Ата-аналар атынан Ахметов Панаркулге сөз берілді. Осы айтылған білім саласында болып жатқан өзгерістерге қосыламыз. Оқушылардың күнделікті сабағын үйден қадағалап , мұғалімдердің жүгін жеңілдетуіміз керек, себебі қазіргі заман талабы білімді ұрпақ екенін мойындауымыз керек. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады. Мұғалім бағалауды өткізу кезінде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әдістемелік материалдарды міндетті түрде пайдалануымыз керек.
Ұсыныс: Ата-аналардың білдірген ұсыныстары ескеріліп, мұғаліммен тығыз байланыс жасалынса
Уақытылы ата-аналарға рубрикалар таратылсын.
Шешімі: Жаңартылған бағдарлама мен критериалды бағалау жүйесінің түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.