9. Жалпы ғылыми таным әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: анализ


«Аббревиатура», «аннотация», «кросс- дәйексөз» терминдеріне түсінік беріңіз



бет3/5
Дата07.04.2023
өлшемі23,64 Kb.
#80240
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
академия сессия (копия)

26.«Аббревиатура», «аннотация», «кросс- дәйексөз» терминдеріне түсінік беріңіз:
Аббревиатура (итал. Abbreviatura, ab – қысқару, brevio – қысқа сөзінен) — негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздер дыбыстарынан немесе бастапқы әріптерден жасалған сөз.; Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.; Дәйек сөз, цитата (лат. Cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.
27.«Парафраза» және «Перифраза» терминдеріне түсінік және айырмашылығы:
Перифраз (гр. Perіphrasіs — айналым)[1] — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі.
Парафраз(гр. Қайта айту мағынасында) – әдеби шығарманы қысқаша баяндап беру. Парафраз өлеңді қара сөзбен немесе қара сөзді өлеңмен айтуға негізделген.
31.«Дәріс» түсінік және дәріс түрлері анықтама:
Дәріс – мектеп, медреселердегі сабақ. Дәріс ұғымы кейде «лекция» ұғымының синонимі ретінде қолданылып жүр.
Дәріс түрлері: дәстүрлі, кіріспе, шолу, пікірталас лекциясы, лекция-консультация, лекция-конференция, сұрақ-жауап-пікірталас, қатені түзету лекциясы, визуальды лекция, екі оқытушының лекциясы және т.б..
51.Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері бар: күрделі, формальды, нақты, объективті, шектеулі, жауапкершілікті деп жіктеледі: Күрделі жазба түрі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі, жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. Формалды, академиялық жазу барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект жаргон сөздер т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. Нақты, академиялық жазу акпаратты қолдану барысында нақты акпарат беруге тырысыныз. Объективті, академиялық бағытта жазылған жұмыс субъективті бағыт ұстанбауы тиіс. Яғни біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Шектеулі, академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты беру н/се жазу оқырман қызығушылығын жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Жауапкершілік, автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Жазылған материалдың мазмұны мен қателіктеріне студенттің өзі ғана жауап береді, материалды жазу, дайындау барысында плагиаттық жасауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет