9-сынып 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы жиынтық бағалауға шолу



бет1/6
Дата30.07.2022
өлшемі42,33 Kb.
#37986
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоспар



В бөлімі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
9-сынып
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 3 минут беріледі).
Балл саны – 30


Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент – тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тапсырма

Қамтыла
тын мақсаттар

Тапсырмаларға сипаттама

Тапсырмалар түрлері

Орын
дау уақыты, мин

Балл

1

9.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау.



Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар тақырыпқа қатысты 200-250 сөзден тұратын мәтінді 2 рет тыңдайды.
Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші тапсырмада үш дұрыс жауапты таңдап алады, ал екінші және төртінші тапсырмаларда оқушы ашық сұрақтарға жауап жазады және бесінші тапсырмада тұжырымдардың шын-жалған екенін анықтайды.

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар



1

1

2

1

1

3

3

1

4

3

1

5

2

1










6

9.3.6.1 мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру;
9.3.1.1 мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау.

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 200-250 сөзден тұратын мәтінді оқиды.
Бірінші сұрақта оқушы астарлы ойды анықтайды; екінші сұрақта мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық тұрғыдан қарастырып, сыни тұрғыдан баға береді. Ал үшінші сұрақта алты тұжырымнан мәтін бойынша сәйкес келетін екі дұрыс қорытындыны анықтайды.

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

3

1

7

4

2




8

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

3

2










Көп таңдауы бар сұрақтар

9

9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу;
9.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу;
9.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу;
9.5.2.1 жазба жұмыстарында (себеп бағыныңқы, қимыл-сын бағыныңқы, мақсат бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген үш сұрақтың (шағын мақала, аргументативті эссе, нұсқаулық) бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді орынды қолдануын бағалайды. Сондай-ақ бағалауда оқушының себеп бағыныңқы, қимыл-сын бағыныңқы, мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолдануы ескеріледі.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

10

9.2.5.1 сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу;
9.2.4.1 шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау;
9.2.2.1 коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу.

Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздар теріс қаратылады). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша 6 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогте 8-11 сөйлем айтуы керек).
Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріле
ді, әр білім алушыға 3 минут беріледі.

10






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет