9. Жалпы ғылыми таным әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: анализ



бет1/6
Дата22.12.2023
өлшемі21,29 Kb.
#142764
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9. Жалпы ғылыми таным әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсет


9. Жалпы ғылыми таным әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: анализ

9. Жалпы ғылыми таным әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу; синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;- абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу; жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия – ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б.;классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
3. Ғылыми мәтіндердің негізгі жанрларын сипаттаңыз: ғылыми мақала – диссертация тақырыбымен байланысты, мәселе шеңберіне енетін, айқынды бір мәселеге арналған логикалық тұтас шығарма.
Монография (грекше monos – біртұтас, grapho – жазу) – белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек.
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама.
11.“Академиялық мәтін”, “Тезис”, “Дәләл”, “Ғылыми мәтін”ұғымдарына анықтама беріңіз:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет