«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т2) пәні бойынша бастапқы бақылау кескіні.
9-сынып
1. «Өзекті» сөзінің аудармасын белгілеңіз.
а) актуальный в) отличный
с) грамотный д) отличный е) интеллигентный
2. Реттік сан есімдер тобын көрсетіңіз.
а) жүздей, мыңдай в) төрт бүтін оннан екі
с) екеу, жетеу д) он төрт, тоғызыншы е) бірінші, екінші
3. Мақалдың толықтырып жазыңыз. Ғылым — ..., білім — қайық.
а) көл в) теңіз
с) жер д) мектеп е) кітап
4. Көп нүктенің орнына болжалды сан есімдерді қойып, сөйлемді толықтыр.
Білім мен ғылымдағы инновация осыдан ... жыл бұрын күрт дамыды.
а) он в) он бес
с) жиырма д) жиырма бес е) он бес-жиырма
5. Түйіндемеде болатын мәліметті көрсетіңіз.
а) медициналық картасы в) байланыс телефоны
с) көшірме д) өтініш е) туу туралы куәлік
6. Абай медреседе оқығанда қандай тілдерді меңгерді?
а) орыс, қазақ, шағатай в) араб, парсы, шағатай
с) парсы, араб, орыс д) шағатай, орыс, парсы е) араб, парсы
7. Сауда туралы мақал-мәтелді табыңыз.
а) Саудада достық жоқ.
в) Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
с) Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.
д) Шебердің қолы көпке ортақ.
е) Ел намысы—ер намысы.
8. Еліктеу сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.
а) Касса дүкеннің оң жағында орналасқан.
в) Еңбекпен тапқан нан тәтті.
с) Сатып алған заттарымның түбіртегін сақтап қоямын.
д) Жәрмеке ресми түрде 1893 жылы 29 наурызда ашылды.
е) Қарқараның қатты ағынды өзені жарып ағып, сылдыр қағады.
9. Сөйлемді толықтырыңыз . ХХ ғасырда жерден өте көп өндірілді.
а) топырақтар в) көкөністер
с) ағаштар д) пайдалы қазбалар е) балама энергиялар
10. Қазақстан халқы ассамблеясы қашан құрылды?
а) 1991 ж. 1 мамыр в) 1995 ж. 1 наурыз
с) 1995 ж. 30 тамыз д) 1992 ж. 4 маусым е) 2017 ж. 10 маусым
11. «Зейнетақы» сөзінің аудармасын белгілеңіз.
а) предприниматель в) возобновление
с) проживание д) пенсия е) заработная плата
12. Мұнай қоры еліміздің қай аймағында орналасқан?
а) Шығыс Қазақстан в) Орталық Қазақстан
с) Батыс Қазақстан д) Оңтүстік Қазақстан е) Солтүстік Қазақстан
13. Шартты райлы етістігі бар сөйлемді белгілеңіз.
а) Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін көрген халықтың бастан кешкен қиыншылықтары суреттеледі.
в) Фильмге кішкентай кәріс баласы Сон Лаврентийдің естеліктері арқау болған.
с) Мыңдаған жанды ажалдан аман алып қалады.
д) Фильмнің бас кейіпкері Орынбай өмірде болған адам.
е) Фильмді көрсем, мазмұнын айтып берер едім.
14. «Алашорда» үкіметінің басшысы кім екенін табыңыз.
а) Әлихан Бөкейхан в) Халел Досмұхамедов
с) Міржақып Дулатов д) Мағжан Жұмабаев е) Әлімхан Ермеков
15. Лиро-эпостық жырдың тақырыбын көрсетіңіз.
а) ерлік, елжандылық в) махаббат, салт-дәстүр
с) дәстүр, ерлік д) қиял-ғажайып, кәсіп е) тұрмыс-тіршілік, ерлік
16. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күмбезі қай ғасырда тұрғызылған?
а) ІХ-ХІ ғасыр в) ХІ-ХІІ ғасыр
с) Х-ХІІ ғасыр д) Х-ХҮ ғасыр е) Х-ХІ ғасыр
17. М. Әуезовтің қасқыр туралы жазған шығармасы қалай аталады?.
а) «Қыр әңгімелері» в) «Көксерек»
с) «Түнгі сарын» д) «Қилы заман» е) «Еңлік-Кебек»
18. Қай сөзде «-ды» демеулік шылау болып тұр?
а) Қараған(ды) жері в) Ол көргенін айтқан(ды)
с) Бала қаз(ды) қуды. д) Әуелі қатты қысыл(ды) е) Бар(ды) бағалай біл.
19. «Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстанның қай облысында орналасқан?
а) Шығыс Қазақстан облысы в) Түркістан облысы
с) Атырау облысы д) Қызылорда облысы е) Қарағанды облысы
20. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
а) Бәдік айтысы — айтыстың көне түрі.
в) Адам табиғаттың сырын білгісі келеді.
с) Жар-жар айтысы ұзату тойында айтылады.
д) Қыз бен жігіт айтысы тойда айтылады.
е) Мен болашақта ел экономикасын дамытуға үлес қосамын, не болмаса ғылыммен айналасамын.
Достарыңызбен бөлісу: |