Қор кайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.
Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіне
қанша өнім піығарылады дегсн сүрақка жауап береді. Мысалы, егер
өндірілген өнімнің көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өңдірістік қор
лардың уақыт мерзіміндегі орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда
қор қайтарымы мынандай болады:
Қандайда болмасын кәсіпорын үшін өз капиталдарының қорланып отыруы өте маңызды.Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша (С:V) құрылымы өзгереді, яғни өндіріс құрал жабдығын (С) алуға жұмсалатын капитал тезірек өседі. Ал, жұмыс күшін (V) сатып алуға жұмсалатын капитал үлесі азаяды, себебі, кәсіпкер бәсекелестік жағдайда кәсіпорынды техникалық жарақтандыруға барынша ұмтылады. Капиталдың техникалық құрылымы өзгеруінің нәтижесі-бұл С мен V арасындағы өзгеру, яғни өндіріс құрал жабдығы санының жұмыскерлер санына қатынасы.
Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады:
Капиталдың шоғырлануы;
Капиталдың орталықтануы.
Капиталдың шоғырлануы - бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы - дегеніміз бірнеше жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады.
Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция)–бұл жаңа құрлысқа, жабдықтауға. жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға , тұрғын-үй, мәдени тұрмысқ құрлысқа кеткен шығындар.