42
Терминология
Авторитаризм:
диктаторлық әдістермен жалғыз адам басқаратын саяси
режим.
Автохтонды халық:
елдің жергілікті тұрғындары.
Альтуризм:
бас пайдасынан гөрі өзгенің мүддесін ойлау, күйіттеу.
Антропология:
Адамның биологиялық сипатын зерттейтін ғылым.
Декрет:
жоғарғы биліктің заң күші бар қаулысы, мемлекет немесе үкімет
басшысының шығарған нормативтік актісі.
Диктаторлық әдістермен жалғыз адам басқаратын саяси режим:
авторитаризм.
Диктатура:
заңды елемей, мемлекетті күшпен басқару.
Диаспора:
Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі
Кодекс:
талдап түсіндірілген заңдар жинағы.
Импичмент:
мемлекет басшысына деген сенімсіздік білдіріп, заң алдында
жауапкершілікке тарту рәсімі.
Меншік құқығы:
субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған
билік ету құқығы.
Мемлекеттік қызмет:
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік
органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске
асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызмет.
Натурализация:
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға
сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасы
азаматтығына қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: