9. Жалпы ғылыми таным әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: анализ



бет2/5
Дата07.04.2023
өлшемі23,64 Kb.
#80240
түріРеферат
1   2   3   4   5
38.Эссеге қойылатын талаптар: Еркін композиция; Автор ұстанымы; Баяндау еркіндігі; Тосын; Жаңа пікірге бейімділік
24.Эссенің түрлері:
Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп отырады.
Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.
Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі.
Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.
Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай отырып, қорытынды шығарып жазады.
Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын ашу көзделеді.
59.Тақырыпты іздестіру барысында қандай бағытта жұмыс жасау оң әсерін тигізеді: материал таңдау; ойшақырту; жаңалықтар; ғаламтор.
57.Тақырыптың құрылымын жазу барысында қандай қарапайым шарттарды білген жөн: -түсінікті, шағын және қызықты етіп жеткізу; мағыналы сөздерді қолдану; қысқарған сөздер мен жаргондар қолданбау.
55.Кіріспеде қамтылуы тиіс негізгі мағлұматтарға нелер жатады: зерттеу жұмысының мақсаты; зерттеу сұрағы; тақырыпқа байланысты еңбектерге шолу; негізгі кездесетін терминдерге шолу жасау, түсініксіз болса, анықтама беру; мақала құрамына сипаттама беру;
56.Зерттеу жұмысы үдерісінде қандай оң қадамды жүзеге асыруына тура келеді: 1) тақырыпты түсіну; 2) ойшақырту амалдарын қолдану; 3) идеяларды шағын тақырыпшаларға біріктіру; 4)кіріспені, негізгі ойлар мен сұрақтарды жазу; 5) негізгі бөлімнің параграфтарын жазу- негізгі сөйлемдерді жазу; 6) негізгі бөлімнің параграфтарындағы түсініктемелер мен әңгімелер, мысалдар жазу; 7) қортынды, зерттеу нәтижесі бойынша нақтыланған мәліметтерге сүйене отырып, қорытынды жазу; 8)бөлімдерін тексеру; 9) идеясы мен сұрағынан ауытқуымауын тексеру; 10)мәтінді тексеру, оның нақыт және дәлелді болуына көз жеткізу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет