9-дәріс. Жоғары мектеп оқытушысының біліктілігі мен құзыреттілігі Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби біліктілігі


Жоғары оқу орындарындағы оқытушының жеке және педагогикалық іс-әрекеті



бет3/4
Дата30.03.2023
өлшемі36,69 Kb.
#77618
1   2   3   4
Жоғары оқу орындарындағы оқытушының жеке және педагогикалық іс-әрекеті. Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие – бұл «адам-адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адам аралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар бірлестіктер т.б.) тарапынан болатын істер. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі мінез-құлық, әрекет пен қарым-қатынаста екі жақты өзгеріс болатын педагог пен тәрбиеленушінің арнайы келісімі. Педагогикалық әрекеттестік келесі құрылым арқылы жүзеге асырылады: мақсатқа бағытталған педагогикалық әсер ету; білім алушының әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің әр түрлі формалары; білім алушының белсенді қабылдауы мен меңгеруі. Білім беру тек процесс ретінде ғана емес, тұлғаның әр түрлі білім деңгейінде байқалатын процесс нәтижесі ретінде де жүргізіледі. Білім негізінде табиғат пен қоғамның дамуы туралы заң, тұлғаның рухани мәдениетке белгілі бір көзқарасы, өнім, дүниетаным және адамгершілік сапаларды қалыптасады. Демек, білім беру мен тәрбиелеу тығыз байланысты.
Педагогикалық болжам жасаушылық – педагогтің ұйымдастырушылық, гностикалық (студенттермен өзара әрекет етудің құралдары, әдістерін іздеу) немесе коммуникативті функциялары сияқты әр педагогтің функциясы. 1989ж. осы саланың дамуына бастама жасаған әйгілі педагог В.П.Беспальконың педагогикалық жобалау туралы жеке еңбегі шықты. Педагогикалық болжам жасау жоспарланған іс-әрекеттің мүмкін нұсқаларын жасауға және оның нәтижелерін болжамдауға көмектеседі. Педагогикалық болжам жасаудың құрылымын: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуациялар анықтайды. Педагог үшін педагогикалық процесс болжам жасаудың басты объектісі болады. Педагогикалық жүйелерді, процесс немес ситуацияларды болжамдау – күрделі көпсатылы іс-әрекет. Бұл іс-әрекет субъектілерге және объектілерге тәуелсіз, бір-бірінен кейін болатын кезеңдермен жасалынады. Болжам жасау педагогикалық процесте маңызды рөл атқарады, Яғни, оқытушының қызметінің бірі де болжам жасай білу.
Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде кәсіби құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік ұғымына мынадай анықтама береді: «Кәсіби құзыреттілік – кіріктірілген іргелі білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің, мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі».
ҚР Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі туралы: «Кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашалық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құратын тұлға» делінген.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер ұғымын берген.
Құзыр – адамның бойындағы бар білік пен білім және қабілеттері. Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындық, құзыреттілік – бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет-қабілеттерінің болуы. 1. Арнайы құзыреттілік: өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 2. Әлеуметтік құзыреттілік: кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 3. Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Құзыреттілік қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Құзыреттілік қалыптастыру – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер, оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзіреттілік: азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б; мәдениеттанымдылық құзіреттілік: ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті; оқу-танымдық құзіреттілік: өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу; коммуникативтік құзіреттілік: адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы; ақпараттық-технологиялық құзіреттілік: ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өздігінен іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті;
әлеуметтік-еңбек құзіреттілігі: әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті; тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі: отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті.
Тұлғаға бағытталған білім жүйесі – білім стандартына сай тұлғаның жан жақты дамуы, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алуы.
Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады. Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұрады. Арнайы оқытушылық қасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады. Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары білім алушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болса, ал педагогтің ең басты функциясын оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару құрайды. Жоғары мектеп мұғалімінің басты ұстанымы: оқыту емес, оқу барысын бағыттау; үйрету емес, ізденісті туындату; тәрбиелеу емес, тәрбие процесін басқару.
Педагогикалық қызметтің құрылымын төмендегідей компоненттер ерекшелейді: тұлғаның психофизиологиялық қасиеттері; қабілеттілік; өзіндік қасиеттері, оның ішінде бағыттылық; кәсіпті-педагогикалық, пәндік білімі мен шеберлігі, кәсіптік икемділігі.
Оқытушының жалпы және арнайы қабілеттілігі. Жалпы қабілеттілікке кез келген адамға тән іс-әрекетте жететін жоғарғы табыстар жатса, арнайы қабілеттілікке педагогикалық қызметте табысқа жеткізетіндер жатады: дидактикалық қабілеттілік; академиялық қабілеттілік; перцептивті қабілеттілік; сөз сөйлеу қабілеттілігі; ұйымдастырушылық қабілеттілігі; авторитарлық қабілеттілік; коммуникативті қабілеттілік.
Педагогикалық қабілеттер оқытушы кәсібін табысты меңгерудің маңызды шарты болғанымен ол шешуші кәсіптік қасиет емес. Оқытушының маңызды кәсіптік қасиеті: еңбекқорлық, тәртіп, жауапкершілік, алға мақсат қоя білу, оған жету жолдарын таңдай білу, ұқыптылық, мұқияттылық, табандылық, жүйелі және жоспарлы түрде өзінің кәсіптік деңгейін жоғарлату, білімін тереңдету, өз еңбегінің сапасын жоғарылатуға тырысу қасиеттері және т.б. Оқытушыға тән ең міндетті қасиет – гуманизм. Гуманды қарым-қатынас білім алушының жеке басына деген ықыластан, оған көмек көрсетуден, оның пікірін, даму ерекшілік жағдайларын сыйлаудан, білімді меңгеру іс-әрекетіне жоғары талаптан, жеке басының дамуына қамқорлық жасаудан құралады.
Оқытушының өзін-өзі ұстауының бірнеше түрі зерттелген: 1. Монблан моделі – «білім патшалығында отыру», студент қауымынан алшақтық, яғни студент тек тыңдаушылар қатарында. Психологиялық қарым-қатынастың жоқтығы студенттердің оқуға деген немқұрайлығына алып келеді. 2. «Қытай қорғаны» – бірінші жағдайға ұқсас, бірақ студент пен оқытушының арасындағы әлсіз байланыс, бір жақты қарым-қатынас. Оқытушының өзінің мәртебесін, қабілеттілігін көрсету. Студенттермен жеткіліксіз қарым-қатынас жасау, ал студент қауымы тарапынан оқытушыға деген немқұрайдылық.
3. «Локатор» – оқытушы белгілі сағатта ғана тек қабілетті немесе әлсіз студенттерге назар аударады. Қарым-қатынас ортаның көңіл күйіне негізделеді.
4. Гипорефлекция моделі – оқытушы қарым-қатынас жасауда өзімен ғана тұйықталуы. Оның сөйлеген сөзі бір қалыпта өтеді. Ол тек өзін ғана естиді, ал тыңдаушыларды естімейді. Оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынастың мүлде болмауы.
5. «Робот» – мұнда оқытушы мен студент қарым-қатынасы бағдарлама бойынша яғни онда көрсетілген сабақтың мақсаты және тапсырмаларына негізделеді.
7. «Беделді» модель – (Мен – өзім) Тәрбиелеу-оқыту процесі тек оқытушыға жүктелген. Оқытушы жауаптардың, сұрақтардың, айқындаудың, дәлелдеулердің қайнар көздері. Жалпы аудиториямен қарым-қатынас мүлде жоқтың қасы.
8. «Одақ» – белсенді әрекеттестік оқытушы әр кез студенттермен қарым-қатынаста болады.
9. Ортадағы психоллогиялық жағдайларға, өзгерістерге тез бейімделу. Оқытушы студенттермен достық қарым-қатынаста болса да, белгілі бір қашықтықты ұстайды: оқыту, ұйымдастырушылық мәселелер бірлесіп күш жұмсау арқасында шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет