№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Қан қысымын өлшеу ережелері. Артериялық пульсті пальпациялау



Pdf көрінісі
бет17/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
3РК

14. Қан қысымын өлшеу ережелері. Артериялық пульсті пальпациялау. 

Артериялық пульс дегеніміз-қанның артериалды жүйеге айдалуы 

Нәтижесінде артерия қан тамырлар қабырғасының ырғақты қозғалуы. 

Ырғағы-бұл белгілі уақыт интербалынан соң пульс толқындарының 

қайталануы. 

Артмия-жүрек ырғағының бұзылуы.Экстрасистология-жүректің кезектен 

тыс жиырылуы. 

Жиілігі-қалыпты жағдайда минутына 60-80.80-нен жоғары болса-тахикардия. 

60-тан төмен болса-брадикардия деп аталады. 

Жаңа туылған нәрестеде 

120-140 рет 

1-2 жасар сабиде 

110-120 рет 

5-6 жаста 

100 рет 

12-13 жаста 

80-70 рет 



Жеткіншектер мен үлкендерде 60-80 рет. 

Қан қысымын өлшеуге арналған тонометр аталатын құрал бар. Үй жағдайында 

автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған түрін қолданған ыңғайлырақ. 

Себебі қолмен жұмыс істейтін тонометр белгілі бір дағдыны талап етеді.  

Қан қысымын дұрыс өлшеу үшін келесі нұсқауларды сақтаған жөн:  

• 

қан қысымын өлшер алдында денеңізге күш түспеуі керек; 



• 

шылым шегуге болмайды; 

• 

тамақтанғаннан кейін бірден артериялық қан қысымын өлшеу дұрыс нәтиже 



көрсетпейді; 

• 

қан қысымын өлшегенде ыңғайлы орындыққа отыру керек; 



• 

арқаны әлденеге тіреп отырған дұрыс; 

• 

қан қысымы өлшеніп жатқан қолды жүректің деңгейінде қою керек; 



• 

қан қысымын өлшеген кезде қимылдамау және сөйлемеу қажет; 

• 

қан қысымын екі қолдан да өлшеу керек (өлшеу аралығы – 10 минут). 



• 

Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін 

бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау. 

• 

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау. 



• 

Мүмкін болатын асқынулар:қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады. 

• 

Дайындаңыз:тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын. 



• 

  

• 



Іс-әрекет алгоритмі: 

• 

  



• 

1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара 

жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас біле ме, өзін қалай жүргізу 

керек, қандай сезім болу керек. 

• 

2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған 



қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір 

деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді. 

• 

3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген 



жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып 

қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны 

қыспай бекітіңіз. 

• 

4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап 



бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз. 

• 

5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды 



анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы 

сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі). 

• 

6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны 



толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр 

қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше. 

• 

7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. 



Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 

2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты 

тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз. 

• 

8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек 



жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систолалық қан қысымы және 

дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – 

диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз. 

• 

9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз. 



• 

10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу 

парағына жазыңыз (алымы – систолалық қысым, бөлімі –диастолалық қысым). 

• 

11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз. 




• 

12. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз. 

• 

13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз. 



Артериялық пульсті пальпациялау. 

Шыбық артериясын анықтау: 

1. Оң қолыңыздың саусақтарымен науқастың қол ұшын білезік буыны 

тұсынан ұстаңыз. 

2. Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз. 

3. 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын шыбық артериясын сипап сезіп, оны білек сүйегіне 

басыңыз. 

4. Пульс толқындарының сипаттамасын 1 минут ішінде анықтаңыз. 

5. Пульсті оң және сол жақ шыбық артерияларында бір уақытта салыстыра отырып 

анықтау керек. Қалыпты жағдайда олар бірдей болуға тиіс. 

6. Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе 

амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл 

қарындашпен "П" (пульс) деп белгілейді. Пульс бағанасында пульстің жиілігі 

минутына 50- ден 160-ға дейін көрсетілген. 

 

Ұйқы артериясында - артерияны қатты қыспай кезекпен екі 



жақтан пульсті тексеру керек. Артерия қабырғасын қатты басқанда 

жүрек қызметінің күрт төмендеуі, жүректің тоқтауына дейін, естен 

тануы, бас айналуы, тырысулар болуы мүмкін. Пульсті мойын 

аймағында төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық етінің алдынан 

жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің арасынан сипап көреді; 

Сан артериясында- пульсті созылған және сәл сыртқа бұрылған 

санның шат маңайында тексереді; 

- тізе асты артериясында- пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда 

тізе асты шұңқырында тексеріледі; 

Самай артериясында- пульсті самай аймағында анықтауға 

болады; 

Асықты жіліктің артқы артериясында - пульсті ішкі тобықтың 

артынан тобыққа қысып отырып тексереді; 

Табан бетіндегі артерияда - пульсті табанының сыртқы 

беткейінде тексереді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет