1-нұсқа Қазақ тілі 1-мәтін
Әлемдегі ең акылды жануарлар- егеуқұйрық. Өздеріңіз білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарында ұстайды. Егеуқұйрықты зерттеген кезде ғалымдар оның ешқандай қателіксіз алдындағы нысанасын жылдам тауып алатынын көрген. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше қадірлейтін жануар болған.
Сегізаяқ – ең ақылды және толығымен зерттеле қоймаған моллюска түрі. Оның денесіндегі уға толы қалташасы жақсы қорғану мен аң аулауға мүмкіндІк береді. Бірақ егер сегізаяққа қандай да бір кауіп төнетін болса, ол улы сиясын шашып жібереді. Әйткенмен, ол оның жалғыз ғана қорғанышы емес, сонымен қатар жаудың иіс сезу мүшесін нашарлататын сұйық зат бөледі. Оның есте сақтау қабілеті өте қысқа және қиын жағдайға тап болғанда өңін өзгерте алады.
Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығының арқасы.
Пілдер. Ең алғашкы пілдер 23 миллион жыл бұрын Африка жерінде пайда болған. Табиғат аясында піл азығына қол жеткізу үшін сан алуан құрал қолданады. Піл миының әр шаршы сантиметрінде жүздеген жасушадан бар. Оның есте сақтау қабілеті күшті. Піл – табиғатынан тазалықты сүйетін жануар.
Орангутанг. Орангутангтар бірлесіп өмір сүреді. Ұрғашы орангутанг баласын жылдар бойы түрлі нәрселерге машықтандырып өсіреді. Жабайы табиғат даласында олар пілдер секілді нысанасына жету үшін көптеген амалдарды қарастырады. Адамның іс-әрекетін бақылап, тез үйреніп алады.
Дельфин – адамның ең сүйікті сүт қоректі хайуаны. Дельфиннің адамның ғана қолынан келетін іс-әрекеттерді жасай алатын икемділігі бар. Дельфин іс-әрекет арқылы тілдеседі. Өзін айнадан жақсы таниды