9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту


«Оқыту», «тәрбиелеу», «дамыту» ұғымдары және олардың бірлігі



бет21/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
Байланысты:
дәріс сабағы 1

«Оқыту», «тәрбиелеу», «дамыту» ұғымдары және олардың бірлігі.
Кез келген ғылым саласының өзінің мәнін, байланыстарын, қатынастарын сипаттайтын ұғымдары болады. Педагогика ғылымы өзінің даму, қалыптасу нәтижесінде: тәрбие, оқыту мен білім беру, дамыту, қалыптастыру ұғымдарын анықтады.

Тәрбие - педагогиканың негізгі категориясы. Тәрбие тарихи жағдайда «Oқыту», «Білім» категорияларын өзіне қосады. «Tәрбие» категориясы - ұрпақтардың тарихи және мәдени тәжірибелерін бір-біріне беру болып табылады. Тәрбиеші жас ұрпаққа:

-адамзат жинақтаған тәжірибені береді;

-мәдениет әлеміне ендіреді;

-өзін-өзі тәрбиелеуге үйретеді;

-өмірлік түрлі жағдайларды (ситуацияларды) түсінуге және одан шығудың жолдарына көмектеседі.

Тәрбиеленуші өз тарапынан:

-адамдар қарым-қатынасының тәжірибелерін және мәдениет негіздерін меңгереді;

-өз бетімен жұмыс істейді, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады;

-қарым-қатынас тәсілдері мен мінез-құлық ережелеріне үйренеді.

Тәрбиелеу дегеніміз-алға белгілі мақсат қоя отырып тәрбиеленушілердің психикасына жүйелі турде әсер ету, бойына моральдық қасиеттерді, саналылықты, тәртіптілікті, қоғамдық өмірге, еңбекке көзқарасты қалыптастыру. Тәрбие жұмысы мектепке дейінгі шақтан бастап балалардың жас ерекшелігіне, түсінігіне лайықты жүргізілсе, балалар тәрбие процесінің әсеріне көнгіш, еліктегіш, белсенді келеді, олар өзін қоршаған адамдардың іс-әрекетіне баға беруді үйренеді; алғашқы моральдық қасиеттер жайында түсінік алады, жақсы іс-әрекет істесем деген талпынысы пайда болады, бұл талпыныс күнделікті жаттығудың нәтижесінде бірте-бірте баланың тұрақты тәртібіне айналады. Баланың адам бойындағы моральдық жақсы қасиеттерді білуі, ұнамды іс-әрекеттерге белсенді жаттығуы, өзінің тәртібіне қойған талабы, саналы түсінігі, сол талапқа сай өзін-өзі ұстауы-оқу-тәрбие әсерінің нәтижесі, сонымен қатар моральдық тәжірибені қалыптастырудың негізі болып табылады.

Тәрбие балаға екі жақты әсер ету процесі: 1) моральдық нормаларды меңгертуі 2) тәртіп пен мінез-құлықтың моральдык тәжірибесін жинақтау. Тәрбиенің міндеті - қоғамның талабына сай жас ұрпақты дайындау, оның қоғамдық және әлеуметтік рөлін көтеру. Әлемдік тәжірибеде «спартандық», «рыцарлық», қазақта мергендік, жыраулық тәрбие болған. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, өйткені олар түгелдей адамға бағытталған. Платон: «оқытудағы нағыз маңызды нәрсе шын мәніндегі тәрбие деп түсінеміз» - деген. Дегенмен, ғылыми түсінікте және ұйымдастыруда оқыту мен тәрбие процестерінің өзіндік ерекшелігі болады.



Оқыту дегеніміз белгілі жоспармен бағдарлама бойынша жүйелі түрде балаларға білім беру, іскерлік, жағымды әдеттер мен дағдыларды қалыптастыру, баланың танымдық қабілетін, қызығушылығын дамыту. Оқыту - баланың білімін молайтып, ой-санасын дамытудың, іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың маңызды құралы. Оқы­ту - балаға білім беру, іскерлікті, дағдыны, таным әрекеті тәсілдерін игерту процесі. Оқыту процесі оқытушы мен оқушының іс-әрекетін қамтиды. Оқытудың ең негізгі формасы - сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекет). Қазіргі кездегі сабақтың түрлі типі бар: аралас сабақ, жаңа білімді алғаш меңгерту, бекіту-жаттығу, есеп-бақылау, қайталау жалпылау, т.б. Сабақты ұйымдастырудың қызықтау, серуен, ойын, еңбек, дөңгелек үстел, жарыс, топтық, т.б. формалары мектепке дейінгі мекемелерде кеңінен тарауда. Мектепке дейінгі жастағы баланы оқыту оларды бастапқы қарапайым біліммен қаруландыру, ұнамды әдет-дағдылардың алғашқы нышандарына баулу, ақыл-ой қабілетілігін, білуге құштарлығын дамыту. Балалардың зейін, ес, ойлау, сөйлеу сияқты дүниетанымдық қабілеттерін, мақсаттылық, белсенділік, қиыншылықты жеңе білу сияқты қасиеттерін тәрбиелейді. Оқу-тәрбие процестері тығыз байланысты. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі болғанымен, олар өзара тығыз байланысты, бір заттың екі жағы сияқты, біртұтас оқу-тәрбие процесін құрайды. Сондықтан оқыта отырып, тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып, білімді, іскерлікті, дағдыны меңгертеміз. Мектепке дейінгі кезеңдегі оқу-тәрбиенің басты мақсаты - жас ұрпақты құзыретті тұлға етіп қалыптастырудың негізін қалау. Педагогиканың басты категориясы - білім беру. Білім - жинақталған мәдени құндылықтар мен білімдерді ұрпақтардың бір-біріне беру процесі. Білім арқылы адамдар мәдени құндылықтарды игереді. Әлем бүгін білім саласында күш біріктіреді, сөйтіп әлемдегі және бүкіл ғаламдағы азаматтарды тәрбиелеуге ұмтылады. Әлемдік білім кеңістігі интенсивті түрде дамып отыр. Сондықтан да әлемдік қоғамдастық адамның білім стратегиясын ғаламдастық түрде қалыптастыру жайында міндеттерді негіздеуді талап етіп отыр. Адамның тұрағына немесе оның туған еліне, алған білімінің деңгейіне қарамай-ақ ғаламдастыруды ұсынады. Білім – адамды әлеуметтендірудің және ұрпақтар сабақтастығының практикасы. Білімнің басты міндеттерінің бірі – жас ұрпақты келешек дербес өмірге дайындау және келешектің бейнесін қалыптастыру. Адам өмірі – ұрпақтар жалғасы. Білімнің әлеуметтендіру қызметі, бір жағынан, ұрпақты келешек өмірге дайындау болса, екінші жағынан, қоғамның болашақ негізін қалайды және адамның келешек бейнесін қалыптастырады. Білім адамның қоғамдық және рухани өмірін қалып­тастыру және өндіріс саласын дамыту механизмі болып табылады. Білімнің әлеуметтік құндылығы қоғамдағы адамның білімділігімен айқындалады. Білімнің гуманитарлық (ізгілік) құндылығы адамның танымдық және рухани қажеттілігін дамыту мүмкіндігінен көрінеді. Білімнің тұтас жүйесі арқылы елдің интеллект және адами-рухани потенциалының барлық түрі, дәрежесі, деңгейі көтеріледі. Білім – адамның іс-әрекетінің мәдени қалыптасқан үлгілерін тасымалдау процесі. Оқыту және тәрбиелеу процесінде адам мәдени-тарихи мәні бар әлеуметтік мәдени нормаларды меңгереді. Білім аймақтық жүйені және ұлттық дәстүрлерді дамыту қызметі, сондай-ақ әлеуметтік институт болып табылады. Ол арқылы қоғамның мәдени құндылықтарының және қоғамның даму мақсаттарының базалары жинақталады және беріледі. Білім жүйесі елдің қажетіне қарай өзінің мақсаты мен міндеттерін өзгертіп отырады. Білім беру мекемелері әлеуметтік салаға жатқызылады. Олар елдің халқына білім беру қызметін атқарады. Білім – қоғамдық өмірдегі не жеке адамдағы мәдени өзгерістер мен өркендеуді тездетудің белсенді құралы. Білім адамның тұлға, субъект және жеке адам ретінде қасиеттері мен ерекшеліктерін дамытуды тездетеді. Білім беру дегеніміз жас ұрпаққа жүйелі ғылыми білім негіздерін меңгертіп, табиғат пен қоғамның даму зандылықтарын игерту, іскерлік, әдет, дағдыларын, дүниеге материалистік көзқарасын қалыптастыру. Білім беру оқыту арқылы іске асады. Білім – оқытудың нәтижесі. Мектепке дейінгі педагогикада білім беру деген түсінік қолданылмайды, өйткені балабақшада балалар аяқталған білім жүйесін меңгермейді.

Оқыту, тәрбиелеу, білім беру мекемелері: мектепке дейінгі мекемелер (ұйымдар), мектеп, мектеп-гимназия, мектеп-интернат, лицей, колледж, институт, университет, академия, жастар үйлері, шығармашылық үйі, дамыту орталығы, оқушы бөлмелері болып табылады. Олар ұзақ уақыт бойы қалыптасып бірыңғай оқу-тәрбие жүйесі болып өмірге келді. Оқыту, тәрбилеу, білім беру - ұйымдасқан іс-әрекеттің ерекше түрі, оның нәтижесі – адамның дамуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет