2. Г и п о р е г е н е р а т и в т і к а н е м и я– эритропоэез бұзылады, немесе зардап шегеді. Себептері – қан құрайтын факторлардың (В¹² витаминінің) жеткіліксіздігінен немесе ағзада темірдің аздығынан, авитаминоздардан, ашығудан, үнемі қансыраудан, уланудан және індетті аурулардан пайда болады.
3. А р е г е н е р а т и в т і к а н е м и я - жілік майының қызметі едәуір тежеліп, эритропоэз мүлде тоқтауы мүмкін. Жілік кемігі сарғаяды, өлуі мүмкін. Себептері – сәуле ауруында, авитаминоздарда, уланғанда пайда болады.
Этиологиясы бойынша анемия былайша бөлінеді:
Этиологиясы бойынша анемия былайша бөлінеді:
1. Постгеморрагиялық анемия – қансырау нәтижесінде пайда болады (пост-соққы, гемораги-қан ағу);
2. Анапластикалық анемия – эритроциттердің жасалу және жетілу процесстері бұзылады.
Себептері – азықтандырудың, зат алмасудың бұзылуынан, авитаминоздан, микроэлементтердің жетіспеуінен пайда болады.
3. Гемолиздік анемия – қан арнасына немесе қан құрайтын аппаратқа улы заттар түскенде эритроциттердің жаппай бүлінуінен пайда болады.
Гемолиздік анемияда ұлпаларда билирубин пигменті көп жиналғанда – сары ауру пайда болады.
Этиологиясына қарай гемолиздік анемия
2 бөлінеді:
1. Жүре пайда болуын гемолиздік анемия – тамыр ішіндегі эритроциттер гемолизімен ерекшеленеді. Себебі – эритроциттердің химиялық, улы, індеттік, дәрі-дәрмектік, және т. б. факторларынан зақымданғанда пайда болады.
2. Туа біткен (тұқым қуалайтын) гемолиздік анемия – патологиялық гемоглобиндердің немесе ақаулы эритроциттердің тұқым қуалауы нәтижесінде пайда болады. Туа біткен анемияда тамырдан тыс эритроциттер РЭС торшаларында, көбінесе талақта (гемолиз) бүлінеді.