9 дәріс тақырыбы: Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері Жоспар



бет1/4
Дата13.04.2023
өлшемі14,92 Kb.
#82419
  1   2   3   4

№9 дәріс тақырыбы: Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері Жоспар

9 дәріс тақырыбы: Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері


Жоспар:

  • Жалпы педагогикалық оқыту әдістемесі

  • Дене тәрбиесіндегі оқытудың арнайы әдістері: моторлық әрекеттерді және физикалық қасиеттерді дамыту

  • Спорттық қызмет жағдайында дене шынықтырудағы компьютерлік әдістерді қолдану ерекшеліктері

Әр түрлі жаттығушылар тобымен әр қилы жағдайда белгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану, пайдалану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз


«Әдіс» деген түсініктен біз «әдістеме» түсінігін ажырата білуіміз керек
Әдістеме деп дене тәрбиесі үрдісінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады
Педагогиканы оқыту әдістемесінің құрылымы мен мазмұны:
Біріншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі біз үшін педагогикалық білім саласы болып қаралады
Екіншіден, біз педагогиканы оқытудың әдіснамалық негізін салуға тырыстық, өйткені әдіснамалық негіздерді ұғынып алмайынша аталған ғылым саласы бойынша білім мәнін, практикалық қолданылуын, ондағы таным үдерісінің ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Осыдан педагогика мазмұнын меңгеру философияның теориялық және әдіснамалық негіздерімен атап айтсақ, гносеология, тұлға мен іс-әрекет теорияларымен тығыз байланысты екендігі шығады
Үшіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі – теория мен тәжірибенің бірлестігі болғандықтан, оның теориялық және әдістемелік негіздерін жиынтықта қарастырдық. Бұл жол білім алушыларға оқу пәнін тұтасымен қабылдауға, теория мен практика арасындағы өзара байланысты көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар теориялық білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға көмектеседі
Төртіншіден, педагогиканы оқыту әдістемесі педагогика мен дидактиканың түйіскен жерінде қаралады, сондықтан педагогиканы оқытудың формаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдау жалпы педагогикалық және негізгі дидактикалық ережелерге сүйенеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет