Кеңес: «Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ой тәрбиесі»



Дата23.01.2023
өлшемі17,34 Kb.
#62437
Байланысты:
Кеңес «Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ой тәрбиесі»


Кеңес: «Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ой тәрбиесі»
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.
Мектепке дейінгі кезең – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл – ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ақыл-ойдың дамуы – бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы және тәрбиелік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетіндепайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестерді жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді.
Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның барлық іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл –ойды неғұрлым тиімді дамыта оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері –білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.
Ақыл-ой тәрбиесі міндеттерін шешу жолдары : бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын , шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау болып табылады.
Ақыл-ой тәрбиесі- балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауды, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді интеллектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы – айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі – ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды рөлді ойындар айналадағы түние туралы түсінігі кеңейіп, сөзін дамытады. Драмалық ойындар көркем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне, , тілдің дамуына әсер етеді.
Ақыл- ойды дамытудың пәрменді құралдарының бірі – оқыт процесі. Оқытуда бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың әсері күшті болады. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, жауапкершілігін , тәртібін тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы – еңбек.
Еңбек арқылы бір бала түрлі құбылытармен олардың пішіндері , көлемдері , сан алуан материалдардың қасиетімен танысады.
Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері : табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйыдастыру , әңгіме әдісі, көркем сөзбен әңгімелесу ,
көрнекіліктер пайдалану., қызықтыру т.б.
Ақыл-ойды дамытуда сезім (сенсорлық) тәрбиесінің алатын орны ерекше «Сенсор» латынның сезім, түйсік, қабылдау, түйсіктің қабілеті деген сөздерінен шыққан. Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі. Сенсорлық процестер мен таным -ақыл-ой тәрбиесінің алғашқы сатысы. Сенсорлық тәрбиенің басты міндеттері -ақыл-ой дамуының негізін салу және эстетикалық тәрбиенің құрамдас бөлігі ретінде көріну. Айналадағы дүниені тану түйсік пен қабылдаудан басталады.
Сенсорлық тәрбие дегеніміз- түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Баланың сенсорлық процестерінің дамуына мүмкіндік тудыратын іс-әрекеттің тиімді түрлі –көркем сурет салу, сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндер жасау, салынған суреттерді , өрнектерді қиып желімдеу әрекеттері, бірлескен дидактикалық ойындар , педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған іс-әрекет болып табылады.
Сенсорлық тәрбие мазмұны – баланың үстерді ажырата алуы, олардың ренктері туралы яғни бояуларды араластыру арқылы түс немесе ренк пайда болатынын үйрету. Сондай-ақ, суреттерді қараған кезде бейненің түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамытады. мектепке дейінгі шақта «алға-артқа» , «жоғары-төмен », «алыс-жақын», «солдан- оңнан» т.б. кеңістік туралы түүсініктерді игереді. Уақыт туралы ұғымдары: «кеше», «бүгін», «ертең» т.б. арнайы мақсатты оқыту нәтижесінде үйренуге қол жеткізеді. Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайда дыбысты мұқият тыңдап , ажырата білуі, музыкалық есту қабілетін дамыту енеді. Сондай-ақ, заттың сапасын сипап сезу арқылы, ажырата білуі және оларды: тегіс, мамық, кедір -бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т.б.деп дұрыс атай білуге үйренеді.
Қорытынды: Қорыта келе ақыл- ой тәрбиесі және айналадағы тіршілік құбылыстары жайлы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға баса көңіл бөлуге , танымдық психикалық процестерді дамытуға мән береді. Ақыл- ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері , баланың ақыл -ойын дамытудағы сенсорлық тәрбиенің маңызын түсінеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет