9-сынып «Әкімшілік бақылау» тапсырмалары


Мәтіндегі көшпенділер аманаты



бет3/9
Дата20.06.2023
өлшемі118,61 Kb.
#102513
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
9 1 н

6. Мәтіндегі көшпенділер аманаты
A) Жылқы малын өсіру
B) Нәрестеге ұқыпты қарау
C) Нәресте бесігіне құрметпен қарау
D) Нәресте бесігін безендіру
Е) Нәрестеге немқұрайды қарау


7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Ежелгі сақтар бала бесігін безендіруге ерекше мән берген.
B) Балалар жылқы мен көкжал бөріні пір тұта білген.
C) Бесікті күмістен құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген.
D) Сақтар тіршіліктің басты шарты өмірге бала әкелу деп білген.
Е) Нәресте бесігін безендіру


8. Мәтін бойынша бесікті бүркіт, бөрі бейнелерімен әшекейлеуінің себебі
A) Баланы сақтайтын тұмар болады деп ырымдаған
B) Бүркіт пен бөрі баланы қорғап жүретін болған
C) Бала бесігінің әдемі, әсем көрінуі үшін
D) Бесіктің басты нышаны бөрі мен бүркіт болғандықтан
Е) Балалар жылқы мен көкжал бөріні пір тұта білген.


9.Мәтін мазмұнындағы ақпараттар реттілігі
1. Бала - өмір тірегі.
2. Көшпенділер аманаты
3. Әлкей Марғұлан еңбегі
4. Археологиялық мұралар
A) 1, 3, 2, 4
B) 3, 1, 2, 4
C) 3, 1, 4, 2
D) 2, 4, 3, 1
10.Мәтіндегі автордың: « Осыдан-ақ көшпелілердің өз балаларын бүркіт пен қасқыр сияқты сымбатты әрі күшті болуын қалағанын байқау қиын емес.» деген тұжырымды ойының мәнісі
A) Көшпелілердің тұрмыс-тіршілігін көрсетіп тұр.
B) Көшпелі халықтың балаларының белгілерін айқындап тұр.
C) Бесіктің безендірілуіне өз пікірін білдіріп тұр.
D) Ата-бабаларымыздың сенімін нақтылап тұр
Е) Көшпелілердің салт-дәстүрін көрсетіп тұр.
3-мәтін.
1.Әмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі. 1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тәлім алған Әмір Темір 1370 ж. Самарқантта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны басып алды. Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі Самарқантта. Өте данышпан және ұлы әмірші болған. Өте көп медресе және кітапханалар аштырған.
2. Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің әкімі болған әкесі Тарағай – атақты Нақши шейхы Әмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. Әмір Күлал Әмір Темірге шәкірттерінен Шәмсәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады. Самарқанттағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы Мир Береке, дәл алдында Әмір Күлалдың баласы Омар жатыр. Әмір Темірдің жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, әсіресе дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша –Ақсақ Темір) деп атап кетеді.
3. 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін
көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
4.Әмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган – ханның күйеу баласы) атағымен танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл, тарихшылардың айтуынша, Әмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет