9. Жалпы ғылыми таным әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады: анализ


Академиялық хат және ғылыми стиль дегеніміз не?



бет5/5
Дата07.04.2023
өлшемі23,64 Kb.
#80240
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
академия сессия (копия)

61.Академиялық хат және ғылыми стиль дегеніміз не?
Академиялық хат – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі.
Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі.
45. Шолу (журналистік жанр) – апталық немесе айлық журналдарға тән жанр. Шолу сараптамалық қорытынды есеп ретінде жүзеге асырлады. Апталық немесе айлық оқиғаларға, я белгілі бір аптаның шулы оқиғасына шолу жасалынады. Шолу түрлі мақсатта жазылуы мүмкін. Оның негізгі екі түрі жиі кездеседі: бірінші: басылымдардағы маңызды оқиғаларды хабарлайтын ақпараттық шолу, екіншісі: нақты бір тақырыпқа қатысты басылым беттерінде жарияланған кең спектрлі пікірлер топтамасын беретін тақырыптық шолу.
4. Курстық жұмыс – жазбаша түрде берілетін белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыс. Жұмыстың мақсаты – студентті әдебиетпен жұмыс істеуге үйрету, бір ғана сұрақ зерттелетін тиісті білімін іс жүзінде қолдана білу. Курста міндетті бөліктер: мазмұн, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, дереккөздер тізімі.
Курстық жоба жазбаша түрде де ұсынылады. Бірақ бұл нақты тақырыптағы техникалық жоба. Басқа нәрселермен қатар, курстық жобада экономикалық бөлім де бар, онда орындалған есептеуді қолдану әсерінің талдауы жүзеге асырылады. Мұнда студент тек кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар шығармашылықты да салады. Сызбалар, диаграммалар және кестелер кірістірілген графикалық бөлік бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет