9 сынып оқу сауаттылы Бала би қартайған шағында елінің игі жақсылықтарымен кеңесіп отырып: «Жерден ауырне, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?»



бет4/4
Дата19.04.2023
өлшемі28,8 Kb.
#84209
1   2   3   4
Байланысты:
9 сынып оқу сауаттылы

Ана тілі
...Әділіне жүгінсек, адамзаттың адамзат болып қалуына барлық халықтың бәрі қажет. Олардың тілдері мен мәдениіттерінің бәрі қажет. Ал мәдениет пен тіл тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көгерте алады.
Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та – адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауы тиісті. Шығыстың ежелдегі ірі данышпаны:
«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаң мен достарыңды түзе»,-деген екен. Егер ана тілімізге шын жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымызға үйреткеніміз абзал.
1. Мәтін тақырыбын анықтаңыз
А) Ананы қадірлеу В) Достық туралы С) Ана тілі жайында
Д) Бала тәрбиесі Е) Адам мінезі туралы
2. Тағдырына сөзінің жасалуы
А) түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау В) жалғау, көптік жалғау, жұрнақ
С) түбір, септік жалғау Д) жіктік жалғау, жалғау Е) түбір, жұрнақ, жалғау
3. мәтіндегі көсегесін көгерту тіркесті не мағына береді?
А)жолы болу В) соққыға жығу С) от жағу Д) өркендеу Е) насихаттау
4. Зат есімнен жасалған туынды етістікті белгілеңіз
А) адамгершілік В) өркен жаю С) дами алады Д) кемелдену Е) үйреткен
Жауап кілті: 1-в. 2-а. 3-а. 4-д
Төле би
Төле би беріде, елге белгілі болған кезде, бір балаға дауласып, екі әйел алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің бірі:
- Мынау балаиды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «өз балам» деп бермейді, -дейді. Екінші әйелтұрып:
- Балам өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр, - дейді. Төле би екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып калады. Содан кейін:
- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді,- дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып: «Екеуіңе қара қылдай қақ бөліп беремін, осыған ризасыздар ма?» - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да, өзімізде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! –деп безек қағады. Содан барып Төле би:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер,- деп билік айтады.
1. Мәтіннің негізгі ойы қандай?
А) менмендік туралы В) өзімшілдік туралы С) өшпенділік туралы
Д) балалы үй базар Е) бала адамның бауыр еті
2. «Безек қағады» тіркесі қай мағынада қолданылған?
А) қобалжу В) абыржу С) жалыну Д) таңғалу Е) сескену
3. әйелдікі сөзіндегі қосымша түрі
А) зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ В) буын үндестігіне бағынбайтын қосымша
С) сын есімнен етістік тудырушы жұрнақ Д) сөз түрлендіруші жұрнақ
Е) етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ
4. Мәтін немен аяқталды?
А) Жоғалтқан әйел өз баласын алды В) тапқан әйел алды баланы
С) Төле би алды баланы Д) бала ешкімге бұйырмады Е) баланы әкесі алды
Жауап кілті: 1-Е. 2-В. 3-В. 4-В.5-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет