік  аренадағы  бәсекеге  қабілеттілігін 

жоғарылатуға  бағытталғанын  баяндады.  Бас 

құжатта  көрсетілген  басымдықтарға  сәйкес, 

алдағы  уақытта  шағын  және  орта  бизнесті, 

цифрлық  технологияны,  құрылыс  саласын 

дамыту  міндеттелгені  түсіндірілді.  Әсіресе, 

мемлекеттік бағдарламаларды қолдана отырып, 

миллиондаған қазақстандықты тұрғын үймен 

қамту қажеттігі  баса айтылды.

Тараз қалалық 

мәслихаты 

депутаттарының 

назарына!

Қазақстан  Республикасының 

«Қазақстан  Республикасындағы 

жергілікті  мемлекеттік басқару және 

өзін-өзі басқару туралы» Заңының 

10-бабының 3-тармағының негізінде, 

алтыншы шақырылған Тараз қалалық 

мәслихатының кезектен тыс он алтын-

шы сессиясы қала әкімі аппаратының 

мәжіліс  залында  2017  жылдың  2 

наурызында сағат 12:00-де болады 

деп, Сіздердің назарларыңызға ха-

барлаймын.

 

Ғ.МАДИМАРОВ,



 Тараз калалық мәслихаты 

хатшысының міндетін атқарушы. 

коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта 

кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік 

субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінде айыппұл салынады. Ал әкiмшiлiк 

жаза қолданылғаннан кейiн әрекет бiр жыл 

iшiнде қайталанса  жеке тұлғаларға – 30, 

шағын  кәсiпкерлiк  субъектiлерiне  неме-

се  коммерциялық  емес  ұйымдарға  –  40, 

орта  кәсіпкерлік  субъектілеріне  –  50,  ірі 

кәсіпкерлік субъектілеріне 300 айлық есептік 

көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, – 

деді қала әкімінің орынбасары. 

Сонымен қатар жиында былтырғы жылы 

қаладағы жасыл желектің ерте сарғайып, 

қарағаштардың  жапырағы  құртқа  жем 

болғаны да сөз болды. Ол мәселе ағаштардың 

өз уақытысында дәріленбеуінен шыққан еді. 

Биыл аталған мәселе бойынша мамандар 

дәрілендіру  жұмыстарын  ерте  бастайын 

деп отыр. Былтырғы жылы басталған арық 

тазалығы жұмыстары да биыл жалғасын 

таппақ. 

Бұдан  әрі  Бақытжан  Жиенәліұлы  сөз 

тізгіндеп, «Нұрлы жер» бағдарламасының 

қалада іске асырылу барысын жан-жақты 

айтып өтті. Оның айтуынша, бағдарламаның 

басты  мақсаты  –  игерілмеген  жерді  ел 

игілігіне қайтару. Және жаңадан соғылатын 

ғимараттардың  сыртқы  келбетіне  де  оң 

әсерін тигізбек. 2010 жылы қаланың Бас 

жоспарына  өзгеріс  енуіне  байланысты 

шаһарға 5914 гектар жер қосылған. Күні 

бүгінге дейін қала маңындағы иесіз жатқан 

немесе шаруа қожалықтарынан 830 гектар 

жер  қайтарылыпты.  2017-2019  жылдары 

тағы  750  гектар  қайтарылмақ.  Сонымен 

қатар  бағдарлама аясында 200 бір қабатты 

және  12  көп  пәтерлі  тұрғын  үйлердің 

құжаттары  әзірленіп  жатқан  көрінеді. 

Сабалақов  көшесінің  аяғында  5  қабатты 

100  және  жеке  тұрғын  үйлер  салынбақ. 

Бүгінде бұл үйлердің инфрақұрылымдық 

жұмыстары толығымен аяқталыпты.  Тіпті 

қалада  жаңадан  бой  көтеретін  №14,15 

(Тәуелсіздік  және  Мәңгілік  Ел)  ықшам 

аудандары  да  бағдарламаға  тиесілі  екен. 

Жиын  соңында  БАҚ  өкілдері  тарапынан 

аталмыш бағдарлама мен қала тазалығына 

қатысты  сұрақтар  қойылып,  тұщымды                                            

жауаптар алды.  


МӘҢГІЛІК ЕЛ

4

//   «ЖАМБЫЛ - ТАРАЗ»  //  №9 (1349), 1 НАУРЫЗ  2017 ЖЫЛ  //




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет