9-сынып Қазақ әдебиеті. Арман-пв 2019 жыл.



Дата23.10.2022
өлшемі29,18 Kb.
#45049
түріБағдарламасы
Байланысты:
СӨЖ2. Бекжан Жайдар қәо д


Қазақстан Респубикасы Білім және Ғылым Министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті Серік Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ2. «Қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы 9-сынып»


Орындаған: Бекжан Жәйдәр (304)
Қабылдаған: п.ғ.к., Қабатай Б.

9-сынып Қазақ әдебиеті. Арман-пв 2019 жыл. ( С.Ч.Тұрсынғалиева, Г.Д.Рыскелдиева)
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

Басты мақсат:


1) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тапсырмалары Блум таксономисы бойынша берілген;
2) берілген әдеби туындылар арқылы туған тілін сүюден бастап, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдерді қалыптастыру;
3) жан дүниені байытып, рухани өсуге ықпал ету;

Түсіну және жауап беру:


1) әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау;
2) әдеби шығармадағы психологизм;
3) көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі;
4)көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

Анализ және интерпретация:


1)эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдар;
2) автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі;
3) шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі;
4) автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Бағалау және салыстыру:


1) шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
2) шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
3) әдеби эссе жазу;
4) әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, шағын сын мақала жазу.

Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:


1)Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» кітабы
2)Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай жыры»
3)Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»
4)Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
5)Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты
6)Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы
7)Фариза Оңғарсынова «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңі
8) Н.Айтұлы «Бәйтерек» поэмасы
9) Қ. Мұхамбетқалиұлы «Тар кезең» роман.



Тараулар

Бөлімдер

Оқытылатын тақырыптар

1 тарау. АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ

Х–ХІІ ғасырлардағы әдебиет
Жүсіп Баласағұн
«Құтты білік» дастаны
Шешендік сөздер
Майқы би Төбейұлы
Мөңке би Тілеуұлы
Әнет би Кішікұлы
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке Байбекұлы
Сырым Датұлы
Бұқар Қалқаманұлы
Айтыс
Біржан мен Сара айтысы

Х–ХІІ ғасырлардағы әдебиеттің жалпы сипатымен танысу.
– Жүсіп Баласағұн, оның «Құтты білік» кітабы туралы оқып білу. ;
– Халық ауыз әдебиетінің бір түрі – шешендік сөздер, олар- дың ерекшеліктері туралы түсінік.
– Қазақ халқының би-шешендерінің даналық ойлары мен нақыл сөздерінің тамырына үңілу.
– Ақын-жыраулардың мағынасы терең толғау-жырларымен сусындауға мүмкіндіктерің болады;
– Айтыс өнері туралы түсініктерді толықтыру.

2 тарау. Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Нысанбай жырау (1822–1883)
Махамбет Өтемісұлы
Шоқан Уәлиханов

Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай жырының» мазмұнымен танысасыңдар;
–Махамбет Өтемісұлы өлеңдеріндегі психологизмді
анықтауды үйренесіңдер;
–Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау
жасауды жалғастырасыңдар;
–Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігіндегі» автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін танисыңдар;
–Ұсынылған шығармалардағы ұрпақтар сабақтастығы
көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беруге үйренесіңдер.

3 тарау. Адам жанының құпиясы

Ілияс Жансүгіров
Бейімбет Майлин
Ғабит Мүсірепов
Төлеген Айбергенов
Фариза Оңғарсынова.

– І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының мазмұнымен, кейіпкерлер әлемімен танысу;
– Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
– Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятының тақырыбы мен идеясын анықтайсыңдар, шығарманың композициялық амалдарын талдау;
– Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы қазақ прозасындағы ана бейнесін жасаудағы шоқтығы биік өнер туындысы екенін білу;
– Ақын Т.Айбергеновтің сағыныш тұнған жыр жолдарын оқу арқылы өмірді сүюге, тылсым дүниемен сырласуға үйренесіңдер, құпияға толы ақын әлемі;
– Сиқыры мен сыры мол Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңіндегі автор бейнесінің идеялық рөлін тану;.

4 тарау. Мәңгілік ел-мәңгілік мұрат

Несіпбек Айтұлы
Қажығали Мұханбетқалиұлы..

- Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасының мазмұны;
- Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
- Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романының
мазмұнымен, кейіпкерлерімен танысу;
- Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап, сюжеттік- композициялық талдау;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет