9-дәріс. Жоғары мектеп оқытушысының біліктілігі мен құзыреттілігі Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі


Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі



бет4/4
Дата30.03.2023
өлшемі36,69 Kb.
#77618
1   2   3   4
Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігі.
Коммуникация латын тілінен аударғанда «ортақ ету, байланыстыру, араласу» дегенді білдіреді. ХІХ ғасыр коммуникация техникалық мағынада «байланыс орнындағы жолдар, құралдар» деп қолданылды. ХХ ғ. ол әлеуметтік мағынаға ие болды. Ғалымдар «қарым-қатынас ұғымы мен коммуникация ұғымы екеуі бір мағынаны білдірмей ме?» деген мәселені зерделеді. Оны шешуге екі түрлі амал тұрғысынан келді: 1) мәніне қарай екі ұғымды теңестіру. Л.С. Выготский, В.Н. Курбатов, А.А. Леонтьев т.б. көптеген энциклопедиялық сөздіктерде «коммуникация хабарлау жолы, қарым-қатынас» деп түсіндіреді. Белгілі украиндық маман Ю.Д. Пирлюктің пікірінше, этимологиялық және семантикалық тұрғыдан алғанда бұл екі ұғым тең. Бастапқы мағынасына қарай «қоғамдағы ақпараттық алмасу» дегенді білдіреді. Шетелдік ғалымдар Т. Парсонс және К. Черри де осы пікірді құптайды. Т. Парасонстың пікірінше, коммуникавцияны «адамдар арасындағы қарым-қатынас, өзара әрекет» деп түсінуге болады. К. Чериидің пікірінше, коммуникация сан алуын байланыс жүйесін пайдаланатын әлеуметтік қарым-қатынас, оның ең маңыздысы тіл және сөз дейді. 2) «коммуникация» және «қарым-қатынас» ұғымдарын бөліп қарастыру. Белгілі философ С.Каган коммуникация мен қарым-қатынастың айырмашылықтарын көрсетеді: біріншіден, қарым-қатынас практикалық та, материалдық, рухани, ақпараттық және практикалық-рухани сипатқа ие, коммуникация белгілі бір ақпаратты тасымалдайтын тек ақпараттық үрдіс; екіншіден, өзара әрекет жүйесіне түсетін байланыстардың сипатымен ерекшеленеді. Коммуникация субъекті-объектілік байланыс, субъект қандайда бір ақпаратты береді (білім, идея, іскерлік хабарлама, мәлімет, нұсқау және т.б), ал объект ақпаратты пассивті алушы (қабылдаушы) ретінде болады.
Қазіргі таңда оқытушының коммуникативтік икемділігін, бір-бірімен қарым-қатынаста тез әрі шапшаң тіл табысу қабілетін қалыптастыру үшін педагогикалық теория мен тәжірибеде жоғары оқу орындарына бағытталған диалогтік және пікірталастық әдістемелердің топтамасы қолданылып келеді. Мұндай әдістемелер қарым-қатынас барысындағы икемділікті көрсету және өз көзқарасын дәлелдеп, сұрақтарды нақтылықпен жеткізе білу қабілетін қалыптастырады, сондықтан коммуникативтік икемділікті дамыту педагогикалық тәжірибе барысынды да, өзара байланыс жүйесінде де теориялық оқытудың өзара байланысында мол болуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет