51.Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері бар: күрделі, формальды, нақты, объективті, шектеулі, жауапкершілікті деп жіктеледі: Күрделі жазба түрі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі, жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. Формалды,академиялық жазу барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект жаргон сөздер т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. Нақты, академиялық жазу акпаратты қолдану барысында нақты акпарат беруге тырысыныз. Объективті, академиялық бағытта жазылған жұмыс субъективті бағыт ұстанбауы тиіс. Яғни біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Шектеулі, академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты беру н/се жазу оқырман қызығушылығын жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Жауапкершілік, автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Жазылған материалдың мазмұны мен қателіктеріне студенттің өзі ғана жауап береді, материалды жазу, дайындау барысында плагиаттық жасауға болмайды.
60.Әдістеме бөлімі қандай екі сұраққа жауап береді: 1) Ақпарат қалай жинақталады және қалай тындалады. 2)Ақпарат қалай талданады.
37.«Сілтеме» сөзіне түсінік және сілтеме түрлері: Сілтеме (Ссылка; the reference, link) — 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.
Сілтеме түрінің үш мәні бар: Әдепкі – тұрақты өлшем сәйкестіктері және салыстырулары бар сілтеме; Жинау бастапқы текшеде негізделген таңдау тізімдеріне пайдаланатын сілтеме; Ауыстыру- таңдау тізімдерінде немесе мақсатты текшедегі төл сипаттарды негізделген виртуалды өлшемдерде пайдалантын сілтеме;
22.Рефератпен жұмыс істеу кезеңдері:тақырыпта таңдап онымен танысу; реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу; әдебиеттерді зерттеу; жиналған материалдардың жүйелілігі; рефератты жазу; Рефератты жазудың ең басты кезеңінің бірі – тақырыпты таңдау, тақырып таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс.