Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы мен нәтижесі оған қатысушылардың өзін-өзі және өзара түсінуіне байланысты.Бір адамды екінші адамның қабылдауы қарым-қатынастың міндетті құрамдас белгісі ретінде шартты түрде қарым-қатынастың перцепсиялық жағы болып аталады. Әлеуметтік перцепция-қарым-қатынас үрдісінде бірін-бірі ,өзін-өзі тану мен түсіну.Бағыттаушы бақылаушыны көргенде сыртқы физикалық сипаттарын қабылдайды.Ең алдымен сыртқы түрін және тәртібін бағалайды. Әлеуметтік перцепцияның құрылымы-адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау,талдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын ажырату,соның негізгі бақыланушының іс-әрекетін болжау.
Әлеуметтік перцепциясының қызметтері:
-Өзін-өзі тану;
-Одақтасу серігін тану;
-Түсіну негізінде өзара іс-әрекет ұйымдастыру;
-Эмоциялық қарым-қатынас орнату;
Әлеуметтік перцепцияның механизмдері:
-Идентификация
-Эмпатия
-Аттракция
-Рефлексия
Идентификация-өзгенің орнына өзін қойып,оның ішкі дүниесін түсіну,тану тәсілі,өзін өзгеге ұқсату.
Эмпатия-эмоцияны түсінуі,өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу,өзгенің ішінді не болып жатқанын,оның не сезіп тұрғанын,дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу.
Аттракция-өзгені танып білудің ерекше түрі,ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сөзіне қалыптасуға негізделген .
Әлеуметтік рефлексия-қарым-қатынас барысында өзін-өзі тану механизмі.
Психодиагностикада тұлғааралық қатынас және қарымқатынас мәсе-лесін психодиагностикалау жұмысы - кәсіби іс-әрекеттің күрделі саласы. Біріншіден, тұлғааралық қарым-қатынас саласының өзі кең ауқымды, яғни адамның жекеден әлеуметтікке дейінгі аспектілерін қам-тиды. Адам жалғыздықта қалғанда да өзгелерге, маңызды бағалауларға сүйенетініне келіспеуге болмайды. Сондықтан қазіргі психологияда тұлғааралық қатынас сипатын бағалауға бағытталған психодиагностикалық құралдардың көптеген түрлері бар. Практикалық психолог тұлғааралық қатынас мәселесімен жұмыс жасағанда түрлі негізде құрылған психодиагностикалық әдістемелер жүйе-сіне бағдарланады. Ол жекеленгенде былай жіктелуі мүмкін:
а) обьект негізінде (топтар арасындағы қатынас, ішкі топтардың процестері, диадалық қатынастардың диагностикасы);
б) зерттеу шешетін міндеттер негізінде (топтың ұйымшылдығын, сәйкестігін және т.б. анықтау);
в) қолданылған әдістемелердің құрылымдық ерекшеліктері негізінде (сауалнамалар, проективті әдістемелер, социометрия және т.б.);
г) тұлғааралық қатынасты диагностикалаудың бастапқы есептеуі негізінде (субьективті қалаулар әдістемесі, қарымқатынасқа қатысушылардың жеке мінездемесін анықтау әдістемесі, тұлғааралық қатынастың субьек-тивті бейнеленуін зерттеу әдістемесі және т.б.) .
Ғылыми зерттеулерде ерекше бөліп қарастырылатын адамның өзге өмір жағдайы мен өзге ортаға түсуінің салдарынан туындайтын кері құбылыстар адам өмірінің өң бойында психологиялық көмек жүйесін құрастыру қажет екенін көрсетеді. Психодиагностикалық әдіс- мінез-құлықтармен әрекеттердің ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, бағалауға мүмкіндік беретін, зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы. Психодиагностикалық әдістеме-психодиагностиканы пайдалануды қажет ететін, практикалық талаптардың ерекшеліктерін қолданудағы әдісті нақтылауды айтады. Әдіс және әдістеме ұғымдарының қатынастары арасында төмендегі ерекшелік болады. Мысалы, жалпы психодиагностикалық әдістің тесттерімен қандайда бір тест әдістемесінің құрамы, әңгіме құрудың жалпы мазмұны мен нақты зерттеулер жүргізу барысындағы әңгіме мазмұны арасындағы ерекшеліктер. Осыған ұқсас мысалдарды псиодиагностиканың кез-келген әдісіне келтіруге болады. Зерттеушіге ықпал ету тәсілдері, ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, оның іс-әрекеттерінің интерпритациясы психодиагностикалық процедура құрып, төмендегі бөлімдерден тұрады:
- зерттеушінің мінез-құлқы мен іс-әрекет ерекшеліктерін айқындайтын алғашқы мәліметтерді алу тәсілі;
- салыстыруға (сұрақ жауаптары, өзіндік әрекеттер, іс-қимылдар т.б.) және қарым-қатынасқа қажетті жеке мәліметтерді талдау алгоритмі;
- психикалық реттеудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін нәтижелерді талдау тәсілдерінің анализдері;
- мұндай анализдің нәтижелерін интеррипретациялық мүмкін болатын нұсқаларын талдау;
Психодиагностикалық зерттеу әрекеттері нақты зерттеушілердің индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға және бағалауды қажет ететін психодиагностикалық әрекеттер мен олардың үйлесімінен тұрады. Бұл ерекшеліктер мен ақырғы мақсатқа байланысты алуан түрлі психодиагностикалық процедуралар пайдалануы мүмкін. Әрбір маманның алдында әрдайым әдістермен жұмыста таңдау мәселесі тұрады. Бұл пәннің мәнін нақты түсінуді, зерттейтін, психологиялық ақи-қаттың механизмдеріне түсінуді талап етеді. А.А. Бодалев және В.В. Столин әдістерді таңдауда бастапқы есептеу нүктесін зерттеуді ұйымдастырудың негізі деп санайды, себебі зерттейтін психологиялық деңгей жұмысын құрылымдайды (мысалы, «зерттелетін өзара әрекет интеракция қатысушыларының жеке мінездемелері әлеуметтік жағдаяттың субъективті бейнеленуі» сызбабойынша). Осыдан келе міндеттерді шешудегі диагнос-тикалау әдістерін таңдауда көрінеді. Ал тұлғааралық қатынасты жанама бағалау әдістемесіне тоқталатын болсақ,мұнда әлеуметтік психологиядағы эмоционалды қатынас заңдылық-тарының әсеріне негізделген соның ішінде, вербальды емес мінез-құлық, поралингвистикалық параметрлердің әдістемелік тәсілдері жатады. Бұл әдістемелердің қатарына адам мінез-құлқының прокимикалық заңдылықтарына негізделген ең танымал әдістер кіреді. Мұндағы негізгісі адамның кеңістіктегі орны өзгелермен тұлғааралық қатынасына байланысты болады, арақашықтықта болатын жағдайда таңдалады.
Тұлғааралық қатынасты жанама бағалау әдістемесінде барлық әдісте-мелерді үш категорияға бөлуге болады:
- нақты жағдаятты бақылау әдістемесі;
- нақты жағдаятты символикалық модельдеу әдістемесі;
- проективті әдістер.
Тұлғааралық қатынысқа әсер ететін жеке-тұлғалық қасиеттерін
анықтау негізінде құрылған әдістемелер тобы да жеткілікті.Мұнда қолбасшылық, авторитарлық, сәйкестік, үрейленушілік, тұлғалық құнды-лықтар және т.б. қасиеттерді өлшейтін тесттер мен шкалалар енеді.Тұлғааралық қатынасты диагностикалауда танымал социометриялық тестті (MorenoJ,1934) және оның модификациясын айтуға болады. Мұнда топ-тың тікелей бағалау әдісінде кіргізуге болады. (Дорцов А.И., 1984) .Ма-мандардың айтуынша тұлғааралық қатынастың субъективті бейнеленуін зерттеу әдістемесінде, тұлғааралық мінезқұлықты түсіну үшін индивид-тің мотивациясы мен сыртқы жағдаятты білуі жеткіліксіз. Бұл тұлғаның белсенділігіне байланысты (Джидарьян И.А., 1983; Кон И.С., 1982; Мон-тьевА.Н.,1975). Сондықтан практикалық психолог психодиагностикалық міндетті шешуде индивидтен тұлғааралық қатынысқа деген субъективті бейнелеуі туралы ақпарат алу керек. Мұнда тематикалық апперцепция әдістемесі жатады. (ТАТ(Murray H, 1943); Мұнда тағы басқа вербальды әдістемелер де бар, олар Сакс-Сиднейдің (Полищук А.И., Видренко А.Е., 1980), «Аяқталмаған сөйлем-дер», «Балаларға арналған аяқталмаған әңгімелер» Медалайн Томас Сто-рик (Rabin A., Haworth M., 1960)әдістемелері бар. Тұлғааралық қатынасты субъективті бейнелеу тобына жататын әдістеме-лер практикалық психологтың талабына сай келеді, себебі, адам туралы кең көлемде ақпарат береді, бірақ зерттеу мақсатына көп қолданылмайды, өйткені мәліметтерді интерпретациялауда «көп көлемді» субъективизм басым болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Забродин Ю.М. Психодиагностика / Забродин Ю.М., Пахальян В.Э. ; под общ. ред. Ю.М. Забродина – М.: Эксмо, 2010.
2. Гуревич К.М. Дифференциальная психология и психодиагностика. – СПб., 2008.
3. Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В. Столина. –М., 1987.
4. Психологическая диагностика / Под ред. М.К. Акимовой, К.М. Гуревича. – СПб., 2008.