9 дәріс тақырыбы: Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері Жоспар


Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі -



бет2/4
Дата13.04.2023
өлшемі14,92 Kb.
#82419
1   2   3   4
Байланысты:
№9 дәріс тақырыбы Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту ә-emirsaba.org

Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі - Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады.
Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Мұғалім сабақты тартымды етіп өткізу үшін теория мен практиканы ұштастырып, жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігіне баса назар аудару қажет. Оқушылар қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесін белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет
ә) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою
Сабақтың құрылымы:
б) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау
Дене тәрбиесінің барлық әдістері:

  • арнайы (тек қана дене тәрбиесі процесіне тән) және

  • жалпы (дидактикалық білім беру және тәрбие бағытында қолданылатын) болып екі топқа бөлінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет