9 апта моөж мкдр – 11 Нәси Гүлбақыт Берікқаирқызы



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі37,19 Kb.
#136098
1   2   3
Байланысты:
БП моөж

11 апта
МОӨЖ
МКДР – 11
Нәси Гүлбақыт Берікқаирқызы
Практикалық ойлаудың жетекші іс- әрекетіндегі негізгі қасиеттері.

  1. Жетекші іс – әрекетіндегі практикалық ойлаудың маңызы

  2. Практикалық ойлаудың жетекші іс – әрекетіндегі негізгі қасиеттері

Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленуі. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жӛнді ашып бере алмайды. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойлауға кӛшу қажет.Адамның ойәрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде ӛте жақсы кӛрінеді.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді ӛңдейді Адамның ойы әрқашанда сӛз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде ӛзін естісін деп дауыстап сӛйлейді. Ой толық сӛз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Адамның ойы ерекше белсенді процесс. Ойдың белсенділігі мына тӛмендегі жағдайлармен байланысты:
1) Ой адамның айналасындағы дүниемен байланыспайынша ӛздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат — сұраққа жауап беру, мәселені шешу; 2) Алға қойған мақсатты шешуге қажетті әдіс жолдар қарастыру.
3) Мәселені шешу үшін ой әрекетінің жоспарын сызу, оның болжамын
(гипотезасын) белгілеу;
4) Ойдың дұрыс-бұрыстығын тәжірибеде сынап кӛру.
Адам ойдың дұрыс немесе бұрыс екенін білу үшін оны әр түрлі жолмен шешіп, тәжірибесімен салыстырып, тексеріп отыруы тиіс. Егер адамның ойы айналасындағы дүниемен, адамның тәжірибесімен байланыссыз болса, олармен үйлеспесе ондай ой керексіз, құрғақ ой болып табылады. Адам ойлаған уақытта оны жеті рет ӛлшеп, бір рет кескені абзал. Егер, адам мәселе шешуде объективтік жағдаймен санаспаса, онысы ақиқатқа қайшы келсе, онда ол алдына қойған мақсаттарды, міндеттерді дұрыс шеше алмайды.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын кӛбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам ӛз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен қүдіреттілігін, ӛмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ой амалдары мен логикалық операциялар, оларды орындаудың белгілі ережелері мен жүйесінің пайда болуы — адам ойлауыны зор табысқа жетуінің, тарихи дамуының нәтижесі. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін — объективтік шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын — оның қажеттері. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез келген мәселелерді шешерде, тәжірибеде ашылған заң, ереже, ұғымдарды пайдаланып отырады. Ғылым, техника, ӛндіріс, ауыл шаруашылығының орасан зор жетістіктері бір ғана адамның ғана емес, кӛптеген адамдардың, тұтас ұжымдардың, тіпті бірнеше ұрпақтардың ұзақ жылдар бойғы ойлауының нәтижесі.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден ӛтеді. Ол қажеттіліктен немесе бір нәрселерді түсіндіру, тану керектігінен басталады. Бұл ойлау әрекетінің бірінші кезеңі. Ол адамның түрлі материалдық, рухани қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Тіпті, тамақ ішу қажеттілігі де ойлау процесін тудыра алады. Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1)Жаңа нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2)Бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жӛніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі.Ойлау — ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль аткарады. Екінші сигнал жүйесінде нерв жүйесі қызмеіінін ӛз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады.
Ғылыми-техникалық прогресс «ойлайтын» машинаналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) ӛз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес мәтінді бір тілден екінші тілге аударады, сӛйленіп тұрған сӛзді машина тіліне, яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды». Ол адамды ұтып кетуі де мүмкін. Бірақ оқып үйрену қабілеті жӛнінен машина адамнан аса алмайды. Машинаға қарағанда адамның оқып үйренуі әлдеқайда жеңіл. Адам ӛзін машинаға ұтқызбас үшін, ӛз ӛнерін жетілдіріп отыруы тиіс. Машинаға тәңірдей табынатын кейбір адамдар: алдағы жерде бәрін машина істейді, ал адамдар қолын қусырып, әзір асқа ие болып қарап отырады дегенді айтады. Бұл — сӛз енжар, әрекетсіз адамның сӛзі. Машинаның алдына тиісті міндет қойып, оған программа беретін — адам. Осы міндетті қоя білу үшіг адамға мол білім қажет. Машинадан «ақыл» үйренуге болмайды, онда «ақыл» жоқ. Есептегіш машинаның құндылығы – адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Бұл үшін адамға ӛз ойлауын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Екінші жағынан, машина да адамның ойлау қабілетінің дами түсуіне, оның психикасының шыныға түсуіне жағдай жасайды. Әрқашанда идеяның иесі болумен бірге, машинаға тәуелді болып қалмау жағын да қарастырып отыру — адамның алдында тұрған ең басты міндет.
2. Ой операциялары(тәсілдері).
Ой тәсілдері: анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жалпылау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру.
Анализ деп – бүтінді бӛлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бӛліп қарау. Адам ӛзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бӛлшектеп, талдап отырады. Адам нәрсені бӛлшектеумен ғана тынбайды, кейін бӛлшектеген, ажыраған заттарын қайта қосып, тұтас затқа айналдырып отырады. Синтез деп ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады.
Анализ бен синтез қатар жүріп отырады табылады. Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі — бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Мәселен, мылтықты жеке бӛліктерге ажыратсақ, бұл — анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бӛліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т.б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген.Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы кӛрініп отырады. Мәселен, бӛбектің қағазды екіге бӛлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен кӛктей. Бӛбектің қағазды екіге бӛлуінде анализ практикалық амал ретінде кӛрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде кӛрінеді.
Салыстыру. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау. Әдетте бір тектес ұқсастықтары бар заттар салыстырылады. Салыстыра отырып біз олардың айырмашылықтарын кӛреміз. Әйтпесе олар теңбе-тең болып қабылданар еді. Мәселен, мұғалім балаларды жазуға үйреткенде әр бір әріптерді жеке және ұқсас әріптерді П мен Н, Ш мен Щ-ны салыстырып кӛрсетеді.
Топтау салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және қосалқы ұқсас белгілері негізінде заттар топтастырылады. Мәселен, кілтпен бұрап жүргізетін ұшақты бірде металл бұйымдарға енді бірде ойыншықтарға, енді бірде модельдер тобына жатқызуға бролады.
Ойлау операциясының келесі түрі абстракция. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бӛліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сездерді «тӛрт бұрыш» деген сӛзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ касиеті ретінде «ақшыл» деген сӛзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау — абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дӛнен, айғыр, бие деп бӛлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды кӛрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мәселен, алма, ӛрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жемістер» деген жалпы ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі — классификация.Жүйелеуде заттар мен құбылыстарды топтастырғанда, белгілі бір ұқсастықтарына қарай жүргізілмейді. Жүйелеу осы топтың ішінен одан да кіші топтар мен бӛліктерді саралайды. Мәселен, арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б. бәрі жануарлар болғанымен жылқы, қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр тағы жануарларға жатады. Сол сияқты жануарлар — типке, типтен — класқа, кластан — отрядқа, отрядтан — отбасыға, отбасыдан — текке, тектен — түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы ӛсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Жүйелеу ой тәсілі қазақтарда ерекше дамыған. Мәселен олар шӛпті ащы (кӛкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), құрғақ, сулы деп бірнешеге бӛледі. Шӛптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б. қой жейтіндері:
жоңышқа, қына десек, жылқыға — боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. бӛлген.
3. Ойлау формалары.
Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар). Адам ұғым арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды (жеке, дара, жалпы жинақтай) ӛзіне тән белгілерін, байланыстарын, қатынастарын миында сәулелендіреді. Ұғымда адам жеке заттардың ғана бейнелерін елестетумен тынбайды, ол сол заттардың мазмұнын ашып, ішкі байланыстарын танып-біліп отырады. Ұғым елестеулерге қарағанда мағыналы, терең жәнс ықшам болып келеді.
Ұғымдар дара және жалпы болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау қаласы», «Абай Құнанбаев» дара ұғым болса, «қала», «адам» т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «мәжіліс»
(депутаттар мәжілісі ), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден кӛрінеді. Пікір — бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда кӛрінетін ойлаудың формасы. Пікір ақиқат және жалған болып бӛлінеді. Мәселен, «Ақтау — әдемі, жас қала» десек, бұл шындыққа сай ақиқат пікір болады да, ал «Қасқыр қауіпті аң емес» десек, бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бӛлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Ақтау» — логикалық бастауыш. «Әдемі, жас қала»- логикалық баяндауыш. Байланыс сӛздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікірде кӛбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сӛйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сӛйлемдердің негізінде ғана туып, ӛмір сүре алады. Пікір мен сӛйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Ӛйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің әр түрін, оның оның ерекшеліктерін логика ғылымы жан-жақты қарастырады. Психология, негізінен ойлау формасы ретінде пікірдің мазмұнын зерттейді.
Ойлаудың формаларының бірі – ой қорытындысы. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оларды белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет.
Катар тұрган кездейсоқ пікірлерден ой қорытынды шықпайды. «Жаңбыр жауды», «Қоңырау соқты» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан, бұл екі пікірден үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындысының үш түрі болады: дедукциялық, индукциялық, және аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Индукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, «ағаш жанады, кӛмір жанады, қағаз жанады» деген жеке пікірден «барлық органикалық заттар жанады» жалпы ой қорытындысы жасалады.
Дедукция — жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы мәселен, «Барлық тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды» деген жеке ой қорытындысына келеміз. Индукция мен дедукция ойымызда қатарласа жүріп отырып, бірінсіз бірі болмайды.
Аналогия дегеніміз — ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қозғалуы, әсіресе, құлауы мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтірді. Аналогия осындай ғылыми гипотезаның бастамасында елеулі роль атқарады.
Ой қорытындылары адамды мәселені теріс шешуге де әкелуі мүмкін.Сондықтан ол практика мен табылған шешімдерді басқа белгілі фактілермен жан-жақты салыстырулар кӛмегімен үнемі тексеріп отыруды қажет етеді. Егер, студент қыз қиын емтиханды сәтті тапсыруға үстіне киген жасыл кӛйлегі бірден-бір себеп болады деген ойқорытындыға келіп, осы «құтты» кӛйлегіне сеніп келесі емтиханға да дайындалмай барса, практика оның жасаған ой қорытындысының қате екендігін кӛрсетеді. Ӛйткені, кӛйлек пен емтихандағы жетістік бір – бірімен себептік байланысы жоқ, тек қыздың тәжірибесінде кездейсоқ дәл келген екі шарт қана
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
2. Крылова А.А. Психология, М., «Проспект», 1998г., -583с.
3. Лурия А.Р. Язык и мышления. М., 1979г., -356с.
4. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.
5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том —
491с.
6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.
7. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі», 2005ж.,1-5т. 1 т. — 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.
8. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекции: Учебник пособие для вузов.-М: ЧеРо, 1997г., -345с.
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., -345с.
10. Хрестоматия по общей психологии: Психология мышления. М. Изд-во МГУ, 1981г., — 380с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет