9-сынып «Әкімшілік бақылау» тапсырмалары


Мәтіндегі тазалықты ұнататын жануар



бет2/9
Дата20.06.2023
өлшемі118,61 Kb.
#102513
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
9 1 н

1.Мәтіндегі тазалықты ұнататын жануар
A) Дельфиндер
B) Маймылдар
C) Сегізаяқтар
D) Пілдер
Е) Егеуқұйрықтар
2.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Орангутангтар адамдарды сырттай бақылау арқылы әрекеттерін үйреніп алады.
B) Пілдерді лақап атымен шақырғанда тез жүгіріп келеді екен.
C) Сегізаяқ толығымен зерттеліп қойған моллюскаларға жатады.
D) Егеуқұйрықты Қытайда ерекше қадірсіз жануар ретінде таниды.
Е) Дельфин дыбыс шығару арқылы тілдеседі.
3. Мәтіндегі ақпаратқа сай тұжырымды сөйлем
A) Жануарлар адамдардың көмегі арқылы ғана өмір сүру ортасын құра алады.
B) Әрбір жануардың өзіне лайықты ерекшелігі мен қасиеттері болады.
C) Барлық жануарлар адамдардың іс-әрекетін бақылап, тез үйреніп алады.
D) Жер бетіндегі барлық жануарлар толығымен зерттеліп қойған.
Е) Жер бетіндегі барлық жануарлар адамға тез үйренеді.
4.Мәтінде автор: «Ұрғашы орангутанг баласын жылдар бойы түрлі нәрселерге машықтандырып өсіреді» -деген сөйлем арқылы нені аңғартады ?
A) Орангутангтың ерекше қабілеті мен қасиеттілігін
B) Жануарлардың баласына деген асқан махаббатын
C) Жан-жануарлардың да балаларын өмірге бейімдей алатынын
D) Орангутангтың өз ұрпағын көбейту жолдарын
Е) Жануарлардың табиғатқа деген асқан махаббатын
5. Мәтіннің негізі түйінді ойы

A) «Әр күннiң өз таңы бар, Әр жанның өз қамы бар»


B) Құс баласы қырымға қарайды, Ит баласы жырымға қарайды
C) Аз да бітер, көп те бітер, Татулыққа не жетер?
D) Тірлігі жоқтың, бірлігі жоқ.
Е) Бірлік бар жерде тірлік бар.
2-мәтін.
Ұрпағы үшін өмір сүрген халық
1.Бала мен ұрпақ мәселесі көшпелі жұртшылықтың қашан да назарынан тыс қалып көрген емес. Бала – келешек өмірдің тірегі. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дейтін де мақал бар.
2.Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп, мың өліп, мың тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айырықша мән берген. Заманымыздың көрнекті ғұламасы Әлкей Марғұлан ертедегі ауыз әдебиеті түрлеріне арнаған салиқалы еңбегінде былай деп жазған еді: «Қой бастаған ақ қошқар сенікі болсын. Тікірейген құлағының түбінде қара қалы бар, көзі мөлдіреген ақ боз айғыр сенікі болсын, құлыншағым. Жалы желмен желбіреп, адамдардың үрейін ұшырып келе жатқан кара бура да, оның соңынан ерген түйе келесі де сенікі болсын. Азуы ақсиған қасқыр көрсе, қарағайдай мүйізін шаншып, тарпа бас салатын боз бұқа да, ол бастаған сиыр табыны да сенікі болсын».
3.КөшпенділердІң өз ұрпақтарына қалдыратын аманаттарын былай жіктеуге болар еді: 1. Нәрестенің бесігінен бастап оған қатысы бар заттардың барлығына құрметпен, ұқыптылықпен қарау. 2. Келешек ұрпақты өмірге әкеліп, тәрбиелейтін әйел затына сыйластықпен қарау. 3. Жастар мен жас сарбаздарды жылқының ат әбзелдері мен ер-тұрманын дайындай білуге үйрету.
4. Ежелгі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың Көкшетау, Бурабай, Қарғалы, Шелек, Есік төңірегінен табылған археологиялық мұралары бұл жұрттардың бала бесігіне, бесіктің безендірілуіне жете мән бергенін байқатады. Әдетте бесікті өте сапалы ағаштан жасап, оны
алтын жалатқан бүркіт бейнелерімен, сом алтыннан құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген. Бұлар тұмар сияқты баланы сақтайды деп сенген. Осыдан-ақ көшпелілердің өз балаларын бүркіт пен қасқыр сияқты сымбатты әрі күшті болуын қалағанын байқау қиын емес. Бабаларымыз бала тәрбиесіне қатты ден қойған. Тіршіліктерінің басты шарты кеңістік пен уақыт ішіндегі қозғалыс болған көшпелілер қауымында өмірге келген баланың көзқарасы да өзінше қалыптасқан. Әке-шешенің аялы алақанында тәрбиелене жүріп-ақ, бүркіт пен көкжал бөріні пір тұта білді, тез есейді. Сөйтіп жастайынан-ақ ер қанаты аттың құлағында ойнап шыныққан сарбаз болып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет