Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай: - лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі салаларымен байланысын, орнын ажырата алу
- ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу;
-синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай ажыратып, топтай білу;
-синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып, олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес сыңыраларын да ажырата білу;
- сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби тілдің толысуындағы диалект сөздердің рөлін білу, диалектілердің пайда болу жолдарын түсіне алу;
- көнерген сөздер мен этнолингвистиканың арақатынасын саралай білу, көнерген сөздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін дұрыс түсіну;
- термин сөздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сөздердің ерекшеліктерін білу;
- сөздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- неологизм сөздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.
Лексиканы оқытудың негізінен 4 принципі бар:
1. Сөз мағынасын оның (сөздің) аңғаратын болмысымен (зат, сын, сапа, сан, қимыл т.б.) салыстыру.
2. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынасын салыстыру.
3. Семантикалық мағыналық принцип
4. Диохрониялық принцип
Бірінші принцип – сөзді болмыспен салыстыру.
Қазақ тілінің сөз байлығын үйрену немес игеру өмірді, өмірдегі сан алуан құбылыстың өзін, оның сын –сипатын ұғынумен қатар жүретіні белгілі. Өйткені белгілі ұғымға телінбеген сөз есте десақталмайды, өмірге қаджетті болмайды.Өмірде нендей жаңа зат, жаңа ұғым пайда болуына қарай, жаңа сөз пайда болатыны сияқты, ол сөздердің әжетке жарады ма, жарамаса, қолданылудан түсіп қалуы да сол зат не ұғымға тікелей байланысты. Жас бөбектің сөз үйреніп, тілінің шығуының өзіне таныс заттар мен ұғымдарды танып білуімен қатар жүретіні сияқты лексиканы оқытқанда да сөз мағнасы өмірмен тікелей ұштастырып отырылуы талап етіледі. Сөздің мағналық топтарын оқытуда сөздің мағнасын заттың суретімен салыстыру лексикалық көп мағналы сөздер, синоним, антоним, омоним сияқты категорияларын танытуға үлкен септігін тигізеді. Бір заттың атауы екі не одан да көп сөзбен аталса, ондай сөздерді синоним болатыны (шолақ, қысқа, келте т.б) немес бірнеше зат бір сөзбен аталса омоним болатынын, бір –біріне ұқсас бірнеше затты бір сөз аңғартса, көп мағнасы болатыны түсіндіру үшін өте қажет әдіс болып табылады.
Екінші принцип – лексикалық мағына мен грамматиаклық мағынаны салыстыру. Бұл принцип лексикалық құбылысты нақтылап, анықтап, дәлелдеп тануға, сөйлеу, жазу кезінде лексикалық қателерді болдырмауға көмектеседі.Мысалы, антоним, синоним, омонимдерді, көп мағналы сөздерді оқытқанда, олардың лексикалық мағнасына көңіл бөлеміз де грамматикалық мағынасына көңіл аудармаймыз. Шындығында омонимдердің грамматикалық мағнасына көңіл аударып, олардың бір сөз табынан да, әр түрлі сөз табынан да (түс – з.е, түс – етістік) бола беретінін салыстыра түсіндірсек, тақырыптың мазмұны ашыла түседі, омоним сөздердің мәні де толықтырылады, сөйтіп, лексикалық мағнаныжақыс түсінуге мүмкіндік туады. Ал мұндай мысалдарды қазақ тілінің түсіндірмелі сөдігігнен оқушылар өздері тауып, лексикалық, грамматикалық мағналарын салыстыруарқылы көп мәселені үйренеді. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірмелі» сөздігінен албан және албырт деген екі сөзді қараймыз.
1.Албан – зат есім –алым, салық
2.Албан –зат есмі Албанияның негізгі халқы, ұлты
1.Албырт –сын есмі, беті қайтпаған, тауы шағылмаған
2. Албырт етістік – а)албыру ,қызару
ә)көңілдің әр нәрсеге кетуі
Егер оқушыға осы албан және албырт сөзінің түсіндірме сөздікте берілуін, олардың екі сөз емес, бес сөз екенін(алдыңғысы 2 омоним, соңғысы – 3омонимге бөлінетінін бірақ олардың омонимдік мағналары бір сөз таьы аясында да , әр түрлі сөз табы аясында да бола беретіндігін салыстыра түсіндірсек, олардың әрі лексикалық мағнасын, әрі грамматикалық мағнасын игертеміз.
Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияларды түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағнаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды болады. Бұлайша түсіндіру – лексикалы мағнаны ашуға көмектесумен бірге , оқушылардың грамматикалық ұғымдарды бойын сіңе беруіне, сөздердің қолданылу аясын тереңдей білуіне мүмкіндік жасайды.
Үшінші принцип – семантикалық принцип. Бұл принцип сөздердің әр түрлі сөздермен мағыналық байланысына қарай лексикалық парадигма жасау қабілетімен байланысты. Лексикалық парадигма дегеніміз – айналадағы заттар мен құбылыстарыдң бір –біріне қатысы қандай болса, оларды аңғартатын сөздердің де бір –біріне қатысы сондай болады Мсыалы, өзара қатыстылығы арықлы бір атауға топталатын да сөздер болады. Айтаылқ, таңертең, сәске,түс, намазшам, кешқұрым сөздері бір күн ішінде болатын мезгіл атауларын; тал, терек, қарағай, өрік, алма т.б. сөздер ағаш сөзінің мағнасына енеді; қол,аяқ, иық, тізе, арқа т.б. сөздер дене мүшесіне жатады. Сөйтіп, лексикалық парадигма дегенде осындай өзара мағналық байланысы бар сөздердің тобын айтамыз. Сондай –ақ өзара бір атау топтарға бөлінетін сөздерге көңіл аудару да лексикалық мағынаны аша түсетін тәсіл екенін есте сақтаған жөн. Мысалы, шабуылшы, қорғаушыжартылай қорғаушы, қақпашы сөздерінен спорттық футбол атты түрімен ғана түсіндіріп, мағнасын аша аламыз. Сондықтан тіліміздегі көптеген сөздердің лексикалық мағнасын тек семантикалық принцип арқылы түсіндіруге болады.
Төртініш принцип - диохрониялық принцип.
Бұл принцип тіліміздегі сөз байлығының пайда болу , жасау, қалыптасу тарихын халық өмірімен салыстыра түсіндіруге негізделген , ал көбінесе басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер , неологизмдер, кәсіби сөздер туралы ұғымды оқушыларға түсіндіруде қолданылады. Сөйтіп, дихрониялық принцип –оқушыларға сөздің тарихын , шығу тегіне пайда болу себебін ашып түсіндіру жолымен лексикалық мағынаны анықтау үшін қажет.Мысалы, орыс тілінен енген машина, трактор т.б. сөздердің тілімізге енуінің себебі қазақ халқының тарихымен ашылуға тиіс, немесе көнерген сөздерді, неологизмдерді де халық тарихымен салыстыра отырып, би, хан, уәзір сөздер пайда болды дегендей сұрақтар төңіргінде әңгіме жүргіземіз.
Оқушылар бұлай салыстыру әдісі арқылы басқа тілден сөз ену, кей сөздің көнеріп, кей сөздің тілімізде жаңадан пайда болып жатуықазақ халқының тарихындағы өзгерістерге , даму жолына байланысты байырғы сөздің мағынасы жаңарып, жаңа сөздің пайда болғанын аңғарды.
Бақылау сұрақтар: Лексиканы оқытудың білімдік, танымдық маңызы.
Лексиканы оқытудағы қойылатын талаптар.
Лексика бойынша берілетін білім көлемі
Лексиканы оқытудың принциптерін атаңыз.
Әдебиеттер: Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас.- Алматы 2005
Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2005
05011700-қазақ тілі мен әдебиеті. Типтік оқу бағдарламасы. – Алматы, 2016