№9 дәріс Дәріс тақырыбы: Химиялық термодинамика



бет3/5
Дата24.04.2023
өлшемі26,55 Kb.
#86364
1   2   3   4   5
Лавуазье-Лаплас заңы.
“Тура реакцияның жылу эффектісі кері реакцияның жылу эффектісіне тең, тек таңбасы қарама-қарсы”.


Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия.


Термодинамиканың екінші бастамасы химиялық процестің жүру бағытын қарастырады. Анықтамасын Клаузиус берген: “Жылу өз бетімен суық заттан жылы затқа ауыспайды”. Жылу ауысу үшін жұмыс жасау қажет. Ал кейбір процестер өз еркімен жүреді. Өз еркімен жүретін процестердің қаншалықты мүмкін екенін білу үшін энтропия деген ұғым қабылданған.


Энтропия дегеніміз системаның белгілі бір күйінің функциясы. Оның өзгеруін былай белгілейді:
dQ
dS = ______
T
S - энтропия,
dQ - жылу мөлшері,
Т - абсолюттік температура
Энтропияның өзгеруі былай көрсетіледі: S = S1- S2 . Өлшем бірлігі Дж/моль . К ; Стандартты энтропия S0298
Энтропия системадағы ретсіздіктің мөлшерін көрсетеді. Әрбір процесс ретсіздік мол бағытта жүруге тырысады. Неғұрлым ретсіздік көп болса, соғұрлым бөлшектердің әрекеттесуінің мүмкіншілігі көп болады.
Больцманның пікірі бойынша энтропия ықтималдылықтың логарифміне тура пропорционал:
S = k ln W
k - Больцман тұрақтысы
W - ықтималдылық
әрекеттесуге әкелетін ориентация саны
W = ___________________________________________________
ориентацияның жалпы саны

Энтропияның өзгеруін Гесс заңы арқылы есептеуге болады:


S0 =  S0 (өнімдер) -  S0 (реагенттер)

Гиббс энергиясы. Изобаралық - изотермиялық потенциал.


Гиббс энергиясы системаның белгілі бір күйінің функциясы. Қалыпты қысымда және температурада жүретін химиялық процестерді сипаттайды. Гиббс энергиясы изобаралық-изотермиялық потенциал деп аталады. Энтальпиялық фактор мен энтропиялық факторды байланыстырады.


G = H - T S
H - энтальпиялық фактор
T S - энтропиялық фактор
Гиббс энергиясы реакцияның жүру бағытын анықтайды.
Егер G < 0 болса, реакция өз еркімен тура бағытта жүре алады, егер G>0 болса, өз еркімен жүрмейді (осы бағытта). Егер G = 0 болса, система тепе-теңдік жағдайында болады.
Гиббс энергиясының өзгеруі Гесс заңына және одан шығатын салдарға бағынады:
G0 =  G0 өнімдер -  G0 реагенттер
Гиббс энергиясының стандартты шамасы G0298.15 -кестелерде болады. Өлшем бірлігі кДж/моль . К.
Қайтымды процестер үшін G0 = k T lnK
K - тепе-теңдік константасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет