Лейкоз патогенезі – қалыпты қан құрайтын ұлпалардыңмалигнизациялануына (қатерлі емес торшалардың қатерлі ісік торшаларына айналуы) тығыз байланысты. Малигнизация әр түрлі факторлардан: экзогенді және эндогенді канцерогендік заттардан, сәуле әсерінен, вирустардың енуінен т. б. факторлардан пайда болады.
Лейкоз кезінде ағзаның қызметі мен реактивтілігінің бұзылуы – лейкоз әсерінен ағзаның тіршілік әрекеті ауыр зардапқа ұшырайды. Ең алдымен қан құрамы өзгереді, қанда лейкоциттер көп бола тұрса да, оның қорғаныш қызметі бұзылады.
Жетілмеген және патологиялық өзгеріске ұшыраған (анаплазмирленген) торшалар фагоцитарлық активтілігін және антителаны синтездеу қабілетін жояды. Ағзаның иммунологиялық активтілігі кеміп, мұның өзі індеттің ешбір кедергісіз енуінен ықпал етеді. Ағзада некроздық сепсистік процестер жиі пайда болады.
Лейкоз кезінде эритропоэз және тромбоцитопоэз процесстері бәсеңдеп, қан аздық (анемия), мұрынан, тіс түбінен, ішектен қан ағады. Лейкоздың жиі байқалатын белгісі – дене tº-ң көтерілуі.
Малдың лейкоздан өлуі – титықтап арықтағандықтан және қаны азайғандықтан немесе індеттің 2 рет жұғып, сепсистің өршуінен болады.
3. Лейкоцитоз, лейкопения.
3. Лейкоцитоз, лейкопения.
3. Жоспар
Лейкоциттердің құрамының өзгеруі – сапалық және сандық болып бөлінеді.
Л е й к о ц и т о з – деп қан құрамында лейкоциттер санының нормадан артып кетуін айтамыз, олардың мынандай түрлері бар:
1. Абсолюттік лейкоцитоз – қан көлемінің бірлігінде лейкоциттердің жалпы санының көбеюін айтамыз.
2. Салыстырмалы лейкоцитоз – қан көлемінің бірлігінде лейкоциттердің бір түрінің кеміп, екінші түрінің көбеюін айтамыз. Оның жалпы саны өзгермейді.