Шығармадан үзінді
|
Көркемдегіш құралдар
|
Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, Шамырқансам, тақсыр,кетермін. Кетпей де нешік етермін?
Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын.
Ерегіскендей ер болса, Соғысқандай жер болса, Бірме-бірге келгенде,
Әлі де болса бір тәңірге жылармын.
|
|
Алай ма, сұлтан, алай ма!
Астыма мінген арғымақ Аяңдай түсіп марай ма?
|
|
[3]
Жыр сюжетіне сүйене отырып, Кенесары қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар келтіріп, талдаңыз. ( ойыңызды 5-6 сөйлеммен жеткізіңіз)
[3]
Ғалым, Шоқанның досы Ф.М.Достаевский Шоқан қайтыс болғаннан кейін бірде әйеліне «Мына үлкен палисандр жәшікті көрдіңіз бе? Бұл-менің сібірлік досым Шоқанның сыйлығы, сондықтан ол маған өте қымбат.
Мен қолжазбаларымды, хаттарым мен қымбат естеліктерімді осында сақтаймын » деп баға береді. Ғалымның Шоқанға берген бағасы туралы не ойлайсыз? Пікіріңізді 5-6 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
БӨЛІМ
Тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Эсседе ұрпақтар сабақтастығына, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Махамбет-туған жерін қызғыштай қорыған ақын.
Шоқан -қарапайым қазақ сұлтаны, мейірімді жан.
«Кенесары-Наурызбай»дастаны-батырлық эпос үлгісінде жырланған жыр.
[10]
ІІ нұсқа
Балл қою кестесі
Тапсырма
|
Жауап
|
Балл
|
1
|
А
|
1
|
2
|
С
|
1
|
3
|
В
|
1
|
4
|
Д
|
1
|
5
|
А
|
1
|
6
|
өз ойын нақты деректер келтіре отырып
жазады;
|
3
|
7
|
автордың бейнесін талдап жазады;
|
3
|
8
|
өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін
талдайды;
|
3
|
9
|
жыр сюжетіне сүйене отырып, мысал
келтіреді, талдау жасайды;
|
3
|
10
|
ғалымның бағасы туралы өз пікірін
білдіреді;
|
3
|
11
|
өз ойы мен көзқарасын нақты жеткізе
|
2
|
|
алады;
|
|
|
тарихи-көркемдік құндылығына өзіндік
|
2
|
|
баға береді;
|
2
|
|
орынды пікір, дәлелдер келтіреді;
|
2
|
|
өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін
|
|
|
жаза алады;
|
1
|
|
стильге сай жазады;
|
1
|
|
құрылымын сақтайды.
|
|
Барлығы – 30 балл
| 2-тоқсан, 1-бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.
ІІ нұсқа
Берілген үзіндідегі кейіпкердің психологиялық жай-күйін анықтаңыз. Боз ағаштай биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Ел құтқарар ер едім, Жандаспай-ақ бір тынбан.
Томағалы сұңқармен едім, Толғамалы найзамен, Толықсып жауға шапқанда, Бір озғанмын жұртымнан.
А) ашу-ыза, қызғаныш
В) барлық жауаптар дұрыс С) мақтаныш, өкініш
Д) ішкі ашу-ыза, кек
Үзіндіде кейіпкердің қай кезеңдегі толғанысын білдіреді?
Ағайынның басы еді, Асыл ердің қасы еді. Исатайды өлтіртіп, Қырсық шалған біздің ел,-
А) ақынның мақтанышы В) ақынның жалғыздығы
С) батырынан айырылған елге өкініші
Д) соғысқа аттанғандағы мақтаныш сезімі [1]
Білмеймісің, Кәрібоз,
Мойныңдағы жазаңды,-дегендегі Наурызбай сөзінің астары нені меңзеп тұр?
[1]
А) қырғызды паналаған Кенені бағаламағанын,елшіні өз жолдарымен өлтіргенін В) қырғыз батырларын жеңген Наурызбайдың жауға жалғыз шапқанын
С) қазақтан көрген қорлықтарын тізбелегенін Д)Ержанды қырғыздардың қолға түсіруі [1]
Төменде берілген кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіріңіз.
№
|
Кейіпкер
|
Кейіпкер сөзі
|
1.
|
Наурызбай
|
Қаза жетсе, өлермін. Арманда болып кетпеспін, Бір соғысқа келермін.
Жаппар ием жар болса, Сазаңды әлі-ақ берермін
|
А
|
2.
|
Кенесары
|
Ержан болса қасымда Бөлекше туған тұлғасы, Болар ма едім қазаққа Әзіл сөздің олжасы?!
|
В
|
3.
|
Байұзақ датқа
|
Дұшпаннан бітсін ар,-дейді. Қолдағы өңшең батырдан Іріктеп бәрін ал,-дейді.
Екі-үш жүздей кісімен
Ойыңды барып сал,-дейді.
|
С
|
4.
|
Кәрібоз
|
Бидері кірді майданға,- Қырғыздың бір баласы. Оның бізден артық па Атасы мен анасы?!
Таусылдың ба, Мәмбеттің Найза ұстаған баласы?-
|
Д
|
А) 1А, 2Д, 3С, 4В
В) 1С, 2А, 3В, 4Д
С) 1А, 2В, 3С, 4Д
Д) 1В, 2С, 3Д, 4А
[1]
«Ыстықкөл күнделігінде» Шоқанға қырғыздар неліктен сеніммен қарай бастады?
А) орыс офицері киімін киіп алғандықтан
В) қазақ сұлтаны, хан тұқымы екендігін білгеннен С) жүдеу денесі мен қан-сөлсіз бетіне қарап
Д) қырғызға ұқсайтын болғандықтан
[1]
2-БӨЛІМ
"Шоқан-қарапайым қазақ сұлтаны, мейірімді жан". Осы пікірге өз ойыңызды нақты деректер келтіре отырып жазыңыз. Келісемін, себебі....
(3-4 сөйлем)
_
[3]
Кестені толтырып, автор бейнесін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем)
Үзінді
|
Авторы
|
Автор бейнесіне талдау.
|
Боз ағаштан биік мен едім, Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім, Жандаспай-ақ бір тынбан. Томағалы сұңқар мен едім, Толғамалы найзамен, Толықсып жауға шапқанда, Бір озғанмын жұртымнан
|
|
|
[3]
"Кенесары-Наурызбай" жырынан берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз.(ойыңызды 5-6 сөйлеммен жеткізіңіз) Кенесары, Наурызбай
Атағы шықты аңқылдап. Жауды үркітіп, қашырды, Ақ алмастай жарқылдап, Зәресін алды дұшпанның, Найзағайдай шартылдап. Қасына ерген төлеңгіт Олжаға батты қарқылдап,-
[3]
Жыр сюжетіне сүйене отырып, Исатай мен Махамбет қолының жеңіліс табуына бірнеше мысалдар келтіріп, талдаңыз. (5-6 сөйлем)
[3]
Ғалым, Шоқанның досы Г.Н. Потанин «Егер қырғыз халқының арасында Шоқанды оқи алатын орта болса, ол өз халқының кемеңгері, өз елі әдебиетінің қайта өркендеуінің басы болар еді» деп баға береді. Ғалымның Шоқанға берген бағасы туралы не ойлайсыз? Пікіріңізді 5-6 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
3-БӨЛІМ
Тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Эсседе ұрпақтар сабақтастығына, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Махамбеттің өлеңдеріндегі өршіл рух.
Шоқан Уәлиханов –тек қазақ қана емес, қырғыз халқы үшін де баға жетпес үлкен еңбек сіңірген тұлға.
«Кенесары-Наурызбай»дастаны:Уақыт тезінен өткен жыр.
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |