Құмырсқа Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.
Құмырсқаларды зерттейтін ғылым - мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадриллион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.
1. Мәтін қай стильде жазылған
А) ресми стиль В) ауыз екі стиль С) ғылыми стиль Д) көркем әдеби стиль Е) публицистикалық стиль
2. Мәтіннің тақырыбы қандай?
А) жәндіктер туралы В) құмырсқалар илеуі туралы С) құмырсқалар туралы
Е) мирмекологтартуралы Д) құмырсқалар еңбегі
3. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.
А) көп, быжынап кетті В) көп, ығы- жығы С) қаптап кетті, қайнады
Д) қажырлы, еңбекқор Е) қайнаған, қалың
4. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
А) биология В) мирмекология С) ботаника
Д) зоология Е) нумерология
Жауап кілті: 1-а. 2-д. 3-с. 4-а
Сақ патшасы Ұлы сақ ордасының қазынасы құлқынын тескен Кир патша Сырдарияның ұлы арнасына кеп тоқтап,қайтыс болған күйеуінің орнына патша болған Тұмар ханымға елші жібереді:
- Сақтардың ұлы ордасының жесір ханымы маған әйел болсын! Екеуміз екі елдің басын қосып, бірігіп билейік. Бұл дегеніңіз – Тұмар ханымның басына құмай (бақыт) құсының қонғаны!-деп сәлем айтады.
Кирдің ойлағаны елінің елдігі емес, байлығы екенін түсінген Тұмар құда түсе келгендерге:
- Келген жолдарыңызбен кері қайтыңыздар. Желегім желбіреп отырған қыз емеспін. Әңгіме менің жеке өз басым туралы болса, онда мәселе бір басқа. Мен елімнің падишасымын. Мен иілсем - елімнің иілгені. Мидиялықтардың патшасы Кир ниетінен қайтып, отанына оралсын. Қаншама құдіретті болса да, Күн тәңірімнің күні ертең кімді қолдап, кімге зауал әкелерін қайдан білейік. Кир көзін маған емес, менің еліме салып отыр. Ал еліме бұғау салдыртпаймын, ата-баба аруағы жатқан жерді жаттың табанына таптатқызып қоймаймын. Соны есінде сақтасын,-деп қайыра сәлем айтып жібереді.
1.Мәтінге сай емес тақырыпты таңдаңыз
А) Ұлы сақ ордасы В) Тұмар патшайымның қайсарлығы
С) Кирдің арманы Д) Елдестірмек елшіден Е) Елі үшін туғандар
2. Тұмар патшайым тарихта қандай атпен белгілі?
А) Қыз Жібек В) Зарина патшайым С) Қыз Қорлан
Д) Томирис патшайым Е) Амазон патшайымы
3. Кир қай елдің патшасы
А) Иран В) Рим С) Сақ елінің Д) Мидия Е) Македония
4. Асты сызылған сөзге қандай жалғау жалғанған?
А) септік жалғау В) көптік жалғау С) ілік септігі Д) жіктік жалғау Е) тәуелдік жалғау
Жауап кілті: 1-в. 2-в. 3-с. 4-а