қарыншадан шыққан қан мөлшері жүректің систола лық қан көлемі ( СҚК ) не екпінді
мөлшері деп аталады . Ол ересек адамда 70-80 мл . СҚК - ін жүрек соғуының минуттық
санына көбейту арқылы жүректің минуттық қан көлемін ( МҚК ) есептеп шығару қиын
емес . Жүрек минутына 15 рет соқты делік , ал систолалық кан көлемі 70 мл болса ,
жүректің минуттық көлемі : МҚК 75х70 5250 мл , яғни 5,25 л болғаны . Сонымен бір
МҚК ) деп аталады . Клиникада жүректің МҚК газ әдісімен анықталады . Бұл әдіс 1870
жылы ұсы нылған . Кейде ғалымның атымен Фик әдісі деп те аталады . Жүректің МҚК - ін
анықтау үшін артериялық және веналық қандағы оттегінің пайыздық мөлшерін
анықтайды да , олардағы оттегі айырмасын есеп теп шығарады . Мәселен , артерия
қанында 18 % , ал вена анында 12 % оттегі бар делік . Бұлардың айырмасы 18-12 - 6 % .
Бұдан кейін адамды таза оттегімен дем алдырады да , бір минут ішінде жұтылған оттегінің
мөлшерін біледі . Адам минутына 300 м оттегін жүтты , а оттегінің артерия мен вена
қанындағы айырмашылығы 6 мл . Енді 300 мл - ді 100 - ге көбейтіп , 6 - ға бөлу керек .
Себебі өкпе арқылы минутына 100 мл қан өтсе , бұл 6 мл оттегі өкпеден қанға сіңді деген
сөз . Ал , 300 мл О , қанға сіңсе , онда өкпе арқылы минутына қанша қан өтпек ? МҚК = (
300 х 100 ) : 6 - 5000 мл Жүректің оң қарыншасынан минутына қанша қан шықса , өкпеден
де сонша қан өтеді , яғни МҚК - 5 л - ге тең . Фик әдісін қолдану үшін вена қанын
жүректің оң жүрекшесінен зонд арқылы алуға тура келеді . Сондықтан бұл әдіс қиын ,
әрдайым қолданыла бермейді . Жүректің минуттық қан көлемін табу үшін интегралдық
реогра фия , қанға таңбаланған атом не бояу енгізу әдістері қолданылады . Интегралдық
реография әдісі бойынша адамның кеуде тіндерінің электр тоғына деген кедергісі жазып
алынады . Қан - сұйық зат , оның электр тоғына деген кедергісі басқа тығыз тіндер
кедергісінен әлде қайда төмен . Сондықтан кеуде тіндерінде қан неғұрлым көп болса ,
олардың кедергі жасау қабілеті де төмендей түседі . Кеуденің электр тогына кедергі
жасауы систола кезінде айдалған қан мөлшеріне бай ланысты . Ол реограмма арқылы
анықталады . Содан кейін белгілі фор мула бойынша систолалық қан көлемі есептеп
шығарылады . СҚК жүрек соғуының минуттық санына көбейтіледі де МҚК табылады .
МҚК - ін венаға құйылған бояудың ( Стюарт пен Гамильтон әдісі ) не радиоактивті заттың
қанда жылжу жылдамдығы мен оның қанда еру ( жайылу ) дәрежесі арқылы есептеп
шығаруға да болады . Ол үшін қанға құйылған заттың деңгейін әрбір 2 секунд сайын
өлшеп туру қажет . Қандағы еріген заттың мөлшері алдымен біртіндеп жоғары лайды да
кейін төмендей бастайды , қан екінші рет сол жақ жүрек арқылы өткен кезде ол қайтадан
жоғарылайды ( рециркуляция - кері ағу ) . Қандағы зат деңгейінің қайтадан ерлеу уакыты
T әрпімен белгі ленеді . Қандағы зат мөлшерлері табылған соң , оның зерттеу уакыты на
қарай өзгеруін көрсететін қисық сызық сызылады , сөйтіп зат кон центрациясының
бірінші толқынына кететін уақыты табылады ( Т ) . Қанға құйылған заттың мөлшері ( J )
және оның бір литр кандағы ор таша концентрациясы ( С ) есептеп шығарылады да , мына
формула бойынша минутына канига қан айдалғаны анықталады .
Достарыңызбен бөлісу: