№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


Ішкі органдардың зақымдалуы



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
3РК

Ішкі органдардың зақымдалуы 

Жүрек бұлшықеттерінде микроциркуляция бұзыла салысымен, миокард ишемиясы 

қарқын ала бастайды. Оны жүректің ишемиялық ауруы деп атайды. Бұл науқастың басты 

қаупі миокард инфарктының туындауында және өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Мамандар 

микроциркуляция әрекетінің бұзылуынан жүрек жеткіліксіздігінің асқынған түрі орын 

алған науқастарға да жайсыз болжамдар жасайды. 

Жүректегі микроциркуляция бұзылуын жылдам шаршап қалу, әлсіздікті жиі сезіну, 

физикалық күш түскенін көтере алмау, жүрген кезде қатты демігуден, аяқтың ісуінен 

байқайды. Миокард ишемиясының үдемелі кезінде науқас жүрек тұсында күйдіріп немесе 

қысып бара жатқандай ауру сезімдерін сезінеді. 

Мидағы қан айналымының бұзылуы адам үшін өте қауіпті. Мұндай оқиғалар салдарынан 

инсульт, артериялық гипертонияның асқынған түрі және басқа да жағымсыз, қауіпті 

жағдайлар орын алады. Қанның тоқтап қалуы мен ми жасушаларының ісуінен  алуға 

болады. Оның алғышарттары ұмытшақтық, эмоциялық ауытқушылықтардан, үнемі 

бастың айналуынан, неврологиялық белгілер (сонымен бірге – шайқалақтаған жүріс) 

кезінде байқалады. 

Бүйректегі микроциркуляция бұзылуы жағымсыз әсерлердің дамуына әкеледі. Есеңгіреу 

халінде бүйрек қантамырларына қанның жеткізілуі тоқтап қалып, бүйрек жеткіліксіздігіне 

соқтырады. Бүйректерінде асқынған аурулары бар науқастарда ауру әлсіз байқалатын 

белгілер береді. Қан ағысының бұзылғанын зәрді аз шығару, беттің ісуі және түнде зәр 

ұстай алмау белгілеріне қарап білуге болады. Ең күшті сатысында адам ағзадан шығатын 

зәр көлемінің кенет төмендеуімен немесе оның мүлдем болмауымен соқтығысады. Егер 




дұрыс ем таңдалмаса, науқас ағзасы несепнәр мен креатининнің салдарынан үнемі 

уланып, күшін жоғалтады. 

Артериялық немесе көктамырлық қан ұюдың асқынған түрі салдарынан болған қан 

айналымының бұзылуынан аяқ зардап шегуі мүмкін. Темекі шегетіндер осындай 

жағдайларға жиі түседі, себебі олардың қантамырлары үнемі құрысып тұрады. 

Клиникалық кесел ақсау белгілері арқылы білінеді, ол бірде байқалып, бірде жойылып 

отырады. Қан ағысының бұзылуы кезінде адам қатты ауыруды сезінеді, аяғында ақшыл 

немесе көкшіл реңкті байқайды, кенет ісудің орын алғанын көреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет