№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


Симпатикалық жүйкенің әсері



Pdf көрінісі
бет34/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
3РК

Симпатикалық жүйкенің әсері . Симпатикалық жүйкенің жүрек етіне тигізетін әсері 

көбінесе кезеген жүйке әсеріне қарама - қарсы . Оның жүрекке әсері 1863 жылы 

анықталды . Бұл мәселені шешугс , Петербург университетінің профессоры ағайынды М. 

Цион меir И.Цион ( 1866 ) және германиядағы А. Бсцольд ( 1863 ) үлкен еңбек сіңіреді . 

Симпатикалық жүйке жүрек етінің барлық физиологиялық қабі летін күшейтеді , яғни оң 

хронотроптық , батмотроптық , дромотроп тық , инотроптық және тонотроптық әсер етеді 

. Бұл жүйке тітіркенді рілсе , кардиограмма амплитудасы жоғарылайды , жүрек соғуы жиі 

лейді , топусы күшейеді , демек диастола кезінде айтарлықтай босаң сымайды . 

Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер әсері жүрекке үнемі қарама - қарсы бола 

бермейді . М.Удельнов кезеген жүйкені си рек әлсіз тітіркендірген кезде жүрек соғуы 

жиілейтінін байқады . Қазіргі кезде кезеген жүйкенің әсері жүрек қуыстарының және 

тәждік тамырлардың қанға толу дәрежесіне байланысты екені анықталып отыр . Жүрек 

қанға онша толмаса , стінің механорецепторлары сәл қоза тын болса , кезеген жүйке 

жүректің қызметін күшейтеді . Бұл құбылыс жүйкенің жүректегі интрамуральдық 

эфференттік адренергиялық ней рондар арқылы әсер етуімен байланыстырылады . 1887 

жылы И.П. Павлов жүректің кезеген және симпатикалық жүйкелерін аса зор шеберлікпен 

талдап , олардың әрқайсысын жеке тітіркендіре отырып , қызметі жағынан төрт түрлі 



жүйке бар екенін дәлелдеп берді . Бұларды орталықтан тебетін жүрек жүйкелері деп , ал 

жүрекке тигізетін әсеріне қарай жиілетуші , күшейтуші , әлсіретуші , сиретуші жүйкелер 

деп атады . Соңғы екеуі әдетте кезегеп жүйкенің талшығы , ал алдыңғы екеуі 

симпатикалық жүйкенің құрамына кіреді . Жиілетуші жүйке жүрек соғуын тездетеді , 

бірақ оның жиырылу күшін өзгертпейді , ал күшейтуші жүйке жүректің жиырылуын 

күшейтеді , соғу жиілігін өзгертпейді . Сиретуші , әлсіретуші жүйкелердің әсері де өз 

аттарына сәйкес . Күшейтуші жүйксні И.П. Павлов трофикалық жүйке деп атады , ол 

жүрек етінің зат алмасу қарқынын , қоректенуін , қуатты болуын қамтамасыз етеді . И.П. 

Павловтың бұл ой - пікірін кейін академик Л.А. Орбели шәкірттерімен одан әрі дамытты . 

Жүрек қызметіне әсер ететін эфферентті кезеген жүйке мен симпа тикалық жүйке 

арасында афференттік ( сезімтал ) жүйкелер де бар . Эф ференттік жүйкеде мислинді және 

миелинсіз талшықтар болады . Ми елинді талшықтың ұшы екі түрлі А , В 

механорецепторлармен байла нысқан . А - рецептор жүрск стінің жиырылып қатаюын , B - 

рецептор диастола кезінде босап созылуын қабылдайды . Бұл рецепторлар афференттік 

жүйкелер арқылы орталық жүйке жүйесіне көптеген ақпа раттар жеткізіп , интра- және 

экстракардиялық рефлекстердің бір бірімен байланысты түрде өтуін қамтамасыз етеді . 

Ұштары жалаңаш миелинсіз симпатикалық жүйкелер эндокардтың астында қалың тор 

құрады . Бұл афференттік жүйкелер миоциттердің бұзылуын және тамырлардың қатты 

тарылуын қабылдап , ауырсыну сезімін тудыруға қатысады . Жүрек қызметінің рефлекстік 

реттелуі жүрек пен орталық арасындағы екі жақты афференттік және эффе ренттік 



байланысқа негізделген , мұның өте зор маңызы бар . 

 

Document Outline

  • Үлкен қанайналым шеңберіӨңдеу
  • Кіші қанайналым шеңберіӨңдеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет