Айлық есептік көрсеткіш



бет1/8
Дата19.04.2022
өлшемі38,5 Kb.
#31462
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
глоссарий

Глоссарий


Айлық есептік көрсеткіш - зейнетақы, жәрдемақы және өзгедей төлемақыларды есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық төлемдері мен басқа да төлемдерді қолдану үшін республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын белгіленетін көрсеткіш. Кезекті жылға арналған республикалық бюджетке немесе нормативтік құқықтық актіде жыл сайын белгіленетін зейнетақыларды.

Аймақтық бағдарлама - мәслихаттар бекітетін, аймақтың (аумақтың) әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама. Аккредитив - жіберілген тауарлар және көрсетілген қызмет үшін тауар жіберушінің ұсынған тиісті құжаттарына сәйкес сатып алушының аккредитивтік өтінішінде көделген шарттар бойынша ақы төлеу жөнінде сатып

алушының банкінің тауар жіберушінің банкісіне Берген тапсырысы.



Акциздер - акцизделетін тауар ондіретін. акцизделетін тауарларды импорттайтын. Сондайөақ ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды және жеке

Ақша бірлігі - еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөнінде қызмет атқаратын заңмен белгіленген ақша номиналы (теңге, рубль, доллар, марка, сум, манат және т.б.).

Алымдар - жергілікті әкімшілік - аумақтық бірлік көлемінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тарапынан көрсетілген немесе көрсетілетін қызметтер үшін заңды және жеке тұлғалар жергілікті бюджет кірісіне төлейтін заңда көзделген міндетті ақшалай төлемдер.

Амортизация - негізгі құрал-жабдықтың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал-жабдық құнының бір бөлігін аудару.

Аннуитет - дүркін-дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента немесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтандыру жөніндегі төлемдердің шамасын (мөлшерін) көрсетеді.

Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті - салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) маслихатының шешімімен бекітіледі.

Әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код.

Бағдарламалық қарыздар - халықаралық қаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту және реформалау жөніндегі өздерімен келісілген іс-шараларын орындау шарттарымен Қазақстан Республикасының

Үкіметіне немесе Қазақстан Республикасының ұлттық банкіне беретін қарыздары.



Банктер – қызметтерінің өнімі ақшалай кредиттік, есеп айырысу және эмиссиялық істер болып табылатын қаржылық – кредиттік мекемелер жүйесі.

Банктік процент - клиенттің (борышқордың) банке (кредиторға) ссуда бергені үшін төлейтін. алған сомасына процент есебінде қосылатын банктік

Басқа да міндетті төлемдер - бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер).

Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.

Бересі - есептелген және мерзімде төленбеген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары.

Бірыңғай бюджеттік сыныптама - бюджет түсімдерімен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.

Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет