Балл
|
Негізгі ойды ашуы (5 балл)
|
Сөз қолданысы (5 балл)
|
5
|
Күрделі идеялар мен тұжырымдамаларды өте жақсы түсіндіреді және ашады.
Өз көзқарасын жүйелі және нақты дәлелдермен көрсетеді. Қажетті ақпаратқа дұрыс талдау жасайды және бағалайды.
|
Жауабы нақты және орынды. Кездейсоқ немесе кішігірім қателер кездеседі.
Кішігірім қателер түсінуге кедергі келтірмейді.
|
4
|
Қүрделі идеялар мен тұжырымдамаларды нақты тауып ашады және түсіндіреді.
Өз көзқарасын көбіне жақсы дәлелдермен келтіреді. Қажетті ақпаратты жалпы алғанда талдайды және бағалайды.
|
Жауабы көбіне нақты, тіл қолданысында кездейсоқ қателіктер кетіреді.
Қателер түсінуге кедергі келтірмейді.
|
3
|
Қарапайым идеяларды ашады және түсіндіреді.
Өз көзқарасын дәлелдеуге негіз шамалы.
Қажетті ақпаратты талдау мен бағалауы қанағатсыз.
|
Жауабы нақты, тіл қолданысында қателер кетіреді.
Жалпы қателер түсінуге кедергі келтірмейді.
|
2
|
Қарапайым ойларды түсіндіреді, негізгі ойды ашуы шектеулі.
Өз көзқарасын бірнеше дәлелмен немесе дәлелсіз жеткізеді. Қажетті ақпаратты талдауға және бағалауға тырысады, бірақ көбіне сәтсіз.
|
Қарапайым сөз қолданысында анық қателіктер кетіреді.
Қателіктер түсінуге біршама кедергі келтіреді.
|
1
|
Өте аз ой жеткізеді, түсініксіз немесе негізгі ойлар ашылмаған.
Тек негізгі ақпаратты береді.
Көбіне ақпарат қажетсіз.
|
Жиі қате кетіреді.
Қателер түсінуге кедергі келтіреді.
|
0
|
Идеясын, ойын жеткізе алмайды.
|
Сөз қолданысы сәйкес емес.
|