Симпатикалық жүйкенің әсері . Симпатикалық жүйкенің жүрек етіне тигізетін әсері
көбінесе кезеген жүйке әсеріне қарама - қарсы . Оның жүрекке әсері 1863 жылы
анықталды . Бұл мәселені шешугс , Петербург университетінің профессоры ағайынды М.
Цион меir И.Цион ( 1866 ) және германиядағы А. Бсцольд ( 1863 ) үлкен еңбек сіңіреді .
Симпатикалық жүйке жүрек етінің барлық физиологиялық қабі летін күшейтеді , яғни оң
хронотроптық , батмотроптық , дромотроп тық , инотроптық және тонотроптық әсер етеді
. Бұл жүйке тітіркенді рілсе , кардиограмма амплитудасы жоғарылайды , жүрек соғуы жиі
лейді , топусы күшейеді , демек диастола кезінде айтарлықтай босаң сымайды .
Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер әсері жүрекке үнемі қарама - қарсы бола
бермейді . М.Удельнов кезеген жүйкені си рек әлсіз тітіркендірген кезде жүрек соғуы
жиілейтінін байқады . Қазіргі кезде кезеген жүйкенің әсері жүрек қуыстарының және
тәждік тамырлардың қанға толу дәрежесіне байланысты екені анықталып отыр . Жүрек
қанға онша толмаса , стінің механорецепторлары сәл қоза тын болса , кезеген жүйке
жүректің қызметін күшейтеді . Бұл құбылыс жүйкенің жүректегі интрамуральдық
эфференттік адренергиялық ней рондар арқылы әсер етуімен байланыстырылады . 1887
жылы И.П. Павлов жүректің кезеген және симпатикалық жүйкелерін аса зор шеберлікпен
талдап , олардың әрқайсысын жеке тітіркендіре отырып , қызметі жағынан төрт түрлі
жүйке бар екенін дәлелдеп берді . Бұларды орталықтан тебетін жүрек жүйкелері деп , ал
жүрекке тигізетін әсеріне қарай жиілетуші , күшейтуші , әлсіретуші , сиретуші жүйкелер
деп атады . Соңғы екеуі әдетте кезегеп жүйкенің талшығы , ал алдыңғы екеуі
симпатикалық жүйкенің құрамына кіреді . Жиілетуші жүйке жүрек соғуын тездетеді ,
бірақ оның жиырылу күшін өзгертпейді , ал күшейтуші жүйке жүректің жиырылуын
күшейтеді , соғу жиілігін өзгертпейді . Сиретуші , әлсіретуші жүйкелердің әсері де өз
аттарына сәйкес . Күшейтуші жүйксні И.П. Павлов трофикалық жүйке деп атады , ол
жүрек етінің зат алмасу қарқынын , қоректенуін , қуатты болуын қамтамасыз етеді . И.П.
Павловтың бұл ой - пікірін кейін академик Л.А. Орбели шәкірттерімен одан әрі дамытты .
Жүрек қызметіне әсер ететін эфферентті кезеген жүйке мен симпа тикалық жүйке
арасында афференттік ( сезімтал ) жүйкелер де бар . Эф ференттік жүйкеде мислинді және
миелинсіз талшықтар болады . Ми елинді талшықтың ұшы екі түрлі А , В
механорецепторлармен байла нысқан . А - рецептор жүрск стінің жиырылып қатаюын , B -
рецептор диастола кезінде босап созылуын қабылдайды . Бұл рецепторлар афференттік
жүйкелер арқылы орталық жүйке жүйесіне көптеген ақпа раттар жеткізіп , интра- және
экстракардиялық рефлекстердің бір бірімен байланысты түрде өтуін қамтамасыз етеді .
Ұштары жалаңаш миелинсіз симпатикалық жүйкелер эндокардтың астында қалың тор
құрады . Бұл афференттік жүйкелер миоциттердің бұзылуын және тамырлардың қатты
тарылуын қабылдап , ауырсыну сезімін тудыруға қатысады . Жүрек қызметінің рефлекстік
реттелуі жүрек пен орталық арасындағы екі жақты афференттік және эффе ренттік
байланысқа негізделген , мұның өте зор маңызы бар .