№9 ОБӨЖ сабағына арналған таратпа материал
Аралық бақылау №3
Сұрақтары:
1. Қан айналым жүйесінің функционалды сипаттамалары.
Жүректің клапандық аппараты.
Қанайналымы жүйесі жүрек пен қанайналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады.
Бұл жүйенің кіндігі – жүрек насос тарзді қанды сығымдап қантамырларына айдайды да
оның үздіксіз ағысқа айналуын
қамтамасыз етеді. Жүрек тоқтап қалса, табиғи ырғағы бұзылса, не алсіресе, қан дене
тіршілігіне қажет мөлшерде тарамайды да, сан қилы өз қызметін атқара алмайды.
Қанайналымының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан қолқадан басталады. Қан
қолқадан артерияларға одан әрі капиллярларға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан
құрамындағы оттегі тіндерге, ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық
қан вена қанына айналады.
Вена қаны капиллярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналаларға, жоғарғы және
төменгі венаға (V. cava inferior, V. cava superior) жeтеді де, сол арқылы жүректің оң
жүрекшесіне құйылады. Сонымен қанайналымының үлкен шеңбері бітеді (31-сурет).
Қанайналымының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан (truncus
pulmonalis) басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмір қышқыл
газға бай веналық қан. Бұл өкпіс көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып
окпе капиллярларына жетеді, осы сәтте қандағы көмір қышқыл газ өкпеге, ал оттегі
керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық
қан әр өкпеден екі-екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол
жүрекшеге құйылады. Сонымен қанайналымының кіші шеңбері 4 өкпе венасымен
аяқталады. Адамда жүректен шыққан қан үлкен-кіші шеңберлерімен ағып отырып, 20-30
секунд ішінде қайтып оралады.
Жүрек (лат. cor, грекше cardia) – қалың жолақты еттен тұратын төрт куысты, үлкендігі
адамның жұдырығындай (250-300 г) жұмыр ағза, Жүрек кеуде қуысында екі өкпе
аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның
ұзындығы 12-15, ені 8-11 см, үзын білігі оңнан солға, жоғарыдан төмен, арттан алға қарай
бағытталған. Жүрек ұшы кеуде қуысында сол жақтағы бесінші қабырғаға не қабырға
аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі
бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен
қатыспайды. Әр жүрек жүрекше (atrium) мен қарыншадан (ventriculum) түрады. Сонымен
жүректе 4 қуыс бар, олардың екеуі жүрекше, екеуі қарынша.
Жүрекше мен қарынша арасында атриовентрикулярлык (жүрекше-қарынша) тесік болады.
Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атриовентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек
қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі – эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард.
Эндокард жүрек қуысын іштей көмкерген атриовентрикулярлық тесікке және
қарыншалардан қолқа мен өкпе сабауы шығатын жерге жеткенде бұрылып қос қабат
күрады да, сол тесіктерді жабатын екі не үш жақтаулы және айшық тәрізді қақпақшаларға
айналады. Сонымен әр қақпақша эндокардтың екі жапырағынан тұрады. Миокард
жүректің ортаңғы қабаты, ол көлденең жолақты ет талшықтарынан түратын ең калың
қабат. Жүректің сырткы кабаты эпикард оны сыртынан қаптап, жүректен шығатын не оған
келетін ірі кантамырларына жеткен жерде кері бұрылып жүрск сыртын екінші рет
қаптайды. Бул эпикардтың сыртқы қабаты, яғни перикард жүрек қабы. Эпикард пен
перикард арасындагы саңылауда аздаған серозды сүйыктык болады. Бүл сүйыктык
эпикард пен перикардтың ішкі бетін майлап қажалудан сақтайды. Перикард жүрек
қуыстарының қанға толып қатты керілуіне кедергі жасайды. Жүрекше мен қарынша
арасындағы тесікті жауып тұратын қақпақшалардың оң жақтағысы үш жақтаулы (valvula
tricuspidalis), ал сол жақтағысы қос жақтаулы (V. bicuspidalis)-митральды. Қолқа мен өкпе
артериясының қарыншадан шығатын жерінде айшық қақпақшалар (V. semilunaris)
орналасқан. Қақпақшалар жүрек жиырылған сәтте (систола) қанның белгілі бір бағытта
ағуын қамтамасыз етеді. Қан жүрекшеден қарыншаға, қарыншадан артерияларға (қолқа
мен өкпе сабауына) қарай ғана ағады, сау адамда қан кері ақпайды. Тек, жүрегі ауырған
адамда қақпақшалар толық жабылмай, соған байланысты қанның біразы негізгі бағытынан
айырылып кері қарай ағуы мүмкін. Мұны жүректің негізгі тондарына (дыбыстарына)
шуыл араласуынан байқауға болады.
Жүрек қақпақшаларының қандай қызмет атқаратынын көрсету үшін мынадай тәжірибе
жасалды. Жануар жүрегін оның денесінен болiп алған соң, 4 ірі қан тамырының
әрқайсысына шыны түтікше (ұзын канюля) кіргізіп, оны жіппен (лигатура) тамырға
бекітеді. Одан кейін жүректі штативке іліп қояды да, сол жақ жартысы қызыл түске, оң
жақ жартысы көк түске боялған физиологиялық ерітіндіге толтырылады. Тәжірибе
жасаушы адам жүрек қарыншаларын алақанына салып қысады. Сонда қарыншадағы
ерітінді қолқа мен өкпе сабауына бекітілген түтікше арқылы жоғары көтеріледі, ал
жүрекшелермен байланысқан түтікшедегі ерітінді деңгейі озгермейді. Қысқан кезде
карыншалардың қуысы тарылады да ішіндегі ерітіндінің қысымы котеріледі, сондықтан
жүрек болімдері арасындағы жақтаулы қақпақшалар жабылады, ал айшық қақпақшалар
керісінше ашылады. Қарыншалардағы ерітінді қолқа және өкпе сабауымен байланысқан
түтікшеге отеді. Алақанды жазып, жүректің қарыншаларын босатқан соң қолқадағы, өкпе
сабауындағы түтікшеде ерітінді деңгейі көтерілген күйінде қалады, олардың үстіне
ерітінді қүйып қысымын одан әрі күшейтсе де айшық қақпақшалар жабылған күйінде
ерітінді деңгейін ұзақ уақыт сол шамада үстан тұрады. Бұл тәжірибеден жүрек
қақпақшалары қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз ететінін көруге болады.
Жүректің ортаңғы қабаты (миокард) өзара жарыса орналасқан жолакты ет талшықтарынан
тұрады. Ет талшықтары түйіскен жерлерде қатар жатқан екі талшықты жалғастыратын
дискілер (мембрананын жуандау жері) болады. Талшықтардың дискілер аркылы беттескен
жерін нексус деп атайды. Нексустер арқылы миокардта қозу өте тез жайылады, өйткені
қозу бір талшықтан екінші талшыққа медиатордың қатысуынсыз-ақ орeкer потенциалы
күйінде өтеді, сондықтан әр ет талшығы жеке қозып, жеке жиырылмайды, топтасып
жиырылады Яғни жүрек еті әрекеттік синцитий (жалғам) ретінде қызмет етеді.
Биологияда құрылымдық синцитий деген ұғым бар. Электрондық микроскоп болмаған
кезде жүрек етінің топ-тобымен жиырылуы, яғни қозу үрдісін жүрек етінде бір талшықтан
екіншісіне өткізетін құрылым ет талшықтары арасындағы протоплазмалык көпіршелер
деп есептелетін. Сөйтіп бұл құбылыс құрылымдық синцитиймен түсіндірілетін. Қазір
электрондық микроскоп арқылы жүрек стінде мұндай плазмалы көпіршелер болмайтыны
дәлелденді. Сондықтан жүрек етін әрекеттік синцитий деген жон.
Жүректің жиырылып онан соң босауы миокардтың қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: