9 дәріс Тақырыбы: Жалпы тәрбие әдістері



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі16,85 Kb.
#126572
1   2
2. Тәрбие әдістперін таңдау
Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, тәрбиелеу жолын алдын-ала оның қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға болмайды.
Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың саналуандығына қарамастан әдістерді тандау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын тандағаны.
Тәжірибеде үнемі тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын тандау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа кеп күш-қуат жұмсамай жететін неғұрлым пайдалы жолды айтамыз.
Кейбір жағдайларды жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық іс-әрекетті пайдаланған тәрбиеші тәрбие жұмысында әрқашан жоғары жетістікке жетеді. Тәрбие әдісін тандау - жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенеді.
Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық. Бірінші кезекте төмендегілер ескерілуі қажет:
1. Тәрбие мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті тек жақтап қана қоймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты тәсілі болуы керек.
2. Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау қажет. Сол үшін әдісті мазмұнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиімді.
3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін.
4. Ұжымның калыптасу деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының дамуына қарай педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды: басқарудың ыңғайлы (гибкость) болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп қызмет етуінің табысты шарты ретінде қажет.
5. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
6. Тәрбиелік жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық-физиологиялық, санитарлы-гигиеналық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым-қатынастар, яғни ұжымның көңіл-жайы, педагогикалық жетекшіліктің стилі және тағы басқалар жатады. Абстрактты (дерексіз) жағдайлар болмайды, жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімсн жасалатын тәрбиелік шара-істер - педагогикалық ситуация деп аталады.
7. Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері ретінде көрінеді, олар педагогикалық құралдар бірлігін құрайды. Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршылық, олар әдістермен тығыз байланыста, бірге қолданылады (көрнекі құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары). Тәрбие құралдарына олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тіл, ым, қимыл т.б.), мұғалім мен оқушының қалыпты өмірлік іс-әрекетін жасауға көмектесетін құралдар жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаланылмаса, олардың маңызы еленбейді. Алайда осы жаңа жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға негізгі ықпал жасайды.
8. Педагогикалык дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жұмсауды талап етеді: кейбір педагогтар бұл мәселені айналып өткісі келеді. Осыдан болатын кемшілік - тәрбиенің жетімсіздігі.
9. Тәрбие уакыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда "ыкпалдыәсер ету" әдісі қолданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақты қасиеттерін қалыптастыруға жеткілікті болатынын мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ. Кейбір педагогтар уақыттың жеткіліксіздігін алға тартып, ықпалды әсер ету әдістеріне бағытталғанды жөн көреді. Қалай болғанда да, уақыт факторы тәрбие әдістерін таңдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады.
10. Күтілетін қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді таңдай отырып, оның табысқа жеткізетініне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдын-ала болжай білуі шарт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет