Тапсырма
Суретте көрсетілгендей оқушы динамометрдің көмегімен қол бұлшықеттерінің күшке төзімділігін зерттейді. Оның қанша уақыт қысып және босата алатындығын білу үшін уақытпен өлшейді. Оқушының бұлшықеттерінде қажуды тудыратын белгілі бір зат түзіледі. Бұлшықеттердің күшке төзімділігін тежейтін затты анықтаңыз.
Глюкоза
Төменде атлеттің жаттығу жасап жатқан кезі көрсетілген.
Атлет осы жаттығуды орындау кезінде қол бұлшықеттерінің қалай жұмыс жасайтынын сипаттаңыз.
Оқушылар бұлшық еттің жиырылу жиілігіне бұлшықет жұмысының тәуелділігін зерттеді. Зерттеу барысында оқушылар салмағы 2 кг жүкті 0,5 метр биіктікке көтерді. Жүкті көтеру арасындағы (тынығу) үзілістер 4 сек, 2 сек және үздіксіз болды. Деректер кестеде берілген.
F= 1 кг = 9,8 H болған жағдайдағы күш – килограмды есептеңіз.
A=F*S*n формуласы бойынша S=0.5 метр болғандағы әр жиіліктегі жұмысты есептеңіз.
Жиілік
F–килограмм-күш,Н
n–жүктікөтерусаны
A–жұмыс,Дж
Баяу
22
Орташа
15
Жылдам
12
Бұлшықеттің жүкті көтеру саны жиілік баяу болғанда екі еседей жоғары болу себебін түсіндіріңіз.
Бұлшықеттің динамикалық жұмысқа төзімділігі ішкі мүшелердің жұмысына, жұмыс сипатына және қарқынына байланысты. Графикте қол бұлшықетінің жас өскен сайын төзімділік өзгерісі берілген.
Графиктегі көрсеткіштердің өзгерісін түсіндіріп, қорытынды жасаңыз.