9 дәріс Тақырыбы: Жалпы тәрбие әдістері



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі16,85 Kb.
#126572
  1   2
Байланысты:
9 апта дәріс


9 дәріс
Тақырыбы: Жалпы тәрбие әдістері
Мазмұны:

  1. Тәрбие әдістері мен тәсілдері жөнінде түсінік

Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) - бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.
Тәрбиелеу мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен, олардың күиі-қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйеие отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделгенжетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану — кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі.
Алайда, тәрбиенің жаңа әдісін жасауға көрінген тәрбиешінщ күші келе бермейтіні белгілі. Әдістерді жоғары деңгейге көтеру үнемі алға тартылатын міндет. Тәрбие процесінің жағдайына тура келетіндей, тәрбиеші өз күші мен мүмкіндігіне қарай жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, өз міндеттерін шеше алады.
Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға - әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.
Тәрбие құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды.Тәсіл - деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсілемес, бірақ әлі әдістікке жетеқоймаған шара. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау бұл ондағы тәсілдер... Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие. құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет